Нео­клас­си­ка ту­ра­лы

Tengri - - Kazakhstan -

Қан­дай му­зы­ка­ны жі­гер­лі деп есеп­те­у­ге бо­ла­ды? Ша­ма­сы, ол адам жа­ны­ның да­муы­на кө­мек­те­сетін, іш­кі дү­ни­е­міз­ге азық бе­ретін му­зы­ка бол­са ке­рек. Менің­ше, ол эфир­ден естілетін нәзік ақ­па­рат, ға­лам­ның се­зіл­мей­тін тасқы­ны, ма­те­ри­ал­дық емес, қан­дай жағ­дай­да да өз мәні мен маңы­зын сақтай­тын қу­а­ны­шты жет­кі­зетін, қай­та­рым­сыз, та­за энер­ги­я­ның қу­а­ты.

Осы мағы­на­да жүрек­пен жа­зы­лған­ның, шын пей­іл­мен адам­дар­ды қу­ан­та­тын және Тәңірінің біз­ге жол­даған құ­пия іш­кі ни­еті мен ой­ла­рын ды­быстан­ды­ра­тын­дар­дың бар­лы­ғы жі­гер­лі му­зы­ка бо­лып та­бы­ла­ды. Осы құ­бы­лыс му­зы­ка­да да, сон­дай-ақ адам ісәре­кетінің бар­лық са­ла­ла­рын­да да кез­де­седі.

Нео­клас­си­ка менің жүре­гім арқы­лы өт­кен ру­ха­ни ақ­па­рат­ты адам­дарға жет­кі­зудің ең қо­лай­лы тілі бо­лып шы­қты. Мы­на­ны қа­дап ай­тқым ке­леді, мен оны әу­ен түрін­де қа­был­да­дым және дай­ын­да­дым, ал әр­мен қа­рай про­цес­ке көр­кем­де­ушілер мен орын­да­у­шы­лар қа­ты­сты, олар да өз ке­зе­гін­де нәзік энер­ги­я­ны жет­кі­зу­шілер бо­лып та­бы­ла­ды. Нео­клас­си­ка­лық жанр­да му­зы­ка жа­зу­дағы менің бар­лық іс-әре­кет­терім жал­пы ин­ту­и­ци­я­лық се­зім­нен шы­қты. Ол есеп­тел­ген өмір­лік бағ­дар­ла­ма неме­се мақ­сат болған жоқ. Мен іш­кі да­уы­стың, түй­сік­тің әміріне жү­гі­не­мін және бұл рет­те осы ұғым­дар­ды сыр­тқы жағ­дай­лар­мен діл арқы­лы бай­ла­ны­сты­ра­мын.

Newspapers in Russian

Newspapers from Kazakhstan

© PressReader. All rights reserved.