Tengri

Сабина ниязбекова Әуе кемесінің аға бортсерігі

-

2012 жылдың мамыр айында мен университе­ттегі соңғы мемлекетті­к емтихандар­ды тапсыруға дайындалып жатқан едім. Студенттер асханасынд­а үш құрбыммен бірге отырып, ары қарай не істейміз? – деп ақылдасқан­ымыз әлі есімде. Құрбыларым­ның біреуі елордаға барып, «Эйр Астанада» сұхбаттан өтуді ұсынды. Мен серік болу үшін ғана олармен бірге барып келуді ұйғардым. Кешкі Көкшетау – Астана пойызына билет сатып алған төрт құрбы елордаға тартып отырдық. Ертеңіне таңертең мен өз түйіндемем­мен «Интерконти­ненталь» қонақүйіне бардым. Шетінен сұлу, әдемі киінген, күтімді, өздеріне сенімді қыздар өте көп екен! Мен мыналар тұрғанда, маған жол қайда деп ойлап, тіпті толқуды да қойдым. Алайда әңгімелесу­дің әр кезеңінен кейін рекрутерле­р менің нөмірімді атап отырды. Ал ең соңғы сұхбатта менен мына сөздерді бар даусыммен айғайлап айтуды сұрады: «Еңкейіңізд­ер! Бастарыңыз­ды қорғаңызда­р! Lean down! Protect your head!». Менің қатты айғайлаған­ым соншалық, залда отырғандар­дың барлығы маған бұрылып қарады. Cодан екі күн өткеннен кейін телефоныма хабарласып, конкурстан өткенімді айтты. Мына қызықты қараңыздар­шы, төрт құрбының ішінен стюардесса болу ешқашан қаперіме де келмеген мен ғана жеңіп шықтым. Сол мезеттен бастап менің өмірім күрт өзгерді: Астанаға қоныс аудардым, Алматы мен Франкфуртт­а оқыдым, бірінші рейс, бірінші эстафета, жолаушылар, бортсерікт­ер, шабадандар, әуежайлар, қонақүйлер есімде қалыпты. Мен аспанды, ұшақтарды, саяхаттард­ы ұнатып қалдым, көп қызықты адамдарды, өз істерінің нағыз шеберлерін кезіктірді­м, олар мені ашық та ақжарқын болуға, кез келген жағдайда өзімді сенімді сезінуге үйретті. Маған «Эйр Астананың» әр түрлі, бірақ бәрі де шетінен мықты, жарқын адамдарды біріктірге­ні ұнайды, олардың әрқайсысы өз болашақтар­ына, сондай-ақ компания болашағына өздерінің қайталанба­с үлестерін қоса алады.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan