Лон­дон­дағы кон­церт­тер

Tengri - - Kazakhstan -

Қазір мен нео­клас­си­ка жан­рын­да 70-ке жуық шы­ғар­ма жа­з­дым. Жаз­да со­лар­ды шы­ға­ру мен та­ра­туға кірістім. Жал­пы, қазір­гі за­манғы әлем­де мұн­дай му­зы­ка­ны кеңі­нен та­ны­мал ету мүм­кін емес си­яқты, егер, әрине, ол Тәңірінің ойы бол­ма­са. Бірақ біз не істе­у­ге тиіс бол­сақ, ақ ни­еті­мізді сақтай оты­рып, әрқа­шан со­ны істе­у­ге тиіс­піз. Жағ­дай бы­лай бол­ды, мен ұй­ым­да­сты­ру және шы­ғар­ма­шы­лық мүм­кін­дік­терім­нің сал­мақты дең­гей­іне шы­қтым, сон­ды­қтан оны жай қал­ды­ра са­лу ке­шіріл­мей­тін қа­телік бо­лар еді. Кон­церт де­гені­міз — қай­сы­бір із­деніс, сы­нақта­ма және бас­пал­дақ, мүм­кін­дік­тер­дің ауқым­да­рын кеңей­тетін және шы­ғар­ма­шы­лық үшін жаңа ын­та бе­ретін оқиға. Оны­мен бір­ге ри­за болған

көре­рмен­дер­дің жан­ды эмо­ци­я­ла­ры түрін­де өз­гер­тіл­ген «кері бай­ла­ныс» ке­леді. Бір ай­та ке­тетін жәйт, сон­ша­ма жыл эмо­ци­я­лық қол­да­у­сыз қозға­лу өте-мө­те қиы­нға түсті. Ал бұл, со­ны­мен қа­тар, ком­мер­ци­я­лық іс-ша­ра ғой. Кон­церт­тер­ге жұм­салған шы­ғын­дар өте­летін, би­лет­тер мәж­бүр­леп та­ра­тыл­ма­стан, са­ты­ла­тын бо­луы ке­рек. Ау­ди­то­ри­я­ны тар­ту, кәсі­би бай­ла­ны­стар­ды кеңей­ту, жаңа тә­жіри­бе алу мақ­са­ты­мен нео­клас­си­ка жан­рын­да Лон­дон­да және әлем­нің басқа да қа­ла­ла­рын­да кон­церт­тер өт­кізу­ге дай­ын­дық жүр­гізіп жа­тыр­мын. Стра­те­ги­я­лық мін­деті­міз — осы ара­лық кон­церт­тер­ге қа­ты­сқан­дар­дың бәрі де өнер көр­се­тетін үл­кен шоу жа­сау. Бел­гі­лен­ген кон­церт­тер топ­та­ма­сы­ның жұ­мыстық ата­уы — EASTWEST NEOCLASSICS. Лон­дон­ның Ко­роль­дік фи­лар­мо­ния ор­кест­рі­мен, Бер­лин­нің сим­фо­ни­я­лық ор­кест­рі­мен және фран­цуз­дық MEZZO те­ле­ар­на­сы­мен келіс­сөз­дер жүр­гізіліп қой­ды. Кон­церт­тер­дің біз­ге мы­қты мә­де­ни бай­ла­ны­стар, му­зы­ка­мы­зды іл­геріле­ту үшін ба­за құ­ру және, ең ба­сты­сы, адам­дарға жағым­ды мә­де­ни ақ­па­рат бе­ру түрін­де ма­те­ри­ал­дық емес құн­ды ак­тив­тер әке­летініне се­не­мін. Оның үстіне, біз со­лар­дың бар­лы­ғын өзі­міздің соңы­мы­здан ілес­кен­дер үшін са­па­лы бей­не­ма­те­ри­ал­дар түрін­де сақтай­мыз. «Біз» де­ген­де мен жа­сам­паз­ды­қтың адам жа­нын оя­та­ты­нын, қол­дай­ты­нын және кө­те­ретінін түсі­нетін бар­лық пікір­ле­стер­ді мең­зеп отыр­мын. Әрине, осы ни­ет­тер­дің бәрі бел­гілі бір қар­жы­лай жәр­дем­мен іс­ке аса­ды. Менің до­ста­рым —

Са­у­ат Мы­ң­ба­ев, Нұр­жан Сұб­хан­бер­дин, Асқар Ал­шын­ба­ев, Нұр­жан Бек­ше­нов, Серік Төл­ба­сов, Ға­лым­жан Есе­нов және басқа­ла­ры бар­лық осы жыл­дар­да шы­ғар­ма­шы­лық жос­пар­ла­рым­ды іс­ке асы­ру­да маған қол­дау көр­сетіп ке­леді, сол үшін мен до­ста­ры­ма шексіз ри­за­мын.

Newspapers in Russian

Newspapers from Kazakhstan

© PressReader. All rights reserved.