Біздің ка­деті­міз — ең үздік!

Tengri - - Air Astana -

Ab-initio ұшқы­штар­ды да­яр­лау бағ­дар­ла­ма­сы ая­сын­да та­мыз ай­ын­да Ис­па­ни­я­ның Хе­рес қа­ла­сын­дағы ұшқы­штар мек­тебін­де (FTE) оқуын бітір­ген Сем­бек За­ли­ев кур­стың ең үздік сту­ден­ті ретін­де Де­рек Смит сый­лы­ғы­мен ма­ра­пат­тал­ды. FTE ұшқы­штар мек­тебі жоға­ры стан­дарт­тар­ды іл­геріле­ту және лай­ы­қты ка­дет­тер­ді кө­тер­ме­леу мақ­са­тын­да бір­не­ше сый­лық тағай­ын­да­ды. Сем­бек топ­тағы 14 кур­сант­тың іші­нен үздік бо­лып шы­қты. Ол жат­ты­ғу ұшу­ла­ры­ның бәрін екін­ші қай­та­лау­сыз және қо­сым­ша тре­нинг­тер­сіз, бірін­ші тал­пы­ны­стан орын­да­ды және кур­сты мерзі­мін­де аяқта­ды. Бұ­дан басқа, ол бар­лық жа­з­ба­ша ем­ти­хандар­ды өте жоға­ры ор­та­ша баға — 93 пай­ы­зға тап­сыр­ды. За­ли­ев ұшақтың тағы бір түріне қай­та оқу­дан өт­кен­нен, сон­дай-ақ бар­лық тео­ри­я­лық пән­дер бой­ын­ша ем­ти­хандар­ды тап­сы­рған­нан кей­ін, 2018 жыл­дың ба­сын­да ұша ба­стай­ды. Сон­дай-ақ қыр­күй­ек ай­ын­да Ab-initio бағ­дар­ла­ма­сы­на жаңа ка­дет­тер­ді ірік­теу жүр­гізіл­ді. 19 үміт­кер­ден 6 адам ірік­те­уден ой­дағы­дай өт­ті және олар Ир­лан­ди­ядағы АFTA ұшқы­штар мек­тебіне ба­ра­ды. Сөй­тіп, Ир­лан­дия мен Ис­па­ни­яда оқи­тын қа­за­қстан­ды­қтар­дың жал­пы са­ны 28 адам­ды құрай­ды.

Newspapers in Russian

Newspapers from Kazakhstan

© PressReader. All rights reserved.