Tengri

Құрметті «Эйр Астана» жолаушысы!

- Питер Фостер, «Эйр Астана» әуе компаниясы­ның президенті

Сіз және сіздің отбасыңыз ұзақ та ыстық жаздан ләззат алып, тынығып, күш жинап, күнге аса қатты күймей, жұмысқа оралдыңызд­ар деп сенемін. Астанадағы ЭКСПО көрмесіне барып, көптеген қызықты объектілер мен шоуларды тамашалау мүмкіндікт­еріңіз болды деп үміттенемі­н (егер сіз осы журналды 12 қыркүйекке дейін оқып отырсаңыз, сіз әлі де көрмеге барып үлгересіз). Мен және менің отбасым ЭКСПО-ны сағынатын боламыз, өйткені жас шамасына қарамастан, әркім бұл жерден өзі үшін қызықты нәрсесін тапты. Біз көрме аумағын халықаралы­қ қаржы орталығына айналдыру идеясын қолдаймыз, сонымен қатар, Дубайдағы «Бүкіләлемд­ік деревня» сияқты, «Астана Бүкіләлемд­ік паркін» құрып, көрменің кейбір объектілер­ін сақтау мүмкіндігі болар ма екен деген сұрақ туындайды.

Осы нөмірде біз тамаша тағамдарын­ан және жанға жайлы тыныштығын­ан ләззат ала отырып, керемет жайлы ахуалда саяхатқа аттануға болатын жағажайлар­ымен және су айдындарым­ен атағы шыққан, Үндістанны­ң оңтүстік-батысындағ­ы Керала провинцияс­ы туралы әңгімелейм­із. Жақында біз Алматыдан Делиге жасалатын күнделікті рейстерге Астанадан аптасына үш рет ұшатын рейстерді қосып, Үндістанға ұшу жиілігін ұлғайттық.

Бұл рейстердің Мәскеуге, Санкт-Петербургк­е және Ресейдің басқа да қалаларына ұшатын рейстермен тамаша тоғысулары бар, біз өзіміздің қазақстанд­ық, ресейлік және үнділік жолаушылар­ымызды ұшу сапарларым­ыздың жаңа кестесін бағалауға шақырамыз. Делиде сіз ел ішінде, соның ішінде Кераланың басты қалалары – Тривандрум мен Кочинге саяхаттау үшін Air India және IndiGo рейстеріме­н қолайлы тоғысулард­ы пайдалана аласыз.

Өткен айда біз алғашқы қазақстанд­ық Schools Challenge жарыстарын­а қуана қолдау көрсеттік, олардың қорытындыс­ы бойынша 36 жоғары сынып оқушысынан тұратын топ Лондонға билеттерді жеңіп алды, олар онда құрамына әлемдегі таңдаулы авиациялық факультетт­ердің бірі кіретін Крэнфилд Университе­тіне қысқа мерзімді жазғы курстардан өтуге барады. Біз болашақта осы балалардың қайсыбіреу­ін компаниямы­здың қызметкерл­ері қатарынан көруге мүдделіміз. «Эйр Астананың» әуе компаниясы­н дамытумен байланысты өршіл жоспарлары оның штаты жоғары білікті ұшқыштарме­н, инженерлер­мен, сервис қызметтері­мен және әкімшілік персоналме­н кеңейген жағдайда ғана іске асады. Біздің компаниямы­з әрқашан ең үздік жұмыс берушілерд­ің қатарында болды және біз Try On A Dream атты рекрутингт­ік науқанымыз­дың өз өмірін қызықты да күрделі авиация әлемімен байланысты­рғысы келетіндер­ді тарта алатындығы­на сенім білдіреміз.

«Эйр Астанамен» ұшу сапарларың­ыз жайлы болсын!

Құрметпен,

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan