APEX аме­ри­кан­дық қа­уым­да­сты­ғы­ның жоға­ры баға­сы

Tengri - - Air Astana -

APEX — Airline Passenger Experience Association аме­ри­кан­дық қа­уым­да­сты­ғы «Эйр Аста­на» әуе ком­па­ни­я­сы­на «Ірі ай­мақтық әуе ком­па­ни­я­ла­ры» но­ми­на­ци­я­сын­да 5 жұл­ды­зды рей­тин­гін бер­ді. Жеңім­паз­дар 2018 жы­лғы 24 қыр­күй­ек­те Бо­стон­да бо­лып өт­кен ма­ра­пат­тау рәсі­мін­де жа­ри­я­лан­ды. Рей­тинг әуе жо­ла­у­шы­ла­ры­ның он­лайн-пікір­лері негізін­де қа­лып­та­сты­ры­ла­ды. Әлем­де­гі 500 әуе ком­па­ни­я­сы­ның мил­ли­он­нан астам рей­стері 5 са­нат бой­ын­ша баға­ла­на­ды: са­лон­ның жай­лы­лы­ғы, борт­тағы қыз­мет көр­се­ту, та­мақ пен су­сын­дар, ой­ын-са­уық жүй­есі және wi-fi ұсы­ну қыз­меті.

Бұл на­гра­да­дан басқа, «Эйр Аста­на» ТМД мен Шы­ғыс Еу­ро­па ел­дерінің ішін­де бірін­ші бо­лып 2012 жы­лы бе­дел­ді рей­тинг —

Skytrax ха­лы­қа­ра­лық агент­ті­гінің 4 жұл­ды­зы­на және жеті жыл бойы қа­та­ры­нан рас­та­лып ке­ле жатқан «Ор­та­лық Азия мен Үн­дістан­дағы ең үздік әуе ком­па­ни­я­сы» атағы­на лай­ық деп та­был­ды. Бұ­дан басқа, 2018 жы­лы әуе ком­па­ни­я­сы «Ази­ядағы ай­мақтық та­сы­мал­да­у­шы» но­ми­на­ци­я­сын­да Tripadvisor сай­ты­ның Travellers’ Choice Awards сый­лы­ғы­мен ма­ра­пат­тал­ды.

Newspapers in Russian

Newspapers from Kazakhstan

© PressReader. All rights reserved.