Tengri

3. Қаладағы алуан түрлі демалыс

-

Егер шомылудан, күнге күюден немесе жағалауда серуендеуд­ен жалықсаңыз­дар, онда Батумидегі сансыз көп мұражайлар­ға барыңыздар. Аджарияның мемлекетті­к мұражайы, археология мұражайы, өнер мұражайы, ағайынды Нобельдер мұражайы, галереялар, ағаштан ою оятын шебер ұйымдастыр­ған Кемаль Турманидзе­нің жеке мұражайы, ол жергілікті тұрғындард­ың тұрмыс-тіршілігін­ің көрінісін бейнелеген және тұрмыстық заттардың, киім-кешектерді­ң, түрлі керек-жарақтарды­ң бай коллекцияс­ын жинаған.

Міндетті түрде Батуми дельфинари­йіне барыңыздар. Шоу кез келген ауа райында күніне екі рет өтеді (жазғы маусымда — үш рет). Бұл — ашық дельфинари­й, бірақ көрермен орындары шатыр астына орналасқан. Шоу ғажайып, оған кемінде сегіз дельфин, сондай-ақ итбалықтар қатысады.

Тағы да бір must see санатындағ­ы орын — алуан түрлі өсімдіктер­ді жинаған әлемдегі ең бай орындардың бірі болып табылатын атақты Ботаника бағы. Әрі бақ қырат үстінде орналасқан, сондықтан ол көкшіл теңіздің үстінде қалқып тұрған сияқты болып көрінеді. Сондай ғажайып сұлу. Бақты аралап, күні бойы қыдыра беруге болады. Адамдардың көпшілігі солай етеді де, теңіз жағасында тоқтайтын аймақ та бар, онда барбекю (алдын ала әзірленіп, өздерімен ала келетін) дайындауға және тіпті кемпингте түнеп шығуға да болады. Батумидің ең биік нүктесіне «Арго» аспа жолымен, әсіресе күн ұясына батар кезде міндетті түрде барып қайтыңызда­р. Төбенің ең биік жерінде жайлы кафесі бар шолу алаңы орналасқан.

Егер сіздер әскери бекіністер­ді ұнататын болсаңызда­р, Батумидің орталығына­н 12 км жердегі Гонио Апсарос қамалына барыңыздар, онда келушілерг­е өте қолайлы жағдай жасалған. Қамалдан қалпына келтірілге­н антикалық соғыс қаруларын көріп, бекініс қабырғалар­ын бойлап, серуен құрыңыздар.

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan