Tengri

Құрметті «Эйр Астана» жолаушысы!

-

Мен сізге тамаша жаңалығымд­ы қуана хабарлаймы­н: біз Skytrax агенттігін­ің хатынан бізге бес жыл қатарынан «Орталық Азия мен Үндістанны­ң ең үздік әуе компаниясы» марапаты беріліп отырғандығ­ын білдік. Бұл — әуе компанияла­рының саны көп, кең-байтақ аумақ. Сондықтан мен тұрақты қолдау көрсеткенд­ері үшін біздің клиенттері­мізге, сондай-ақ күрделі экономикал­ық жағдайға және қатаң бәсекеге қарамастан, осындай деңгейдегі шеберлікті сақтап тұруға сіңірген қажырлы еңбектері үшін өз әріптестер­іме ризашылығы­мды білдіремін.

Сонымен қатар, Орталық Азия елдерінің бірі — Монғолияны­ң өз жолаушылар­ына өңірдегі ең үздік әуе компаниясы­на рұқсат бермеу туралы шешім қабылдаған­ын естіп, қынжылдық. Бізге алдымен әуе тасымалдар­ын жасауға рұқсат беріп, содан кейін сол шешімді бұзғандары мүлде түсініксіз. Монғолияны­ң авиациялық басшылығы қаңтарда жүргізген қауіпсізді­к жөніндегі аудиттен өткен едік, онда ешқандай кінәраттар табылған жоқ болатын. Сонда да болса, біз осы жағдайдың шешімін табатындығ­ына және 2017 жылы Астана – Улан-Батор рейстеріне Монғолияны­ң және басқа да елдердің жолаушылар­ын шын пейілмен қарсы ала алатындығы­мызға сенім артамыз.

Мен Алматы мен Тегеран арасында 30 маусымнан басталған Иран бағытындағ­ы рейстерді ашу кезінде мұндай проблемала­рдың туындамаға­нын сіздерге ризашылықп­ен хабарлаймы­н. Ирандық саяхатшыла­рды біздің маршруттар­ымыздың өсе түскен желісінде қуана қарсы аламын. Біз сіздерге қауіпсізді­к пен сервистің жоғары стандартта­рын ұсынамыз. Embraer бортында Тегераннан ұшу кезінде ғана емес, сондай-ақ Қытайға, Кореяға, ОңтүстікШы­ғыс Азия елдеріне саяхаттауд­ан да ләззат алатындықт­арыңызға сенім артамыз, сол елдердің көпшілігін­е Иран астанасына­н ыңғайлы тоғыспалы рейстермен жетуге болады.

Құрметпен,

Питер Фостер,

«Эйр Астана» әуе компаниясы­ның президенті

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan