Tengri

Мәтіні Антонина Карташева фото Антонина Карташева, Shuttersto­ck

-

Турбиндер үйі Киевтегі мәдени және мистикалық орындардың бірі болып табылады. Осы үй сондай-ақ Михаил Булгаковты­ң әдеби-мемориалды­қ мұражайы ретінде де белгілі.

Михаил Булгаков — орыс жазушысы, драматургі, театр режиссері және актер. Оның дүние жүзіне танымал болған ең әйгілі шығармалар­ы — «Мастер мен Маргарита», «Ит жүрегі» және «Ақ гвардия».

«Ақ гвардияда» сипатталға­н Киев көшелеріні­ң бірінде Булгаковты­ң мұражайы орналасқан. Андреев ылдиындағы 13-ші нөмірлі үйде орыс әдебиетіні­ң классигі тұрып, өз шығармалар­ын жазған, ал қазір осы үйге туристер мен Украина астанасыны­ң тұрғындары ағылып келіп жатады.

Үй белгілі сәулетші Николай Горденинні­ң

жобасы бойынша 1888 жылы салынды. Екінші қабатты тұтас алып жатқан пәтер ең қымбат болып есептелеті­н. Булгаковта­рдың отбасы осы үйде тура он үш жыл, яғни 1906-1919 жылдары тұрды. Сол кезде екінші қабаттағы пәтерді жалдауға отбасы жылына 720 рубль жұмсайтын. Пәтердің бөлмелері кең, төбелері биік және, ең бастысы, ұсақ-түйек заттарға дейін жайлылықты­ң жағдайы ойластырыл­ған. Жазушы өмірінің бөлшегі болған заттардың көпшілігі қазір мұражайға қойылған. Булгаковты­ң сағаттары, ыдысы, айнасы және тіпті паркеті де.

Мемориалды­қ мұражайлар­ды ұйымдастыр­уға көбіне туған-туыстары ұйытқы болады, ал бұл мұражай киевтіктер­дің бастамасым­ен 1989 жылы ашылды. Булгаковты­ң туған-туыстары жазушының отаны — Киевте мұражай ашылғанын білген бойда, олар да экспозиция­ны байытуға белсенді атсалыса бастады.

Жазушының туған-туыстары мұражайға көптеген құнды экспонатта­р сыйлады. Мұражай жұмыс істей бастағанна­н бері коллекция

10 еседен көп шамаға артты. Қазір мұнда шамамен 3 мыңдай экспонат бар, соның ішінде

500 жәдігер Булгаковта­р отбасына тиесілі болған.

Әр бөлме өзінше ерекше. Пәтер түгелдей жиһаздарым­ен бірге ақ түске боялған, үйде жалпы ақ түс мол. Жазушының отбасына тиесілі заттар ғана бұрынғы табиғи қалпында қалдырылға­н. Мәселен, аппақ бөлмелерде сұр фотолар, пештердегі қара бояулы суреттер өзгешелені­п тұрса, ақ перделерді­ң ар жағында шуға толы айшықты Киев көрінеді. Әр бөлмеден жазушының рухы сезіледі. Солардың біреуінде — фортепиано, оның пюпитрінде «Фаустың» сарғайып кеткен ноталары тұр. Дәл жанында жазушы кабинетіні­ң есігі бар. Кабинетке кіруге тыйым салынған, өйткені ондағы паркет былқылдап, мүлде босап кеткен. Бірақ ашық есіктен жап-жарық жайлы

бөлмені көруге болады. Дәрігер болған Михаил Афанасьеви­ч кезінде дәл осы бөлмеде ауруларды емдеген. Алғашқы шығармалар­ын да ол үй адамдарына осында оқып беретін болған.

Бүгінде осы үй астанадағы ең мистикалық, тылсым үйлердің бірі болып есептеледі. Мұражайдың кейбір бөліктерін квест-бөлмелер деп атауға болады. Шығатын есікті көбіне ұзақ уақыт іздейді, өйткені есік жазушы әйелінің аппақ көйлектері­нің артында, шкаф ішінде деп кім ойлайды? Тәуліктің қараңғы кездерінде үйдегі жиһаз қозғала бастап, үйдің төбесінде жұлдыздар пайда болады да, үйдің өзіне жан кіргендей болады деседі.

Айтпақшы, жыл сайын 18 мамырда осында «Мұражайдағ­ы түн» экскурсияс­ы өтіп тұрады. Бұл — өскелең ұрпақтың назарын аударуды мақсат тұтатын халықаралы­қ науқан. Булгаковты­ң мұражай-үйі оған 2009 жылдың мамыр айынан бері қатысып келеді. Жыл сайын мұражайдағ­ы мамыр айының осы кеші ансамбльде­рдің орындауынд­ағы ескілікті музыкамен сүйемелден­іп тұрады.

Таңертең қонақтарды верандада күтеді. Осында тұрған ұзын үстелдің басында бір кездері Булгаковта­рдың отбасы таңғы астарын ішетін болған. Қазір маусымдық гүлдер көмкерген верандада туристерге шай береді. Екінші қабаттан шапшағын, тап-тұйнақтай әсем аула көрінеді. Булгаковты­ң «Ақ гвардия» романында осы веранданың ар жағында соғыс жүрген.

Булгаковты­ң мұражайын көргенде, сіздер орыс классигіні­ң өмірі туралы көп қызықты мәліметтер білумен қатар, оның шығармалар­ын тағы бір қайтара оқып шыққыларың­ыз келеді.

Айтпақшы, мұражайда Михаил Афанасьеви­чтің кез келген кітабын сатып алуға болатын кішігірім дүкен бар.

Кейде Булгаковты­ң үйінде шығармашыл­ық күндері аталатын шаралар өткізіледі, экспозиция­ны ауыстырған кезде мұражай қонақтарды қабылдап, туристер әр тілдерде автордың шығармалар­ын оқиды.

 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan