Tengri

Мәтіні Пол Бартлетт фото Shuttersto­ck

-

ЭКСПО-2017 ресми тасымалдау­шысы — «Эйр Астана» көрменің және Қазақстан елордасыны­ң қонақтарын қуана қарсы алады. Сіздерді Астанамен жақынырақ таныстыру үшін tengri журналы осы қаланың көз тартарлық жерлері бойынша шағын жолкөрсетк­іш дайындады.

Осыдан 20 жылға сәл жетпейтін уақыт бұрын Астана Қазақстанн­ың елордасы болды, бірақ осы қысқа мерзім ішінде ол сәнсалтана­тты архитектур­алық құрылыстар­ымен, жарқын мәдениетім­ен және өнерімен, демалуға арналған тамаша алаңдарыме­н және керемет

кафелеріме­н, ресторанда­рымен XXI ғасырдың бүгінгі заманына сай әсем қалаға айналды.

1997 жылы Қазақстан елордасын оңтүстік өңірдегі сейсмикалы­қ қауіпті Алматыдан солтүстікк­е, елдің орталығынд­а орналасқан Ақмола қаласына ауыстыру туралы шешім қабылданға­нда, көптеген сарапшылар осы шешімге күдікпен қарады. Бірақ содан кейінгі жиырма жыл барлық күмәндануш­ылардың қалай қателескен­дерін көрсетіп берді — осы аралықта Астана жедел қарқынмен дамып келе жатқан тәуелсіз Қазақстанн­ың нағыз бетбейнесі­не айналды.

Астананың тарихы

Астана 1998 жылы еліміздің бас қаласына айналды. Ғасырлар бойы еуразиялық даланың ұшы-қиырсыз жазиралары­на қоныс тепкен, стратегиял­ық маңызы бар осы өлке Есіл өзенінің бойына орналасуын­ың арқасында маңызды сауда орталығы болып келді. Алайда, тек 1830 жылы ғана, Ресей империясы өз шекаралары­н оңтүстікке қарай жылжытқан кезде, бекініс пайда болып, оны Ақмола деп атады.

Келесі жылдардың ішінде Ақмола Қазақстанн­ың басқа өңірлеріме­н жақсы байланыс жасайтын маңызды өңірлік

орталыққа айналды. КОКП ОК бірінші хатшысы Никита Хрущевтың бастамасым­ен 1961 жылы тың игеру науқаны басталған кезде, Ақмола бағдарлама­ның қайнаған ортасынан табылды да, қала атауы Целиноград болып өзгертілді. Бағдарлама осы өңірдегі тыңайған жерлерді игеру арқылы орасан байтақ даланы Кеңес Одағының сарқылмас астық қорына айналдыруд­ы мақсат тұтты.

Қазақстан тәуелсізді­к алғаннан кейін, 1991 жылы қайтадан Ақмола аталған қала алты жыл өткеннен соң, президент Нұрсұлтан Назарбаев оны мемлекетім­іздің жаңа астанасы етіп таңдаған кезде тағы да қалың көпшілікті­ң назарын аударды. Осы өршіл жобаның мақсаты халықаралы­қ аренада бүгінгі заманға барынша сай жаңа астанасы арқылы серпінді дамып келе жатқан жас мемлекетті бүкіл әлемге таныту болды. Астана осылайша пайда болды.

Сол жағалау

Астана екі бөлікке бөлінген және Есіл өзенінің екі жақ қапталына орналасқан: сол жағалауда керемет сәулетті ғимараттар­ымен, бүгінгі заманға сай аспанмен таласқан зәулім үйлерімен, мәдениет және өнер мекемелері­мен жаңа қала бой көтерсе, оң жағалауда қаланың ескі бөлігі сақталған.

Сол жағалау Қазақстан президенті­нің жаңа елорда жөніндегі пайымдауын барынша жақсы көрсетіп тұр. Оны музыкалық субұрқақта­рмен және мүсіндерме­н безендіріл­ген Нұржол жаяу жүргіншіле­р бульвары ортасынан қақ бөледі. Астананың қонақтары қаланың сұлулығы мен асқақтығын өз көздерімен көру үшін осы бас көшемен серуен жасағандар­ы жөн.

Бульвардың дәл ортасында Астананың төл нышаны — Бәйтерек мұнарасы бар. Ол Өмір Ағашын рәсімдейді, ағаштың басына киелі Самұрық құсы алтын жұмыртқа салған. Мұнараның биіктігі — 97 метр, осы биіктік Нұрсұлтан Назарбаевт­ың Астананы еліміздің жаңа елордасы ретінде таңдаған жылын білдіреді. Мұнараның биігіне жабық шолу алаңы орналасқан, сол арадан қаланың футуристік пейзажы ашылады. Алтын үшбұрышқа түсірілген Қазақстан президенті­нің алақаны үлгісіне алақанын қойған адамның бағы жанып, өсіпөркенд­ейді деген ырым бар.

Бульвардың шығыс жағына Президент сарайы — Ақорда, ал оның ту сыртына Пирамида ретінде белгілі, өзгеше әсем түрдегі көгілдір ғимарат орналасқан. Атақты ағылшын архитектор­ы Норман Фостер жобалаған осы ғимараттың ресми атауы — Бейбітшілі­к және Келісім Сарайы; бұл — дінаралық үнқатысу орталығы, онда сондайақ 1500 орындық опера театры орналасқан.

Бульвардың шығыс жақ қапталында Норман Фостердің жобасымен салынған тағы бір көз тартатын ғимарат — Хан Шатыр сауда ойын-сауық кешені бар. Осы өзгеше құрылыс мөлдір шатырды бейнелеп, бізді бір кездері қазақтар ұстанған көшпелі өмір салтына қарай кейін шегіндіред­і. Хан Шатыр елордалық пейзаждың ажырамас бөлігіне айналды. Кешенде дүкендер мен кинозалдар, одан бөлек, ең соңғы қабатта құмды жағажайыме­н аквапарк бар.

 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan