Ко­кос жаңғақта­ры­ның жері

Tengri - - Destination -

Ке­ра­ла шта­ты 1956 жы­лы құры­лған. Мұн­дағы ре­сми тіл – ма­ла­я­лам тілі. Үн­дістан­дағы ең та­за, ты­ныш және әле­умет­тік да­мы­ған штат­тың аты «ко­кос жаңғақта­ры­ның жері» де­ген мағы­на­ны біл­діреді: «ке­ра» — «ко­кос паль­ма­сы», ал «алам» — «жер». Ма­ла­бар жаға­сы­ның тро­пи­ка­лық кли­ма­ты, жай­қа­лып тұрған қа­лың өсім­дік­тері, өңір­дің біре­гей мә­де­ни­еті мен дәстүр­лері шет ел­дер­ден орас­ан көп ту­ри­стер­ді тар­та­ды. National Geographic Traveller жур­на­лы Ке­ра­ла­ны әлем­де­гі жұ­мақ си­яқты он жер­дің бірі және мін­дет­ті түр­де кө­ру қа­жет 50 орын­ның бірі деп ата­ды.

Ер­те за­ман­да-ақ Сүлей­мен пат­ша­ның ке­ме­лері дәм­де­уі­ш­тер мен ағаш алуға осын­да қа­ты­наған, ал Мар­ко По­ло­ның ай­ғағы бой­ын­ша, Ка­ли­кут ай­лағын­да күн сай­ын 200ге жуық ке­ме зәкір­де тұрған. Ба­ты­сқа жү­зу са­па­ры­на ат­танған­да Хри­сто­фор Ко­лумб нақ осы Ке­ра­лаға жү­зуді жос­пар­лаған. Еу­ро­па Ке­ра­ла ту­ра­лы осын­да 1498 жы­лы келіп, Пор­ту­га­лия үшін Үн­дістан­ның осы бөлі­гін ашқан Вас­ко да Га­ма­ның арқа­сын­да біл­ді.

Бү­гін­де мұн­да әр түр­лі дін­дер мен ба­ста­ма­лар жа­ра­сым­ды үй­лесім та­ба­ды: ин­ду­и­стік храм­дар — ме­шіт­тер­мен, хри­сти­ан­дық шір­ке­улер — си­на­го­га­лар­мен, жа­байы эко­ту­ризмді ұна­та­тын­дарға ар­налған орын­дар аюрве­да­лық ем­де­у­ге ар­налған сән­сал­та­нат­ты ку­рорт­тар­мен қа­тар ор­на­ласқан. Ал ен­ді со­лар ту­ра­лы то­лы­ғы­рақ тоқта­лай­ық.

Newspapers in Russian

Newspapers from Kazakhstan

© PressReader. All rights reserved.