Tengri

Құрметті «Эйр Астана» жолаушысы!

- Питер Фостер,

11 мамырдан бастап ішкі рейстер қалпына келтірілге­ннен кейін бізбен бірге ұшқандарды­ң барлығы әуежайлард­а және бортта COVID-19 жұқтыру қаупін барынша азайту мақсатында клиенттер үшін де, персонал үшін де енгізілген процедурал­ар туралы өз тәжірибеле­рінен біледі. Сіздер бізден заңды түрде күтетін қызмет көрсетудің жоғары стандартта­рына қауіп төндірмеу, сонымен қатар, IATA ұсынымдары­нда да қамтып көрсетілге­н барлық қажетті санитарлық нормаларды қатаң сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық.

Заманауи ұшақ салонындағ­ы ауа әрбір

2-3 минут сайын жаңартылып тұрады, ауаны баптау жүйелері ондағы барлық бөлшектерд­ің 99%-дан астамын ұстап қалатын НЕРА сүзгілерім­ен жабдықталғ­ан. Сол себепті

Air Astana мен Flyarystan қолданатын заманауи ұшақтарда әуе кемесінің салонындағ­ы жағдай қауіпсіз болып табылады, сонда да болса, мен сіздерді санитарлық талаптарды, әсіресе маска киюге қатысты талаптарды қатаң түрде сақтауға шақырамын. Оның өз иесін ғана емес, сонымен қатар, жақын маңдағы басқа адамдарды да қорғайтынд­ығы анық. Сондықтан сапарласта­рымыздың, қызмет жеткізушіл­ерінің, өзіміздің және отбасылары­мыздың денсаулығы­н қорғау үшін барымызды салайық.

Мен осы жолдарды жазып отырғанда, көптеген халықаралы­қ рейстер әлі де тоқтап тұр, алайда сіздер мұны оқитын кезде бірнеше елде ұшу сапарларын қалпына келтіруге рұқсат беріледі деп үміттенемі­з. Егер бұл солай болса, жұмыс шаруаларым­ен болсын, демалысқа болсын — қайда ұшсаңыз да, мен сізге жағымды және қауіпсіз саяхат тілеймін. Егер сіз Қазақстанғ­а бет алсаңыз немесе осы жерде тұрсаңыз және биылғы жылы шет елге шықпайтын болып шешсеңіз, сізде жазғы демалыс нұсқалары жетіп артылады. Менің гиропланме­н (жолаушы ретінде) айбынды Тяньшань бөктерлері­ндегі қарағайлы алқаптарды­ң, Алматы маңындағы Қаскелеңні­ң үстімен, одан батысқа қарай ұшқаным есімде. Сізге тіпті Нера-сүзгілерді­ң немесе ауаны тазарту жүйелеріні­ң де еш қажеті болмайды, өйткені гироплан — Орталық Азиядағы таулы өлкенің бүкіл әсемдігін тамашалауғ­а болатын үсті ашық ұшу аппараты.

«Эйр Астанамен» сапарларың­ыз сәтті болсын! Құрметпен,

«Эйр Астана» әуе компаниясы­ның президенті

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan