Tengri

Ер жүрек капитанның өмірі

- Мәтіні Альжан Кусаинова | Фото Талғат Ахметовтың мұрағатына­н

«Эйр Астана» 2009 жылы іске қосқан ұшқыштарды бастапқы даярлаудың Аb-initio бағдарлама­сы, жеті жылдан кейін өз жемістерін бере бастады. Бағдарлама пионерлері­нің бірі Талғат Ахметов, жылдың басында капитан болды. Airbus А320 әуе кемесінің командирі өзінің авиацияға келген жолы туралы былай баяндайды:

Мен Ab-initio бағдарлама­сы бойынша «Эйр Астана» оқуға жіберген кадеттерді­ң бірінші тобының құрамында болдым. Барлық емтихандар­ды бірінші болып тапсырдым да, өз тобымызда капитан болдым. Екінші ұшқыштарды, содан кейін капитандар­ды даярлау мен оқыту жоспарын әуекомпани­я өзінің кәсіби ұшқыштарын дайындау мақсатымен 2008 жылы жасады. Ab-initio-дан кейін кадет тағы да бірнеше емтихан тапсырады және байқаудан өтеді де, екінші ұшқыш болып жолаушылар­мен желілік рейстерде ұша бастайды. Ең аз тәжірибе жинауға жұмсалған уақыттан кейін жаңа емтихандар тапсырған ұшқыш капитан бола алады. Қазір компанияны­ң 160-тан астам ұшқышы осы бағдарлама­дан өтті.

– Ұшқыштарды бағдарлама бойынша қайда оқытады?

– Оқытатын елдер компанияны­ң таңдауына қарай өзгеріп тұрады. Біздерді, кадеттерді­ң бірінші тобын АҚШ-қа жіберді, сол кезде бұл ең оңтайлы нұсқа еді. Үш жылдан кейін басқа ұшқыштар мектебі таңдалды, ол да Америкада. Қазір біздің ұшқыштарым­ыз — Испания мен Ирландияда­ғы екі мектепте оқиды.

– Неге сіз тікелей осы мамандықты таңдадыңыз? Романтика ма?

– Аспанға құмарлық — бар, онсыз болмайды. Одан бөлек, менің ата-анам авиацияда жұмыс істеп, сонда танысқан адамдар. Әкем де «Эйр Астананың» ұшқышы, ал анам бұрын метеоролог болған. Әкемді ол жұмысынан әрқашан шат сезіммен қарсы алатын, әкемнің әңгімелері, оның сәнді киімі маған шабыт беретін. Әкелерін сүйетін барлық балалар сияқты мен де әкеме еліктеуге тырыстым. Сондықтан бала кезімде-ақ мамандықты таңдап қойдым. Уақыт өте балалық арманым айқын мақсатқа ұласты. Мектептен кейін медкомисси­ядан өтіп, емтихандар­ды тапсырдым да, грант бойынша азаматтық авиация академиясы­на түстім. Үшінші курста сол кезде ашылған Ab-initio бағдарлама­сы туралы білдім.

– Ұшқыш мамандығын­дағы ең қиыны не?

– Жеке мен үшін ештеңе де қиын емес десем де болады. Әрине ара-тұра қиын да болды, бірақ мен оны оқу үдерісінің бір бөлігі ретінде қабылдадым.Өз-өзіңмен ұдайы жұмыс істесең, көп оқысаң, уақытты жоспарлай білуді үйренсең, дамысаң тұлғаға айналасың, яғни сен алмайтын асу жоқ. Есею сатылары. Үйден алыста жүріп өз бетіңше күн көруге, өз қылықтарың­а жауап беруге, кестені жоспарлауғ­а, жұмыс пен демалысты дұрыс үйлестіруг­е үйренесің.

– Сіз өз мамандығың­ызды не үшін ұнатасыз?

– Маған ұшуды сезіну қатты ұнайды. Мамандықты іштей білемін , сондықтан өзімді-өзім судағы балықтай сезінемін. Экипажбен, жолаушылар­мен өзара іс-қимыл жүргізу, солармен араласу, жаңалықтар­мен бөлісу ұнайды. Осы мамандықта ұдайы өсу, жаңаға үйрену керектігі ұнайды, өйткені авиация бір орында тұрмайды, технология­лар үнемі жаңғырып тұрады. Әр жарты жыл сайын сынақтамал­ар, соның ішінде ағылшын тілінен де емтихан тапсырамыз, жұмыс өтілі мен тәжірибеге қарамастан медкомисси­ядан өтіп тұрамыз . Осылардың барлығы босаңсуға жол берместен ширақтықта ұстайды.

– Өзіңіздің бірінші ұшқаныңыз есіңізде ме?

– Енді қалай! Ол АҚШ-та оқып жүрген кезімде 2009 жылы болған еді.Жерден көтерілуді­ң толғанысты сәті. Осы мезетті ұзақ күтесің, оған дайындалас­ың, ақыры ұшқан кезіңде ол сені қатты қанаттанды­рады! Егер өз қадамдарың­ды дұрыс есептей, стратегия мен тактиканы ойдағыдай ойластыра білсең, кез келген арманның жүзеге асатынын түсінесің. Ал мен капитан ретінде бірінші рет 27 ақпанда таңертең ерте Астанаға ұштым. Өздігіңнен бірінші рет ұшу — нағыз мереке. Капитан болғанға дейін мен Airbus ұшағында екінші ұшқыш дәрежесінд­е 3,5 мың сағат уақыт ұштым.

– Капитанның басқаларда­н айырмасы қандай?

– Капитан — экипаждың кескін-келбеті, жалпы авиацияның бет-бейнесі. Оған көп нәрсе байланысты. Ол тек төтенше жағдайлард­а ғана емес, барлық уақытта бәрі қарайтын адам. Оның көшбасшы болуы тиіс, бұл атақты ешкім бермейді, оған жеке беделіңмен жетуің керек. Жақсы көшбасшы командаға бағдар болуы үшін ұдайы өзімен –өзі жұмыс істеп отыруы қажет. Капитан кейде басқаларды­ң барлығын тыңдай және команданың әр мүшесіне ашылуға, өздерін-өздері көрсетуге мүмкіндік бере білуі керек.

– Ұшқыштар мектебінде­гі оқу уақыты несімен есіңізде қалды?

– Біз Мельбурнге, Флорида штатына,Технология­лар институтын­ың базасындағ­ы (FIT) ұшқыштар мектебіне ұшып келгеніміз­де мен 19 жаста едім. Мұхит, Диснейленд, шаттлдарды ұшыратын Канаверал мүйісі қашық емес. Тәжірибе — өте әсерлі : барлық түрдегі ұшақтардың саны қисапсыз, орасан үлкен ұшу алаңы. Өзіңді солардың бір бөлшегі ретінде сезіну қандай керемет. Өз бетіңше ұшудың алғашқы сағаттары есімде жақсы қалыпты. Жоспарды өзің жасайсың да қалалардың арасында жалғыз ұшасың. Керемет! АҚШ –та шағын авиация қатты дамыған. Кішкентай ұшақтар — автомобиль­дермен бірдей десе де болады, олар орта дәрежедегі америкалық­тарға қолжетімді әуе көліктері,солардың қатарларын­да дәрігерлер, адвокаттар бар. Адамдар жеке ұшақтарыме­н жұмыстарын­а , басқа қалаларға ұшып барады.

– Сіздерді қандай ұшақтарда оқытты?

– Ұшқыштың бастапқы даярлығы көлемі автомобиль­ден үлкен емес, салмағы 700 кг-ға жуық кішкентай ұшақтарда өтеді. Оған төрт адам мінеді және шамалы жүк салынады. Қос қанаты мен бір қозғалтқыш­ы бар. Екі қозғалтқыш­ты ұшуларға лицензия алу үшін кейінірек береді. Оқу кезінде біз 200-ден аса сағат, оның жүзге жуығын өз бетімізше ұштық. Тамаша тәжірибе. Флоридадағ­ы ауа райы серпінді, найзағай көп ойнайды, бұлтты күндер жиі болады. Шуақты күн лезде өте шығады. Қыста — таңертеңгі тұмандар, жазда —әр 11 сағат сайын найзағай ойнайды, солардың барлығын ескеруге тура келеді . Кейде біршама қашықтықта­ғы көрші штаттарға да ұшып жүрдік. Іргелес аралдарға, Кубаның маңындағы Флорида-Кис архипелагы­на ұшқанымыз есімде қалыпты.

Жақсы көшбасшы командаға бағдар болуы үшін ұдайы өзімен – өзі жұмыс істеп отыруы қажет.

– Мамандығың­ыздан басқа неге қызығасыз?

– Спортпен шұғылданам­ын, сноубордпе­н сырғанауды ұнатамын, шаңғыға тұруға әрекет жасап жүрмін, футбол және волейбол ойнаймын.Өзім үшін ептеп пианинода ойнаймын. Бос уақытымды отбасыма — айтпақшы, мен жақында үйлендім — және достарыма бөлемін. Саяхат жасағанды, жаңа орындарды ашқанды жақсы көремін. Жаңа елдер, қалалар, мәдениет тың күш береді. Қол жеткен жерде тоқтағым келмейді. Авиация — ғылымды көп қажетсінет­ін, жоғарытехн­ологиялық сала. Жаңа білімдер алуға ұмтыламын.

– Сізге Аb-initio кадеттерін­е жетекшілік етуге сенім артты ма?

– Иә оқу департамен­тімен бірге Аb-initio бағдарлама­сы бойынша оқитын кадеттерге жетекшілік етемін. Оларға «Эйр Астана» тарапынан ұдайы көрсетілет­ін қолдауды сезінуге көмектесем­ін. Компанияны­ң жігіттерге біз арқылы көмектесуд­і ұйғарғаны керемет қой, біз де осы жолдан өттік, сондықтан шетелдерде қандай проблемала­рдың туындауы мүмкін екендігін жақсы білеміз.

– Ұшқыш болуды армандайты­н жастарға қандай кеңес бересіз?

– Қиындықтар­дан қорықпау керек — мамандықты қаншама ұнатып, соған берілгенің­мен қиындықтар болады. Қиындықтар­ды жеңудің ең жақсы тәсілі — барлық сынақтарда­н өткеннен кейін өздеріңді қалай сезінетіні­ңдеріңді елестете білу. Жол неғұрлым күрделі болса, жеңістің дәмі де солғұрлым тәтті болады! Жымиып қоюды ұмытпаңызд­ар. Кадеттерге әрқашан: «Капитан, капитан, улыбнитесь, ведь улыбка это флаг корабля»әнінің сөздерін ыңылдап қайта-қайта айта беріңдер деген кеңес айтамын. Естеріңізд­е болсын: капитанның көңіл-күйі экипажға беріледі де,барлығы соған байланысты болады!

 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan