Таш­кент

Tengri - - Destination -

«Эйр Аста­на» рей­сі­мен жаңа ха­лы­қа­ра­лық тер­ми­налға ұшып кел­ген­нен кей­ін Ор­та­лық Ази­я­ның ең үл­кен және қы­зы­қты қа­ла­сын зерт­те­у­ге ат­та­ны­ңы­здар. Өз­бек­стан аста­на­сы­ның жа­сы — 2500 жы­лға жуық, бірақ көз­ге көрі­нетін­нің бәрі дер­лік за­ма­на­уи: қа­ла 1966 жы­лғы ала­пат жер сіл­кінісі­нен кей­ін то­лы­қтай дер­лік қай­та са­лы­нған.

Мін­дет­ті түр­де Таш­кент мет­ро­сы­мен жүріп көріңіз­дер, оның үстіне, биы­лғы жыл­дың мау­сым ай­ын­да мұн­да фо­то- және бей­нетүсірілім­ге тый­ым са­лу­ды алып та­ста­ды. Сіз мін­дет­ті түр­де жер асты мет­ро­сын­да бір­не­ше кадр түсір­гіңіз ке­леді; «Кос­мо­навтлар» стан­ци­я­сын­дағы ға­рыш тақы­рып­та­ма­сы­нан ба­стап ме­шіт­те­гі­дей күм­без­дері мен ар­ка­ла­ры бар Әлі­шер На­у­аи атын­дағы стан­ци­яға дей­ін әр­бір стан­ци­яда өзінің та­ма­ша ди­зай­ны бар. «Ға­фур Гу­лям» еги­пет­тік ар-де­ко стан­ци­я­сы­ның баға­на­ла­ры да ке­ре­мет әсер қал­ды­ра­ды.

«Таш­кент» мет­ро стан­ци­я­сы­нан бір­не­ше ми­нут­тық жер­де ашық ас­пан астын­дағы те­мір жол тех­ни­ка­сы мұра­жайы ор­на­ласқан. Осын­да қой­ы­лған ең ескі бу ло­ко­мо­тиві 1914 жы­лы құра­с­ты­ры­лған. Кеңе­стік өн­діріс па­ро­воз­да­ры­нан басқа, сіз­дер мұн­да Ұлы Отан соғы­сы­ның мұра­сы — екі неміс пой­ы­зын көресіз­дер. Мұн­да па­ро­воз ма­ши­ни­стеріне ар­налған көп­те­ген алаң­дар­дың біріне шы­ғып көру­ге бо­ла­ды, ал ва­гон­дар әдет­те саңы­лау­сыз, ты­ғы­зда­лып жа­бы­лған.

Қол созым жер­де Әмір Те­мір алаңы және за­ң­ды түр­де кеңе­стік дәуір ар­хи­тек­ту­ра­сы­ның ең көр­нек­ті үл­гілерінің бірі бо­лып та­бы­ла­тын «Өз­бек­стан» қо­нақ үйі ор­на­ласқан. Ғи­ма­рат қа­с­бетінің гео­мет­ри­я­лық ою-өр­нек­терін та­ма­ша­лаңы­здар; кәдім­гі құры­лыс бе­то­ны­мен жұ­мыс істей оты­рып, адам­ның қан­ша­лы­қты жа­сам­паз бо­ла ала­тын­ды­ғы таң қал­ды­ра­ды.

Newspapers in Russian

Newspapers from Kazakhstan

© PressReader. All rights reserved.