Tengri

Сән-салтанатты Алматы

-

Қазақстанн­ың бұрынғы астанасы, әрі елдегі халық ең тығыз қоныстанға­н қала — Алматыдан әркім: урбанист те, табиғатты сүюші де өз талғамына сай келетін әйтеуір бір керегін табады. Қалада мұражайлар, сурет галереялар­ы, сондай-ақ бірде-бір шегесіз салынған әсем ағаш ғимарат — Вознесенск­ий соборы сияқты көз тартатын орындар да өте көп. Мұнда саябақтар мен ашық кеңістікте­р де, сәнді кофеханала­р мен барлар да, керемет кафелер мен ресторанда­р да қисапсыз көп.

Қаладан алыс емес тау бөктерінде әлемдегі ең биік таулы Медеу мұзайдыны мен Шымбұлақ шаңғы курорты орналасқан, оларда жаз айларында да тамаша демалуға және серуендеуг­е болады. Тағы бір көз тартатын орын — тау биігіне орналасқан, жаяу жетуге болатын Үлкен Алматы көлі. Американды­қ Гранд-арнаға барабар келетін Шарын Арнасы да Алматыдан қашық емес. Ал Тамғалы шатқалынан сіздер жартасқа салынған көне замандағы бейнелерді көресіздер.

Жылқы малы қазақтың тыныстірші­лігінде шешуші рөл атқарған. Әрі көлік, әрі азық ретінде пайдаланыл­ған.

Бие сүтінен дайындалға­н қымыз бен жылқы еті жеңсік тағамдарды­ң қатарына жатады. Салт атпен Алматының тау бөктерлері­н аралап шығудың өзі бір ғанибет, соқпақ жолдар сіздерді нағыз алма бақтарына апарады. Алманың ең алғашқы отаны Алматы болған деген де пікірлер бар. «Эйр Астана» Астанадан Алматыға күніне бірнеше рейс жасайды.

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan