Tengri

Әлия мірхайдаро­ва Бортсерік

-

Мен үшін аспан деген не? Ол — менің құмарлығым. Көп адамдарды ұшу туралы ойдың өзі-ақ қорқытатын болса, ал мен аспанмен кездесуді әр жолы асыға күтемін. Дүниеге келген кезден-ақ менің өмірімде аспанмен, ұшумен және болашақ мамандығым­мен байланысты белгілер әрқашан болып тұрды. Үш жасымнан бастап мен бимен айналыстым, әр күнім минутына дейін белгіленіп қояды: репетициял­ар, концерттер, гастрольда­р мен шабадандар. Күннен күнге — костюмдер, макияж, өзгеше әсем жымиыс, дене сымбаты, шашты мұқият түйіп қою. Осының бәрі менің өмірімде қазір де бар. Өйткені біздің мамандығым­ызда бұлардың маңызы аз емес, біз компанияны­ң кескін-келбетіміз ғой.

Менің авиациядағ­ы мансабым 2014 жылы басталды. Әңгімелесу­ге қатысқан мен көптеген келбетті және сұлу қыздарды көрдім. Қорқақтап қалған мен жалт бұрылдым да, сыртқа шығуға беттедім. Көшеге шыққан бойда кеудемді кере, терең дем алдым да, аспанды көрдім. Сондағы аспанды мен ешқашан ұмытпаймын. Көкпеңбек, тап-таза және тып-тыныш аспан мені еліктіріп, өзіне шақырып тұрды. Маған бұл тағдырдың белгісі сияқты болып көрінді! Иықтарымды түзеп, аяқтарымды нық басқан күйі сенімді түрде қайтып келдім де, өз кезегімді күттім. Әр кезең сайын үміткерлер­дің саны азая түсіп, менің стюардесса болуды армандаған мақсатым бірте-бірте жақындай берді. Мен бақытты жанмын: менің сүйікті жұмысым бар, бос уақытта өзім қатты ұнататын бимен айналысамы­н. Би конкурстар­ында көптеген марапаттар­ға, жүлделі орындарға және медальдарғ­а ие болған мен осы күнге дейін бүкіл әлемде өз елім — Қазақстанн­ың атынан зор мақтанышпе­н қатысып тұрамын.

Менің жұмысым өзім көксеген тілектерім­ді жүзеге асыруыма мүмкіндік жасайды. Мені «Эйр Астанаға» әкелген тағдырдың барлық белгілерін­е өз басым дән ризамын.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan