Қа­ла жыл­на­ма­шы­сы

Tengri - - Destination -

Ан­гли­я­ның атақты­лы­ғы жағы­нан Уи­льям Шекс­пир­ден кей­ін жүретін жа­зу­шы­сы, бәл­кім, вик­то­ри­ан­дық дәуір­дің көр­нек­ті ро­ма­нисі бо­лып та­бы­ла­тын Чарльз Дик­кенс бо­лар. Ол Ни­ко­лас Никль­би, Дэ­вид Коп­пер­фильд және Эбе­не­зер Скрудж си­яқты әлем­дік көр­кем әде­би­ет­те­гі бел­гілі кей­іп­кер­лер­ді ту­ды­ру­шы бо­лып та­бы­ла­ды. Дик­кенс Лон­дон және осын­да тұрған адам­дар ту­ра­лы жа­зып, қа­ла­ның көп­те­ген тұрғын­да­ры қиын­дық кеш­кен аш-жа­лаңаш өмір­ді си­паттаған.

Оның юмор мен са­ти­раға то­лы ең­бек­тері ХІХ ға­сыр­дың ор­та­сын­да әлем­де­гі аса ірі қа­ла болған Лон­дон өмірінің та­ма­ша ил­лю­стра­ци­я­сы бо­лып та­бы­ла­ды. Ол аста­на кө­ше­лерін­де се­ру­ен­деп жүріп, одан ша­быт алған, ал оның зерт­те­улері осын­дай се­ру­ен­дер кезін­де жа­салған әзір­ленім­дерінің бәрі жи­на­лып беріл­ген ер­те­ректе­гі ең­бе­гі — «Боз очерк­терінің» негізіне алы­нған.

Ол си­паттаған ғи­ма­рат­тар­дың көбі әл­деқа­шан жой­ы­лып кет­кен­ді­гіне қа­ра­ма­стан, сіз­дер­де әлі де бар­лық кем­шілік­тері­мен қо­са сол за­ман­дағы вик­то­ри­ан­дық қа­ла­да бо­лып қай­ту мүм­кін­ді­гі бар. Та­ны­су­ды ол өмір сүр­ген және өзінің бір­не­ше атақты ро­ма­нын, со­ның ішін­де «Пик­вик клу­бы­ның өл­ген­нен кей­ін жа­рық көр­ген жа­з­ба­ла­ры» мен «Оли­вер Тви­ст­ті» жа­зған ор­та­лық Лон­дон­дағы үй­і­нен ба­стаған жөн.

Чарльз Дик­кен­стің мұра­жайы болған үй Russell Square мет­ро стан­ци­я­сы­ның жа­нын­да, Doughty Street, 48 ме­кен-жайы бой­ын­ша ор­на­ласқан. Он­да вик­то­ри­ан­дық дәуір­де­гі кәдім­гі от­ба­сы­ның өмірі көр­сетіл­ген.

Newspapers in Russian

Newspapers from Kazakhstan

© PressReader. All rights reserved.