Бұқа­ра

Tengri - - Destination -

«Бұқа­ра» те­мір жол стан­ци­я­сы Ескі қа­ла­дан шы­ғы­сқа қа­рай көлік­пен 10 ми­нут­тық жер­де­гі Қаған­да ор­на­ласқан. ХІХ ға­сыр­дың соңын­да За­кас­пий те­мір жо­лын са­лу кезін­де Бұқа­ра әмірі жаңа сән­ді тех­но­ло­ги­я­мен осын­ша­лы­қты жақын көр­ші бо­лу пер­спек­ти­ва­сы­на алаң­да­у­шы­лық біл­діріп, оны қа­ла ше­гін­де са­луға тый­ым салған.

Бұқа­ра әмір­лері ай­бын­ды, көбі­не­се қорқы­ныш ұя­ла­та­тын тұлға­лар бол­ды, бірақ олар әрқа­шан өнер мен мә­де­ни­ет­ке қа­мқор­лық та­ны­тқан. Ескі қа­ла­да зо­рай­ып тұрған, ши­кі кір­пі­ш­тен са­лы­нған Арк бекінісі Шы­ңғыс хан әс­керінің, со­дан соң Қы­зыл әс­кер­дің жой­қын ша­буы­лы­на ұшы­ра­ды. Бірақ сақта­лып қалған құры­лыс әлі күн­ге дей­ін ұмы­тыл­мас әсер қал­ды­ра­ды.

Бұқа­ра әрқа­шан қа­си­ет­ті қа­ла, ис­лам ілі­мін та­ратқан орын бо­лып есеп­тел­ген. Мұн­да сіз­дер жүз­де­ген ме­шіт­тер­ді, мед­ре­се­лер мен ке­се­не­лер­ді көресіз­дер, со­лар­дың көбі өз за­ма­ны үшін ай­тар­лы­қтай озық болған. ІХ ға­сыр­дағы Исма­ил Са­ма­ни ке­се­несі біре­гей бо­лып та­бы­ла­ды, өйт­кені он­да зо­ро­астрий­лік және ис­лам са­рын­да­ры бірік­тіріл­ген; ал Си­то­раи Мо­хи-хо­са­да («Жұл­дыз және ай бей­нелі са­рай») дәстүр­лі өз­бек сти­лі им­пе­ри­я­лық орыс сти­лі­мен бірік­тіріл­ген.

Бұқа­ра­да ЮНЕСКО қорғай­тын та­ри­хи ес­керт­кі­ш­тер қи­сап­сыз көп. Жол­шы­бай іш­кі аула­ла­ры мен ша­тыр­ла­ры күм­без тәріз­дес ежел­гі са­уда қа­тар­ла­ры­на бас сұға оты­рып, тас тө­сел­ген жа­яу жүр­гін­шілер кө­ше­лері­мен өтіңіз­дер; сәл ті­зе бү­гіп оты­рып, мо­за­и­ка­лы мұ­на­ра­лар мен га­ле­ре­я­лар­дың сұлулы­ғы­на там­са­нып, ой­ға шо­мы­ңы­здар.

Newspapers in Russian

Newspapers from Kazakhstan

© PressReader. All rights reserved.