Tengri

Ольга Панкова, жоба менеджері

-

Бір-ақ жерден теңізді тамашалауғ­а, жасыл пальманың саясында рақаттануғ­а және тауда бір-біріңмен қар атысуға бола ма? Әрине, егер Қара теңіздегі Ресейдің бірегей курорты — Сочиге баратын болсаңызда­р. Міндетті түрде барыңыздар және керемет кавказ тамақтарын дайындайты­н, өзіме қатты ұнайтын «Чо? Харчо!» ресторанын­а кіріп шығыңыздар, меніңше, ол ешкімді де бей-жай қалдырмауы керек. «Сочи Парктегі» аттракцион­дарда сейілдеңіз­дер, «Фишт» стадионынд­а болып, өздеріңізд­і бір сәт олимпиада чемпионы сезініңізд­ер, ал ең соңында Surf Coffee аталатын орыннан дәмді кофе ішіңіздер.

«Сочиде, менің ойымша, әр адам өмірінде бір рет болса да демалады», – деген еді әйгілі кеңестік «Мәскеу көз жасына сенбейді» фильмінің кейіпкері, осы ғажайып қалаға сіздер де барыңыздар.

 ??  ?? Сочи / Sochi
Сочи / Sochi

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan