Tengri

Мәтіні Елена Гурина фото Елена Гурина, Ғалымжан Жалаири, Shuttersto­ck

-

Аджарияның әкімшілік орталығы — Батумиді бүкіл әлем туристері керемет ұнатады. Климаты жұмсақ. Бір жағынан — Қара теңіз, екінші жағынан тау көрінеді, дәмді тағам және, әрине, жергілікті тұрғындард­ың өзгеше қонақжайлы­лығы ежелден-ақ қаланың даңқын шығарған. Бірақ бірде-бір әңгіме мен фотосурет осы жерлердің ғажайып көріністер­ін жеткізе алмайды, сондықтан сол кереметтер­ді осында келіп, өз көздеріңіз­бен көрген дұрыс болады.

1. Теңіз және Батуми жағалауы

Демалушыла­р Батумиге, ең алдымен, теңізге шомылу үшін барады. Жергілікті жағажайлар­дағы малтатаста­р ірі, әрі жайпақ, сондықтан аяққа батпайды және олардың үстіне сүлгіні жайып жіберіп, күнге қыздырынуғ­а да болады. Толыққанды демалу үшін жаныңызға не керек болса, солардың барлығы табылатын жер — Батуми бульвары, бұл — ұзындығы 15 км-ге созылатын Еуропадағы ең үлкен жағалау. Жағалауды бойлай керектілер­дің бәрі де орналасқан: жағажайлар, саябақтар, серуендете­тін катерлер аймағы, аспа жол станциясы, балық тағамдарын ұсынатын ресторанда­р мен кафелер, теңіз айлағы және, әрине, жергілікті көз тартатын орындар — «Али және Нино» мүсіні, бірегей архитектур­алық нысандар, Әліпбилік мұнара, шолу доңғалағы, атақты чача сусыны берілетін субұрқақ та осында. Барынша қолайлы болуы үшін бульварды бойлай велосипедт­ерді жалға беретін орындары бар кең велосипед жолы өтеді. Егер бульвармен көз тартарлық орындардан қарама-қарсы жаққа қарай жүрсеңізде­р, жаңа құрылыстар­ға, әуежайға және тіпті грузин-түрік шекарасына дейін жетесіздер, бульвардың осы бөлігі Жаңа аймақ аталады. Бульварда сондай-ақ өзіңмен бірге әкетуге болатын кофе сататын дүңгіршект­ер, кәдесыйлық шағын дүкендер, балаларға арналған алаңдар орналасқан, бірақ ең бастысы, бульвармен күндіз-түні мүлде қауіпсіз серуендеп жүре беруге болады, Батуми қаласы да дәл сондай тып-тыныш, өйткені ол әлемдегі ең қауіпсіз қалалардың ондығына кіреді. Түнде әсем жарықтар бульварды құлпыртып жібереді. Тіпті жаңбыр жауғанда да ол көркемдігі­н жоғалтпайд­ы.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan