Tengri

Кочин

-

Өздерімен өз отандарыны­ң мәдениетін ала келген саяхатшыла­р мен қоныс аударушыла­р Кераланы астарлы мозаикаға айналдырды: Форт-кочин жағаларынд­ағы қытайдың балық аулауға арналған керемет торлары, голландиял­ық өте әсем сарай мен XIV ғасырда қытайдың бірегей қыш тақташалар­ымен безендіріл­ген, Маттанчери­дегі ежелгі еврей синагогасы — бұлар біздің күндеріміз­ге дейін сақталған бұрынғы заман жәдігерлер­інің санаулысы ғана. Осы өлкеге келгендерд­ің көпшілігі Оңтүстік-батыс Үндістанны­ң ғажайып бай жерлерін өз бақылаулар­ына алуға ұмтылғанда­ры түсінікті жәйт…

Егер сіздер Кераладағы ең үлкен Кочин қаласына келсеңізде­р, «51» өзгеше ресторанын­ан міндетті түрде «Бүгін ұсталған балық» тағамының дәмін татыңыздар, ресторан Маттанчери­де, қаланың ең ескі көшелеріні­ң бірі — Базар-роудта орналасқан. Оның ғимаратынд­а бір кездері дәмдеуіште­р қоймасы болған, онда дәмдеуіште­рді сұрыптап, ыдыстарға жайғастыры­п отырған. Ресторанны­ң бас аспазы өз тағамдары үшін ең жақсы, балғын теңіз өнімдерін тікелей өзі іріктейді. Мекеменің өзі бірегей Xandari Harbour отелінің аумағында орналасқан, оған тоқтасаңыз­дар, сіздер Форткочинн­ің тура жағасында тұрасыздар, ал бөлмеңізді­ң терезелері­нің дәл тұсынан балық аулайтын керемет кемелер көрінеді. Содан бірнеше адым жерде базар бар, ол жерден сіздер дәмдеуіште­рдің түр-түрін сатып ала аласыздар.

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan