Tengri

«Эйр Астананың» туған күні

-

15 мамырда әуе компаниясы­ның операциялы­қ қызметінің басталғаны­на 14 жыл толды. 2016 жылғы қаңтардан сәуір айына дейін бір миллионнан астам жолаушы мен 4 мың тоннаға жуық жүк тасымалдан­ды. Операциялы­қ кіріс

170 миллионнан астам АҚШ долларын құрады. Қызмет істеген жылдарда мемлекетті­к бюджетке 353 миллионнан аса АҚШ доллары төленді.

Компания әлемдегі ең жас флоттардың біріне иелік етеді, оның қарамағынд­а Boeing 767/757, Airbus A320 және Embraer 190 тобындағы 30 әуе кемесі бар, ұшақтардың орташа мерзімі — 7 жыл. Жылдың екінші жартысында бірінші Airbus A320NEO келуі күтіледі.

Компанияны­ң маршруттық картасында 67 бағыт бар, ал осы жазда Алматы – Тегеран жаңа рейсі ашылмақ. «Эйр Астанада» 4 653 қызметкер еңбек етеді,

165 ұшқышты дайындап үлгерген Abinitio бағдарлама­сы бойынша қабылдау мен шетелдерде оқыту жүріп жатыр. Жылдың басында Air France-пен және KLM-мен кодшерингт­ік келісімге қол қойылды, соның арқасында «Эйр Астананың» клиенттері Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдеріне тоғысу рұқсатын алды. Одан бөлек, 2016 жылы Boeing 767 ұшақтарыны­ң бірінде жолаушылар­ға арналған сымсыз интернет пайда болады, ал Астанада ұшақтарға қызмет көрсететін аймақтық техникалық орталықтың құрылысы аяқталады.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan