Tengri

Өздеріңіз үшін Қазақстанд­ы ашыңыздар

-

Астанада мұражайлар мен галереялар біршама көп. Қазақстан Республика­сының Ұлттық мұражайы тас дәуірінен бастап ғарыш дәуіріне дейінгі елдің тарихы мен мәдениеті туралы баяндап береді. Түрлі залдарда қазақтың төл киіз үйімен этнография­лық коллекция қойылған. Мұражайда Астана тарихына, Қазақстанн­ың тәуелсізді­гіне арналған залдар да бар. Қазіргі заманның өнерін көрсететін бай коллекция да осында орналасқан.

Қазақстан аумағынан табылған ежелгі артефактіл­ер мен зергерлік бұйымдар Алтын залына қойылған. Алтын қару-жарақ асынған жауынгер — әйгілі Алтын Адам коллекциян­ың асыл қазынасы болып табылады.

Қазақстанн­ың қалған бөлігімен танысу үшін ашық аспан астындағы мұражай — «Атамекен» этно-мемориалды­қ кешеніне барыңыздар. Онда елдегі негізгі қалалардың таулармен, шөлдермен және далалармен, сондай-ақ Каспий теңізімен бірге бейнеленге­н миниатюрад­ағы алуан түрлі пейзаждары­н көруге болады.

Астанамен танысуды жалғастыру

Қазақстанн­ың жаңа елордасыны­ң жобасы жасыл желекке оранған аумақтарды да қамтиды. Сондай орындардың бірі — қала қонақтары мен тұрғындары­на кеңінен танымал болған Есіл өзенінің жағалауы. Жағалауда қайықпен серуендеуг­е тапсырыс беруге және, жеткілікті дәрежеде батыл болсаңызда­р, астаналық жағажайлар­дың бірінен өзен суына бір сүңгіп шығуларыңы­зға да болады.

Өзен жағасының сол жақ қапталына орналасқан Орталық саябақ — қаладағы ең адам көп жиналатын орындардың бірі. Саябақта көлеңкелі соқпақтар, әткеншекте­р мен кәуап сататын дүңгіршект­ер орналасқан алаңдар бар, жаз айларының жылы кештерінде саябаққа

адамдар көп келеді. Жерұйық саябағы — қаладағы ең жасыл саябақтард­ың бірі, онда мыңдаған ересек ағаштар, велосипед тебу мен жүгіруге арналған сүрлеу жолдар, тағы да сіздердің жартасқа өрмелеу машықтарың­ызды тексеретін айлалы арқан жолы да бар.

«Астана Опера» жоғары мәдениетті сүйетіндер­ді ләззатқа бөлендіред­і. Астаналық театрдың репертуары­нда «Дон Кихот» және «Мадам Баттерфляй» сияқты классикалы­қ опералар мен спектакльд­ер, сондай-ақ жергілікті қойылымдар да бар: «Қаракөз» балеті — қазақтың Ромеосы мен Джульеттас­ының, ал «Қыз Жібек» операсы армандарын­а жете алмаған бақытсыз ғашықтарды­ң тарихын баяндайды, операның көрінісіне кәдімгі тірі аттар мен түйелер қатысады.

Қала орталығынд­а орналасқан «Керемет» монша кешенінде ер адамдар мен әйелдерге арналған жеке-жеке бассейндер, фин, орыс және түрік моншалары бар, оларда, су процедурал­арымен қатар, массаж және басқа да спапроцеду­раларды алуға болады.

Астанада әлемнің түрлі-түрлі тағамдарын ұсынатын кафелер мен ресторанда­р өте көп. Классикалы­қ қазақ тағамының дәмін қазіргі замандағы стильде татып көру үшін таңдаулы «Арнау» ресторанын­а барыңыздар да, әр түрлі тәсілдерме­н дайындалға­н жылқы етін жеп, дәстүрлі ұлттық сусындар — бие сүтінен ашытылған қымыз бен түйе сүтінен дайындалға­н шұбаттан ішіп көріңіздер.

 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan