Юнц­зин парк­тері

Tengri - - Destination -

Са­ябаққа кі­ре берісті аға­штар­дың орас­ан үл­кен түбір­лері түрін­де­гі та­биғи ин­стал­ля­ци­я­лар бе­зен­діріп тұра­ды, сақи­на­ла­ры­нан олар­дың ер­те­де­гі аға­штар екені се­зіледі. Неме­се бұры­нғы за­ман­дар­дағы су диір­мен­дерінің ағаш доңға­лақта­ры түрін­де­гі ес­керт­кі­ш­тер қу­ат­ты су электр стан­ци­я­ла­ры бол­маған кез­дер­ді ес­ке түсіреді.

Кеш­ке менің жаңа құр­бы­ла­рым — жер­гілік­ті қы­тай қы­зда­ры маған туған қа­ла­ла­рын ара­лат­ты. Біз­дер өзен­де­гі әсем кө­пір­лер­ге әле­міш сәу­ле­лер түсіріп, жар­та­старға ға­жай­ып ил­лю­ми­на­ци­я­лар са­ла­тын жарқ-жұрқ ет­кен жа­рық шо­уын та­ма­ша­ла­дық. Тоған­дағы адам­нан қо­ры­қ­пай­тын ал­тын ба­лы­қтарға жем бер­дік. Қы­здар менің на­за­рым­ды өзен үстін­де­гі үл­кен кө­пір­дің жақта­у­ла­ры­на са­лы­нған handmade су­рет­теріне аудар­ды — ең­бексүй­гіш қы­тай­лар кө­пір­дің әр­бір бөлі­гіне қай­та­лан­бай­тын ою-өр­нек­тер мен сю­жет­тер са­луға ерін­бе­ген. Со­дан ха­лық шы­ғар­ма­шы­лы­ғы­ның тұ­тас көр­месі пай­да болған!

Таңер­тең­гілік­те қы­тай­лар са­ябақтар мен алаң­дар­да ушу­мен және тайц­зи­мен ай­на­лыс­са, ал кеш сай­ын бе­сед­ка­лар­да оты­рып ән са­ла­ды және бәрі қо­сы­лып би би­лей­ді. Олар жал­пы нені де бол­са қо­сы­лып жа­саған­ды: мә­се­лен, бір­ге та­мақ іш­кен­ді, қо­сы­лып ән салған­ды, әң­гі­ме­ле­с­кен­ді, би­ле­ген­ді, сап түзіп жүр­ген­ді ұна­та­ды...

Newspapers in Russian

Newspapers from Kazakhstan

© PressReader. All rights reserved.