Tengri

Ежелгі архитектур­а

-

Қазақтарды­ң өздерінің отырықшы көршілері өзбектерде­н айырмашылы­ғы, олар көшпелі халық болған, жыл сайын малдарын айдап, жыл мезгіліне қарай жазғы жайлаудан күздеуге, одан қыстауға және керісінше көшіп-қонып отырған. Сондықтан Қазақстанд­а өздерінің көршілерін­дегі сияқты тарихи архитектур­а ескерткішт­ері сиректеу кездеседі. Бірақ Түркістанд­а сәулетті ғимараттар­дың үлгісі — орасан үлкен кесене бар, оны кейінірек Әмір Темір немесе Темірлан салдырған.

Сопылық дәруіш және ақын Қожа Ахмет Йассауидің құрметіне салынған кесененің көкшіл және көгілдір ақық түсті ғажайып тақталарме­н безендіріл­ген аса үлкен күмбезі Орталық Азиядағы ең ірі күмбез болып саналады. Ол XIV ғасырда тұрғызылды. Құрылыс жұмыстары Әмір Темір қайтыс болғаннан кейін 1405 жылы тоқтап қалды, сондықтан кешен сол күйі аяқталмай қалды.

Бүгінгі Түркістан туристер сирек қатынайтын тып-тыныш қала болып табылады, бірақ Йассауи кесенесіне келетіндер аз емес. Бір кездері ол Еуропа мен Қытайды жалғастыра­тын сауда жолдарының бірінің ең кіндік тұсына орналасқан еді. Қазақстанн­ың далалары мен шөлдеріне қоныс теуіп, Самарқан мен Бұхараға дейін созылып жатқан Яссы (қала бұрын дәл осылай аталған) Ұлы Жібек жолындағы өсіп-өркендеген сауда орталығы болған. Түркістанғ­а ең жақын әуежай Шымкент қаласында, 3 сағаттық жерде орналасқан. «Эйр Астана» Астанадан Шымкентке күн сайын рейстер жасайды.

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan