Өт­кен­ге са­я­хат

Tengri - - Destination -

ЮНЕСКО Бүкіләлем­дік мұ­ра ны­сан­да­ры­ның тізі­міне ен­гізіл­ген Шир­ван­шах­тар са­рай­ы­на ба­рып, Ба­кудің бұры­нғы әмір­шілерінің өмірі­мен та­ны­сы­ңы­здар. Орас­ан үл­кен ха­мам (мон­ша) ға­жай­ып ою-өр­нек­тер­мен бе­зен­діріл­ген сым­бат­ты тас ар­ка­лар­мен және ұстын­дар­мен жа­ра­сым­ды үй­лесім та­ба­ды. Шир­ван­шах­тар ке­се­несіне ал­ты қыр­лы күм­без ор­на­ты­лған, ал ой­ып жа­зы­лған жа­зу­да ке­шен­ді са­лушы Ха­лил-ул­ла I-нің сұл­тан­дар­дың ең ұлы­сы бо­лу­мен қа­тар, дін­нің де қорға­у­шы­сы болған­ды­ғы ай­ты­ла­ды.

Тез та­мақта­нып алу үшін Araz ка­фесіне бас сұғы­ңы­здар, ол — же­дел та­мақта­ну ре­сто­ран­да­ры­на Ба­кудің жер­гілік­ті жа­у­а­бы. Қой еті мен та­уық еті­нен дай­ын­далған кәу­а­пқа мін­сіз қо­сым­ша бо­ла­тын чо­бан­ның (қи­яр мен қы­за­нақтан жа­салған салат), дәм­ді дол­ма­ның (ішіне фарш са­лы­нған жүзім жа­пы­рақта­ры) дә­мін та­тып көріңіз­дер, ар­ты­нан бір ста­кан жер­гілік­ті анар ша­ра­бын ішу­ге бо­ла­ды.

Newspapers in Russian

Newspapers from Kazakhstan

© PressReader. All rights reserved.