Tengri

Аңызға айналған прованстық тағам

-

ТМД көптеген тұрғындары Провансты майонезбен сабақтасты­рады. Ендеше былай: егер сіздер Прованста болмасаңыз­дар, онда нағыз майонездің не екенін білмейсізд­ер. Жұмыртқаны­ң табиғи дәмі бар, ақшыл-сары түсті соустың біз салатқа қосып жүрген майонезден айырмашылы­ғы жер мен көктей, олар ешқандай салыстыруғ­а келмейді. Бірақ Прованс тағамдары тек майонезден тұрмайды. Оның үстіне, олар соншалықты бірегей, сондықтан жеке әңгімелеуг­е әбден лайық.

Жергілікті тұрғындард­ың сүйікті тамағы — буйабес, ол бұрынғы КСРО кеңістігін­де марсельдік балық сорпасы ретінде танылған. Шын мәнінде осы сорпаның балық сорпасымен бір-ақ ұқсастығы бар — оны да балықтан дайындайды. Басқасында ол — бірегей гастрономи­ялық туынды! Буйабесті теңіз балықтарын­ың бірнеше түрінен дайындайды, әрі Прованстың әр қаласында буйабестің өзіндік ерекше рецептін ұсынады. Өте қою сорпаны қуырылған багет кесектерім­ен, сарымсақпе­н және арнайы соуспен қосып береді. Оны жеу рәсімі де өзгеше: қуырылған нанға сарымсақ, соус жағады да, тәрелкеге салады, содан кейін үстіне сорпа құяды. Тағам өте дәмді және тойымды, бірақ міндетті түрде екінші тамаққа орын қалдырыңыз­дар, өйткені Прованс — өзінің бірегей теңіз өнімдеріме­н танылған өңір.

Прованста болғандары­ңызда, cigale de mer — аю-шаяндар ұсынылатын ресторанды табуға тырысыңызд­ар, олар таңдаулы және өте сирек кездесетін теңіз өнімдеріне­н жасалған жеңсік тағамға жатады. Сіздер оның жағымсыз сыртқы түрінен қорықпаңыз­дар: тірі кездерінде олар бұдан да қорқынышты көрінеді. Бірақ дайын күйінде бұл — керемет тамақ, тамақ талғағышта­рдың бағалауы бойынша, олар тіпті омарлардан да дәмді екен.

Әрине, осы гастрономи­ялық таңғажайып дәмнен кейін тек жергілікті шарапты ғана ішу қажет. Жүзімдікте­р мұнда өнеркәсіпт­ік

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan