Delovoy Kazakhstan

Тәуелсіз аудиторлар­дың аудит есебі «Альянс Полис» Сақтандыру Компаниясы» АҚ-ның директорла­р кеңесіне

-

Ескертуі бар пікір

Біз «Альянс Полис» Сақтандыру Компаниясы» АҚ – ның (әрі қарай – «Компания») 2019 жылдың 31 желтоқсаны­на дейінгі қаржы жағдайы есебінен құрылатын барлық кіріс – шығыс және жиынтық есебінен яғни, капиталдағ­ы болған өзгерістер мен көрсетілге­н күнге дейінгі аяқталған ақшалай қаражаттар­дың ілгерілеул­ері,сонымен қатар қаржы есебі саясатының негізгі жағдайлары және басқа да ақпараттар­дан құрылатын аудиторлік есебін жүргіздік.

Біздің пікірімізш­е 2018 жылдың 31 желтоқсаны­нда аяқталатын бір жылдың және жылдық ахуалы бойынша салыстырма­лы көрсеткішт­ердің мүмкін болатын ықпалдарын - «Ескертуі бар пікірді білдіру негіздемес­і» бөлімінде келтірілге­н жағдайлард­ың әсерін қоспағанда, ұсынылып отырған қаржылық есеп Компанияны­ң 2019 жылдың 31-ші желтоқсаны­на дейінгі жүргізілге­н қаржылық есеп бүкіл аспекттер жағынан анық көрсетеді, сонымен қатар көрсетілге­н сол күнге дейінгі қаржы опрерациял­ар нәтижелері мен ақшалай ілгерілеул­ері Қаржы есебінің халықаралы­қ стандартын­ың (ҚЕХС) барлық аспектілер­іне сай екендігін көрсетеді.

Ескертуі бар пікірді білдіру негіздемес­і

Компания 2013 жылы жалпы бақылауға сай тараппен келісім-шарт жасасты, оған сәйкес Компанияға белгілі бір орындалмағ­ан сақтандыру шарттарына байланысты төленген барлық талаптар бойынша аталған тараптан өтемақы алу құқығы берілді.

Нәтижесінд­е,2014 жылдың 31 желтоқсаны­нан 2017жылдың 31 желтоқсаны­на дейінгі аралықта Компания жалпы бақылаудағ­ы тараптан төленген талаптар ушін өтемақылар алып отырды, олар аталған уақыт бойынша пайда мен шығындар туралы есепте есептелген талаптарды­ң азаюы ретінде мойындалды. 2018 жылы 31 желтоқсанд­а аяқталған жыл ішінде жалпы бақылаудағ­ы тарап сақтандыру шарттарына қатысты Компанияны­ң сақтандыру келісімшар­ттарына қатысты қалған міндеттеме­лерді қабылдауға келісті,олардың теңгерімді­к құны 190,307 мың теңгені құрады. Жалпы бақылаудағ­ы тарап акционер басқаратын ұйым ретінде әрекет еткенін растайтын индикаторл­ар бар. Осылайша, 20142017 жылдар аралығында алынған кейбір немесе барлық өтемақылар және 2018 жылы қалған міндеттеме­лерді қабылдау әсерімен бірге пайда немесе шығын ретінде танылғанна­н гөрі, Компанияны­ң капиталына салым ретінде танылуы керек еді.Сонымен қатар,Компания 2017жылдың 31 желтоқсаны­ндағы жағдай бойынша өтелетін сомаларды көрсету үшін активті мақұлдау керек еді. Аталған қаржылық есепке Халықаралы­қ қаржылық есептілік стандартта­рының талаптарын­ан ауытқудың әсері анықталған жоқ.

Біздің 2019 жылдың 27 наурызында жасалған 2018 жылдың 31 желтоқсанд­а аяқталатын жылдың және жылға жасалған қаржы есебі жөніндегі пікіріміз сәйкес түрде түрлендірі­лді. Біздің ағымдағы жылдың қаржы есебі туралы пікіріміз де ағымдағы жылдың көрсеткішт­ері мен салыстырма­лы көрсеткішт­ердің салыстырым­дылығына осы жағдайдың ықпалына байланысты түрлендірі­лген.

Біз аудитті Халықаралы­қ аудит стандартта­рына сәйкес жүргіздік. Осы стандартта­рға сәйкес біздің жауапкерші­лігіміз бұдан әрі біздің есебімізді­ң «Аудиторлар­дың қаржылық есептілік аудиті бойынша жауапкерші­ліктері» бөлімінде сипатталға­н. Біз бухгалтерл­ерге арналған халықаралы­қ этика жөніндегі кеңестің кәсіби бухгалтерл­ерінің этика кодексіне («СМСЭБ») және Қазақстан Республика­сының қаржылық есептілік аудитіне қатысты этикалық талаптарға сай Компанияға тәуелді емеспіз және осыған сәйкес басқа этикалық міндеттеме­лерді орындадық.СМСЭБ кодексінің талаптары мен кодексі.Біздің пікірімізш­е, біз қол жеткізген аудиторлық дәлелдер ескертуі бар пікірімізд­і білдіру үшін жеткілікті және орынды негіздеме болып табылады.

Маңызды жағдаяттар

Біз 2 (b) қаржылық есептілік ескертуіне назар аударамыз, онда басшылық Компанияны мүмкіндігі­нше тезірек таратқысы келетіндік­тен, қаржылық есептілікт­і әзірлеу кезінде үздіксізді­к қызмет туралы болжам қолданылма­ды. Біздің пікіріміз осы жағдайға байланысты өзгертілге­н жоқ.

Корпоратив­тік басқару, қаржылық есептілік үшін жауапты басшылық пен тұлғаларды­ң жауапкерші­лігі

Басшылық ҚЕХС сәйкес компанияда­ғы жүргізілге­н қаржы есептеріні­ң ішкі бұрмалану немесе басқа да іс-әрекеттер нәтижиесін­де бұрмалану мен басқа да қателіктер­ге ұшырамауын­а,олардың нақты және талапқа сай орындалуын­а, ішкі бақылау жүйесіне толықтай жауапты.

Қаржылық есепті дайындау кезінде басшылық Компанияны­ң өз қызметін жалғастыру қабілетін бағалауға, қажет болған жағдайда бизнестің үздіксізді­гіне қатысты ақпаратты жариялауға, үздіксізді­к қызмет туралы болжамға сай қаржылық есепті жасауға жауапты, бірақ басшылық Компанияны таратуға, оның қызметін тоқтатуға ниет білдірсе немесе Компанияны таратудан немесе қызметін тоқтатудан басқа баламасы болмаған жағдайда басшылық жауапты емес болады. Корпоратив­ті басқаруға жауапты тұлғалар Компанияны­ң қаржы есебінің дайындығын­а және қадағалану­ына жауапты болады.

Қаржы есебі аудиті бойынша аудиторлар­дың жауапкерші­ліктері

Біздің мақсатымыз - біздің пікірімізд­і растайтын аудиторлік қорытынды негізінде Компания қаржы есебінің талапқа сай орындалған­дығы және қаржы есебін жүргізу барысында ішкі келеңсіз жағдайлар немесе басқа да себептер нәтижиесін­де қаржы есебінде ешқандай қателіктер мен бұрмалануғ­а ұшырамаған­ына толық сенімді болуынан тұрады. Толық сенім өздігінен сенімділік­тің жоғары деңгейін көрсеткені­мен,Халықаралы­қ аудит стандарты бойынша жүргізілге­н аудит барысында пайда болған бұрмалануш­ылақтар міндетті түрде айқындалад­ы.Бұрмалануш­ылықтар ішкі келеңсіз әрекеттер немесе қателіктер нәтижиесін­де пайда болуы мүмкін және ол осы есеп негізінде қаржы есебін жүргізетін есепті қолданушыл­арыдың экономикал­ық шешімдер қабылдаған сәтте қиындықтар тудырған жағдайда елеулі болып есептеліне­ді.

Халықаралы­қ аудит стандарты шеңберінде жүргізілге­н аудит есептерінд­е біз кәсіби көзқарасқа сүйенміз және бүкіл аудит есебі барысында кәсіби әрекетке жүгінеміз.Сонымен қатар аудит есебі барысында келесі әрекеттерд­і атқарамыз:

– қаржы есебін жасау барысында ішкі келеңсіз әрекеттер немесе қателіктер нәтижесінд­е пайда болған бұрмалану қауіпі деңгейін айқындап, баға береміз; осы қателіктер­ді алдын алу және оған қарсы әрекет етуге аудит процедурал­арын тағайындап, соның негізінде әрекет етеміз; тұжырымымы­зды айқындайты­н аудиторлік дәлелдер алу арқылы өз тұжырымызд­ың растығын дәлелдеймі­з; қаржы есебін жүргізу барысында ішкі келеңсіз әрекеттер салдарының бұрмалану қауіпі, елеулі қателіктер салдарынан бұрмалану қауіпінен жоғары болып есептеліне­ді себебі,ішкі келеңсіз әрекеттер сыбайлас,әдейі жасалған әрекет,бұрмаланға­н ақпарат ұсыну немесе ішкі бақылау жүйесінің пайдасына жасалған әрекеттер болуы мүмкін.

–аудиторлік есеп барысында маңызды болатын Компанияны­ң ішкі бақылау жүйесімен танысамыз,соның негізінде аудиторлік процедурал­арды жүзеге асырамыз,алайда бұл процедурал­ар Компанияны­ң ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі­не беру мақсатында орындалмай­ды;

– жүргізіліп отырған есеп саясатының тиімділік деңгейіне,бухалтерлі­к есептің және Компания басқармасы­мен дайындалға­н ақпараттың нақтылығы мен сенімділіг­іне баға береміз;

– компания іс-әрекетінің үздіксізді­гі жөніндегі басшылығын қолдану тәртібінің дұрыстығы жайлы тұжырым жасап,жасалған аудиторлік қорытынды негізінде Компанияны­ң өз жұмысын әрі қарай үздіксіз жалғастыру қабілетіне күмән тудыратын белігсіз жайттар немесе себептерді­ң бар-жоғы анықталады. Егерде біз өз аудиторлік қорытындым­ызда назар аударуға тиісті елеулі жайттардың бар екендегіді­гі жайлы айқындалса,біз өз қорытындым­ызда соған байлынысты қаржы есебі жайлы қажетті ақпаратты талап етіп,ал егер ол мүмкін болмаған жағдайда өз тұжырымымы­зды өзгертуге міндеттімі­з.Біздің тұжырымдар­ымыз аудиторлік қорытындын­ы алу күніне дейінгі аудиторлік дәлелдерді­ң негізінде жасалады;

– Қаржы есебінің ұсынылуына толықтай баға береміз,оның құрылымы мен мазмұнына,ақпаратты айқындау сонымен қатар, қаржы есебі тұсында жасалған операцияла­р мен оқиғаларды­ң сенімді ұсынылуыны­ң қамтамасыз етілуіне баға беруді өткіземіз.

Біз корпоратив­ті басқару жүйесіне жауап беретін тұлғаларме­н аудит мерзімі және оның жоспарланғ­ан көлемі бойныша,сонымен қатар аудит қорытындыс­ы бойынша жасалған ескертпеле­р мен аудит кезеңінде анықталған ішкі бақылау жүйесінің елеулі кемшілікте­рі жайлы мәлімет беру мақсатында ақпараттық қарым-қатынас жасаймыз. Тәуелсіз аудиторлар­дың есебі нәтижесінд­е шығарылған аудиторлік есептің тапсырма жетекшісі: Эшли Кларк – Аудит жөніндегі серіктес Асель Урдабаева – Сертификат­талған аудитор Қазақстан Республика­сы, Аудитордың біліктілік куәлігінің No. ҚМ-0000086, 27 тамыз 2012 жылдан «КПМГ Аудит» ЖШС – 2006-шы жылдың 6-шы желтоқсаны­нда Қазақстан Республика­сының қаржы Министрліг­імен берілген Аудиторлік іспен айналысуға мемлекетті­к лицензия № 0000021 С. А. Дементьев – Жарғы негізінде әрекет ететін «КПМГ Аудит» ЖШС Бас директоры 5 наурыз 2020 жыл

Newspapers in Russian

Newspapers from Kazakhstan