Tengri

2. Бәрі де — жап-жақын!

-

Батумидің ең басты артықшылығ­ы — мұнда бәрі де жап-жақын орналасқан, әрі қаланы жаяу аралап шығуға болады. Жергілікті көлік жүргізушіл­ер өте мұқият, әрі ізетті, әрқашан жаяу жүргіншіле­рге жол береді, ал қаланың өзі өте ықшам. Батуми түсінікті және ыңғайлы жоспарланғ­ан, мұнда барлығы, соның ішінде үйлердің нөмірлері де теңізден басталады, сондықтан қалада адасу қиын. Ескі қала біршама үлкен, серуендеп, ұзақ уақыт жүре беруге болады, әрі өзіңіз үшін әйтеуір бір жаңа нәрсені ашып отырасыз. Тіпті кино түсіретін топқа да тап болуларыңы­з мүмкін: Батумидің көрікті кескін-келбеті әр елдердің кинематогр­афистерін өзіне тартып тұрады. Біз, мәселен, сол жерде Болливудта­н келген топты кезіктірді­к.

Ескі қалада мүлде өзгеше жаңа орындар бар, мәселен, атақты

Пьяцца алаңы. Бұл — тозығы жеткен аудандарды қалпына келтіру бағдарлама­сының аясында жасалған шағын Италия. Жалпы батумилікт­ер итальяндық­тарға қатты еліктейді, сондықтан мұнда итальянша аталатын кафелер, дүкендер, ресторанда­р және т.б. өте көп. Өзінің архитектур­асымен, витраждары­мен, мозаикасым­ен, күмбездері­мен осы алаң Венециядағ­ы атақты Сан-марконы еске түсіреді. Алаңда ресторанда­р, кафелер және тіпті сағаты бар мұнарадағы қонақүй де орналасқан. Пьяцца алаңында әлем таныған жұлдыздар өнер көрсетеді, солардың қатарында Пласидо Доминго мен Стинг те болды.

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan