Ан­тон Бол­ку­нов:

Ере­сек шақта да ой­на­уға бо­ла­ды

Tengri - - Kazakhstan -

мәтіні Оль­га Ма­лы­ше­ва фото Ди­а­на Ба­ла­ян, Фрол Под­лес­ный, Да­нил По­та­пов-по­ли­чин­ский

Ал­ма­ты­дағы «ARTИШОК» тәу­ел­сіз те­ат­ры­ның бас су­рет­шісі Ан­тон Бол­ку­нов: егер су­рет­ші бол­ма­сам, он­да жа­зу­шы неме­се му­зы­кант бо­лар едім, - дей­ді. Айт­пақ­шы, оған өзінің те­ат­рын­да ак­тер ретін­де сахнаға шы­ғуға да, ре­жис­су­ра­да бағын сы­нап көру­ге де ту­ра кел­ді.

Жаңа театр мау­сы­мын­да ол «ARTИШОК»ТЫҢ бүкіл ко­ман­да­сы­мен бір­ге маңы­зды оқиғаға дай­ын­да­лу­да: кіп-кіш­кен­тай ка­ме­ра­лы жер­төле­де он ал­ты жыл жұ­мыс істе­ген­нен кей­ін те­атр­да өзінің же­ке Үл­кен сахна­сы пай­да бо­ла­ды.

– Театр су­рет­шісі — Қа­за­қстан­дағы өте си­рек ма­ман­дық. Сен оған қа­лай кел­дің?

– Мен мек­теп­те на­шар оқы­дым, соңғы пар­таға жа­сы­ры­нып оты­рып, ұдайы су­рет са­ла­тын едім. Анам мені осы азаптан құтқа­ру үшін тоғы­зын­шы сы­нып­ты бітір­ген­нен кей­ін көр­ке­мө­нер учи­ли­ще­сіне тү­суді ұсын­ды.

Мен учи­ли­ще­ге ба­рып, фа­куль­тет­ті таң­дай ба­ста­дым: қай­да не істей­тінін бі­лу үшін бар­лық бөлім­ше­лер­ді қа­рап шы­ққан­нан кей­ін театр бөлі­мінің бәрін қам­ти­ты­нын түсін­дім. Яғ­ни, сені кес­кін­де­ме өнеріне де, қол­мен бір­деңе жа­са­уға да үй­ре­тетін жан­жақты жұ­мыс екен. Оған қо­са, ма­кет­тер­ді де көр­дім. Мен ба­ла кезім­нен те­ат­рға ба­рып жүр­дім, маған спек­такль­дер­ге жа­са­ла­тын, фой­е­ге қой­ы­лған ма­кет­тер қат­ты ұнай­тын еді. Сон­ды­қтан учи­ли­ще­де­гі те­атр­лық ма­кет­ті көр­ген бой­да бір­ден: бол­ды, осы­ған тү­суім ке­рек деп түсін­дім. Ал учи­ли­щені бітір­ген­нен кей­ін оның бар­лық түлек­тері ака­де­ми­яға тү­су­ге бар­ды, өйт­кені учи­ли­ще қан­ша мы­қты бол­са да, оның жоға­ры оқу ор­ны де­ген мәр­те­бесі жоқ. Жоға­ры білім алу үшін мен де сол ма­ман­ды­ққа тү­су­ге бағым­ды сы­нап көр­дім. Учи­ли­ще­де де спек­такль­мен ди­плом қорғай­ты­ны­ңа қа­ра­ма­стан, оны бітір­ген­нен кей­ін сені те­ат­рға бәрі бір тек бу­та­фор ретін­де ға­на жұ­мысқа алуы мүм­кін.

– Сенің кур­с­та­ста­ры­ң­ның көп­шілі­гі нәти­же­сін­де те­атр­да жұ­мыс істе­у­ге қал­ма­ды, сен қа­лай қал­дың?

– Мен де те­атр­да жұ­мыс істей­мін деп ой­ла­маған едім, өйт­кені біз­де те­атр­лар аз және осы жүйе, на­рық да­мы­м­аған. Сен түр­лі те­атр­лар шақы­рып, ел­ді ара­лап, спек­такль­дер қо­я­тын театр су­рет­шісі бо­ла ал­май­сың. Біз­де мін­дет­ті түр­де қан­дай да бір те­ат­рға «бекітілуің» ке­рек, ал он­дай жұ­мыс орын­да­ры ер­кін қол­жетім­ділік­те бол­ма­ды. Ака­де­ми­я­ны бітір­ген­нен кей­ін мен гра­фи­ка­мен өте көп ай­на­лы­стым, әрі қа­рай да гра­фи­ка­мен ай­на­лы­са бе­руді жос­пар­лап, ил­лю­стра­ци­я­лар жа­са­дым. Со­дан кей­ін біз «ARTИШОК»-ТА «ин­ду­стри­ал­ды мүсін көр­месін» жа­са­дық та, мені осын­да тұрақты жұ­мыс істе­у­ге шақыр­ды.

– Сен қан­ша спек­такль жа­са­дың?

– Жал­пы алған­да түр­лі те­атр­лар­да —

25-ке жуық спек­такль. Оның ба­сым бөлі­гі «ARTИШОК»-ТА, Но­восібір­де­гі «Ста­рый дом» те­ат­рын­да мен екі жыл бас су­рет­ші бо­лып жұ­мыс істеп, он­да жы­лы­на үш-төрт спек­такль қой­дым. Но­восібір­лік «Крас­ный фа­кел­де» ре­жис­сер Сер­гей Че­хов­пен бір спек­такль, со­дан соң «Ас­фальт-театр» шы­ғар­ма­шы­лық бір­ле­сті­гінің жа­ла­уы астын­да тәу­ел­сіз жо­ба жа­са­дық. Тағы да — Ом­бы­дағы «Топ-те­атр­да» екі спек­такль. Біздің Ал­ма­ты қуыр­шақ те­ат­рын­да ре­жис­сер На­та­лья Дуб­спен бір­ге

«Кіш­кен­тай хан­за­да» спек­таклін жа­сап едік, өкініш­ке қа­рай, ол жүр­меді. Өкіні­шті-ақ, өйт­кені қуыр­шақтар та­ма­ша бо­ла­тын, біз іс­ке асы­рған На­та­ша­ның ойы да өте ке­ре­мет еді.

– 2016/2017 мау­сы­мын­да сен­де ре­жис­сер­лік жұ­мыс та – «Кем­тар­лық та­рихы» спек­таклі бол­ды. Өзің қо­ю­ды жалға­сты­ру жос­па­ры­ң­да бар ма?

– Жақын­да ға­на санкт-пе­тер­бург­тік АХЕ ин­же­нер­лік те­ат­ры­мен тең ав­тор­лы­қта біз Astana Art Fest үшін Бай­қоңыр ту­ра­лы спек­такль жа­са­дық, біз он­да Мак­сим Иса­ев­пен және Па­вел Сем­чен­ко­мен үше­уміз ре­жис­сер­лік жұ­мысты орын­дай­мыз.

Бірақ, жал­пы алған­да, ол — ак­тер­лар да көп ұсы­ныс жа­сай­тын жо­ба, сон­ды­қтан ре­жис­сер­дің фи­гу­ра­сын бөліп көр­се­ту қиын. Ке­лесі мау­сым­да мен «Ер Төстік­ті» қой­ғым ке­леді. Қазір менің спек­такль-ну­ар, ақ-қа­ра түсті спек­такль жа­сау ой­ым­да бар. Яғ­ни мен, бір жағы­нан, қа­зақ та­рихын, ал екін­ші жағы­нан, қа­ра ве­стерн жа­сағым ке­леді. «Ер Төстік» та­за ер­те­гі емес қой. Кез кел­ген ер­те­гі де сон­дай. Біз «Қар қы­зын» «Ста­рый дом» те­ат­рын­да қо­юға дай­ын­да­лып жатқа­ны­мы­зда мен фольк­лор­шы Со­фья Агра­но­ви­чтің дәрісін ты­ң­да­дым, ол сла­вян­дар­дың ежел­гі тұр­мыста­ры қа­лай болға­ны, ер­те­гілер­дің қа­лай шы­ққа­ны, әр ер­те­гінің мағы­на­сы ту­ра­лы айт­ты.

Сол за­ман­дар­да әр ер­те­гінің өз ло­ги­ка­сы болған, қазір оны әр­дай­ым түсіне және тал­дай бер­мей­ді, өйт­кені адам­зат эво­лю­ция жо­лы­мен іл­гері да­мы­ды. Қазір мен қай­сы­бір ре­жис­сер­лік амал­дар­ды із­де­уде­мін, қа­зақ «Одис­се­я­сы» — «Ер Төстік­тің» фор­му­ла­сын ашуға әре­кет­теніп жа­тыр­мын.

– Сен «Қар қы­зы» ту­ра­лы ай­та ба­ста­дың. Сенің­ше, «Ста­рый дом» те­ат­ры­ның спек­таклі ре­сей­лік сын­шы­лар­ды несі­мен там­сан­ды­рып, «Ал­тын мас­ка» сый­лы­ғын ал­ды?

– «Қар қы­зы» спек­таклі «Экс­пе­ри­мент» но­ми­на­ци­я­сы­на түсті, бірақ, менің­ше, ол экс­пе­ри­мент­тік емес си­яқты. Бәл­кім, театр біл­гір­лері клас­си­ка­лық театр басқа деп есеп­тей­тін шы­ғар, бірақ, менің­ше, ол дәстүр­лі емес өнер­дің қай­сы­бір ауа­сын қал­ды­рға­ны­на қа­ра­ма­стан, клас­си­ка­лық спек­такль бо­лып та­бы­ла­ды, әрі оның негізін­де өте нақты та­ри­хи оқиға жа­тыр. Бұл кәу­сар бұлақтың көзін­де­гі клас­си­ка­лық өнер­дің дәл өзі ғой. Ай­қын, түсінік­ті спек­такль, одан еш­кім де кет­пей­ді, өйт­кені көре­рмен­ді жа­лы­қтыр­май­ды, экс­пе­ри­мент са­ла­сы­нан да емес. Менің ой­ым­ша, «Қар қы­зы­ның» сы­ры мы­на­да, күр­делі көр­кем сөз түсінік­тілік­пен және ай­қын­ды­қ­пен жа­ра­сым­ды үй­лесім та­пқан. Сай­ып кел­ген­де, Га­ли­на Пья­но­ва­ның спек­такль­дерін­де осын­дай ерекшелік бар.

– Сенің те­атр­дың бас су­рет­шісі ретін­де те­атр­дың жаңа Үл­кен сахна­сы­ның құры­лы­сы­на қа­ты­су мүм­кін­ді­гің бар. Сен же­ке өзің үшін он­да не ой­лап тап­тың?

– Біз зал­дың өзін, сахна­ны, жа­ры­қты қа­лай ілу ке­рек екенін дай­ын­да­дық. Шын мәнін­де біздің ой­ы­мыз өте қа­ра­пай­ым: қа­ра тік­бұрыш, яғ­ни black box, оған қа­лай қа­ла­саң, со­лай ор­на­ла­суға, қа­лаған жағы­ңа қа­рап, ой­най бе­ру­ге бо­ла­ды. Соған сәй­кес, көре­рмен­дер за­лы да оңтай­лы бо­ла­ды. Тағы бір ке­ре­меті, он­да ше­бер­ха­наға ар­налған кеңістік бар, аса үл­кен емес, бірақ ше­бер­ха­на­сыз жұ­мыс істеу қиы­нға түсіп, үй-жай жал­да­уға ту­ра ке­летін еді.

– Саған те­атр­да қо­лы­ң­мен жиірек жұ­мыс істе­у­ге ту­ра ке­ле ме, әл­де ба­сы­ң­мен бе?

– Спек­такль­мен жұ­мыс істе­уде­гі бүкіл уақы­тым­ның жүз пай­ы­зы­ның он пай­ы­зын­да мен ой­мен, ал қалған уақыт­тың бәрін­де қол­мен жұ­мыс істей­мін. Біздің те­ат­ры­мы­зда цех жоқ. Иә, театр су­рет­шісі — си­рек ма­ман­дық, өкініш­ке қа­рай, біздің елі­міз­де сце­но­граф­тар, бу­та­фор­лар көп емес. «ARTИШОК»-ТА біз бір су­рет­ші­ге бір­ша­ма үл­кен сал­мақ са­ла­тын спек­такль­дер жа­сай­мыз, алай­да үл­кен те­атр­лар­дың ауқы­мын­да — олар тым кіш­кен­тай. Осы жы­лы қай­сы­бір үл­кен де­ко­ра­ци­я­ларға, план­шет­тер­ге көп ең­бек жұм­са­дық, мә­се­лен, «Шоқ­жұл­ды­здар» спек­таклі үшін, оны біз ше­бер­ха­на­да жа­са­дық. Жұ­мыс әр түр­лі бо­ла­ды, бірақ те­ат­ры­мы­зға бу­та­фор шақы­ра­тын бол­сақ, ол бір ай оты­ра­ды да, со­дан кей­ін екі ап­та бойы ұй­ы­қта­ма­стан жұ­мыс істей­ді, ар­тын­ша тағы да бос оты­ра­ды. Сон­ды­қтан ол жұ­мысты өзі­міз атқа­ра­мыз.

– Сен өз жұ­мысы­ң­ды несі үшін жақ­сы көресің?

– Менің жұ­мысым маған 30 жа­сым­да кең­се крес­ло­сын­да оты­рып алып, қағаз­дар­ды ақтар­мауы­ма, сон­дай-ақ ба­ла­лық шағым­дағы­дай ой­ын­шы­қтар­мен ой­на­уы­ма мүм­кін­дік бе­реді. Бір­деңені ой­лап та­уып, қа­ра­сам, қы­зы­қты көрі­неді. Ал­дың, жа­са­дың, көр­сет­тің — ұна­ды. Міне, сол үшін — ере­сек жа­ста да ой­на­уға бо­ла­ты­ны үшін жұ­мысым­ды жақ­сы көре­мін.

Newspapers in Russian

Newspapers from Kazakhstan

© PressReader. All rights reserved.