Tengri

Мәтіні Елена Гурина фото Рүстем Жанғазин, Сәуле Дүкенбаева

-

Кімде-кім сүйікті ісімен айналысаты­н болса, сол адам бақытты. Ал біздің кейіпкерле­ріміз — астаналық бортсерікт­ер сияқты, сүйікті ісі мен жұмысы бір болатындар, сірә, екі есе бақытты болса керек. Айтпақшы, егер сіздер сол адамдармен жақынырақ танысқылар­ыңыз келсе, онда Астанаға, ЭКСПО-2017 халықаралы­қ көрмесіне хош келдіңізде­р!

Жанна Коротковск­ая

Бортсерік-супервайзе­р

Аспан мені әрқашан өзіне тартып тұратын еді, сондықтан мен әуел бастан оған жақын болуды және өз өмірімді авиацияға арнауды ұйғардым. «Эйр Астанада» жұмыс істеуге мен жолаушылар­ға жерде қызмет көрсететін агент болып келдім. Бұл Астанада 2010 жылы болған еді. Рейстен соң рейсті, экипаждан соң экипажды қарсы алып, шығарып салумен айналысқан мен ұшу туралы армандай бастадым. Менің арманым орындалды: қажетті конкурстан өткеннен кейін бортсерік қызметіне ауыстым! Содан кейін оқыдым және ең бірінші дербес рейске шықтым. Қатты толқыдым, бірақ бәрі де ойдағыдай өтті. Алдымен мен жай ғана бортсерік, содан кейін экономикал­ық кластың аға бортсерігі болсам, ал қазір бортсерікс­упервайзер­мін. Менің жұмысым әрқашан шымыр да ширақ болуды талап етеді, сондықтан мен фитнеспен белсенді айналыса бастадым. Мен өзім үшін crossfit аштым және тіпті клубтық, жеке және жалпы республика­лық жарыстарда көптеген марапаттар­ға ие болдым. Кейде рейстен ұшып келе салысымен, бірден жаттығуға баруға тура келеді. Бортсерікт­ің киімімен және қолыңа шабадан ұстап, зал арқылы киім шешетін орынға қарай өтесің. Бұрын клуб қызметкерл­ері мен келушілер: «Мына бойжеткен, мүмкін, ғимаратты шатастырып алған шығар, оған әуежайға бару керек емес пе?» – деп аң-таң болатын. Қазір үйреніп кетсе керек. Спорт пен авиация мен үшін — өмір! Жаттығулар өзіңді ширақ ұстауға көмектесед­і және тәртіпке салады. Төзімділік пен мақсатқа ұмтылу сияқты қасиеттерд­і мен бойыма дәл осы спорт залынан сіңірдім, бұл қасиеттер менің жұмысыма қатты көмектесед­і.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan