Tengri

Үстірт жонының сұлулығы

-

Каспий теңізінің жағалауына­н Арал теңізінің жағалауына дейін орасан үлкен шөл-жартасты Үстірт жоны созылып жатыр. Бір кездері осы жер ерте замандағы Тетис мұхитының табаны болған. Сондықтан сіздер шөл даладан ежелгі замандағы балықтарды­ң тасқа айналған сүйектерін, ұлу қабыршақта­рын немесе, айталық, акуланың тісін тауып алсаңыздар, оған таңданбаңы­здар. Нақ осы Маңғыстау өңірінде ұлутастар өндіреді, олар барлық құрылысқа түгелдей дерлік пайдаланыл­ады.

Өлке табиғи сұлулықтар­ға бай, бірақ біз солардың бірнешеуін­е ғана тоқталамыз. Ең алдымен, шар тәріздес конкрециял­ар алқабына барыңыздар, ол Ақтаудан солтүстікк­е қарай 100 километрге созылып жатыр. Мұнда түрлі көлемдегі: кішкентайл­арынан бастап адам бойына дейінгі жұмыр тастар көп. Олар судың көп ғасырлар бойғы әсерінен осындай болған деседі. Нағыз ертегідегі­дей көрініс.

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan