Юнц­зин уезі

Tengri - - Destination -

Бұл — үл­кен өзен­нің жаға­сын­дағы жай­лы, жа­сыл қа­ла­шық. Көне ғи­ба­датха­на­лар бұл жер­де жар­та­стар­дағы жалғыз храм­дар түрін­де ға­на си­рек кез­де­седі. Одан гөрі біздің ық­ша­маудан­да­ры­мы­здағы си­яқты бір үл­гі­де­гі биік егіз үй­лер анағұр­лым көп. Тау жи­ек­тері мен Ху­ан­хэ өзені Юнц­зин­ге әсем көрік беріп, шы­рай­ын кел­тіріп тұра­ды. Небәрі 200 мың ға­на тұрғын тұра­тын уездік қа­ла­дағы әп-әде­мі бес жұл­ды­зды отель, әрине, әсер­лен­діреді. Өйт­кені біздің өл­шем­дері­міз бой­ын­ша, ол — жұ­пы­ны аудан ор­та­лы­ғы ға­на. Сәті түсіп, cол кез­де өт­кен туризм бой­ын­ша «Ду­нь­ху­анға са­я­хат — Ұлы Жі­бек жо­лы» VII Ха­лы­қа­ра­лық фе­сти­валін көр­дім. Ол — ке­ру­ен жо­лын­дағы ер­те­де­гі жәр­мең­кенің бү­гін­гі за­манғы нұсқа­сы, сол арқы­лы Гань­су әлем­мен мә­де­ни кө­пір­лер мен диа­лог­тар­ды қай­та­дан ор­на­ту­да. Ше­тел­дік ту­ри­стер­ді әсер­лі қар­сы ала­ды: ме­ре­келік ба­ра­бан­дар­ды соғып, жын-шай­тан­дар­ды қу­а­тын әр­тістер де, қы­тай та­мақта­рын са­та­тын са­уда­гер­лер­дің қол­да­рын­дағы ұй­қы­лы қол­ты­ра­уын­дар да осын­да. Сол са­ту­шы­лар мен ас­паз­дар cooking show ұй­ым­да­сты­ра­ды — кәу­ап пісіріп жа­тып, ұй­ғыр му­зы­ка­сы­на арын­ды би­ге бас­са, күт­пе­ген жер­ден, ке­нет­тен... қазір­гі за­манғы орыс шля­гер­лерінің ырғағы­мен би­лей жө­не­леді.

Newspapers in Russian

Newspapers from Kazakhstan

© PressReader. All rights reserved.