Ке­ра­ла­ның су қой­на­у­ла­ры

Tengri - - Destination -

Ту­ри­стер­ді Ке­ра­лаға сөз­сіз тар­та­тын­дар — әде­мі өзен­дері, ка­нал­да­ры мен су қой­на­у­ла­ры. Штат аумағын­да мұ­хи­тқа құя­тын 40 шақты өзен бар. Олар ирек-ирек және жаға­ла­уды бой­лай көп ки­ло­метр­лер­ге со­зы­лып жатқан өзен­дер­мен, тар­мақтар­мен және ка­нал­дар­мен өза­ра қо­сы­ла­тын іш­кі көл­дер­дің, ла­гу­на­лар­дың, шы­ға­нақтар мен су қой­на­у­ла­ры­ның шы­тыр­ман жүй­есін құрай­ды. Осы көр­кем ла­би­ринт­тер­мен жү­зу мүм­кін­ді­гін қалт жі­беріп ал­маңы­здар.

Ка­нал­дар­дың жаға­ла­рын­да адам­дар тұра­ды, олар осы өңір­де дәстүр­лі түр­де өсіріліп кел­ген дәм­де­уі­ш­тер­ді, шай мен же­містер­ді, басқа да өнім­дер­ді түк­пір­де­гі шалғай ме­кен­нен пор­тқа жіңіш­ке қай­ы­қтар­мен жет­кі­зу үшін ка­нал­дар­ды ға­сыр­лар бойы пай­да­ла­нып оты­рған.

Үн­ділік Ве­не­ци­яға са­я­хат­та­уға су­дағы нағыз отель түрін­де қай­та жа­салған дәстүр­лі қай­ық — ха­у­с­бот­пен барған жөн, он­да жай­лы де­ма­луға ке­ректінің бәрі де: кон­ди­ци­о­нер ор­на­ты­лған, дәрет­ха­на­сы мен ду­шы бар екі бөл­ме және сөз­сіз бас ас­па­зы бо­ла­тын қыз­мет­шілер ко­ман­да­сы бар. Осы ер­те­гі­дей ға­жай­ып жер­лер­дің сұлулы­ғы мен бүлін­бе­ген төл та­биға­ты­нан ба­рын­ша ләз­зат алу үшін ха­у­с­бот­ты екі күн­ге жал­даңы­здар.

Қай­ық бор­тын­да сіз­дер­ге әдет­те ба­нан жа­пы­рағы­на са­лып бе­ретін ке­ра­ла­лық дәстүр­лі та­мақтар — ба­лық, теңіз өнім­дері, ко­кос, тро­пи­ка­лық же­містер, көкөністер, ірі бұр­шақтар және, әрине, күріш ұсы­ны­ла­ды. Кар­ри, кин­за, жал­быз, кар­да­мон, қа­лам­пыр, дар­шын, чи­ли және зім­бір си­яқты шөп­тер мен дәм­де­уі­ш­тер­дің түр-түрі жер­гілік­ті жеңсік астар­дың хош иістеріне қай­та­лан­бай­тын дәм­дер қо­са­ды.

Newspapers in Russian

Newspapers from Kazakhstan

© PressReader. All rights reserved.