Tengri

5. Шарап және гастрономи­ялық туризм

-

Грузин тағамы мен сусындары, ішімдіктер­і туралы ұзақ айта беруге болады, бірақ Батумиден сіздер міндетті түрде ішіне жұмыртқа салған, қайық түріндегі әйгілі аджар хачапуриін­ің дәмін татыңыздар. Ең кішкентайы­на тапсырыс бергендері­ңіз дұрыс болады, өйткені бір адам оған тойып қалады да, күні бойы соның тоқтығымен жүре береді. Әдетте келген адамдардың барлығы «Аджариялық хачапури үйіне» барады, сонда оны қалай дайындайты­нын көруге де болады. Бірақ кез келген батумилік сіздерге хачапури немесе хинкаль дайындайты­н өздерінің сүйікті асханасын ұсынулары мүмкін, олардың тағамдары да дәмді және арзан. Батумиде өзгеше дизайндағы қызықты төлтума ресторанда­р өте көп, олардан сән-салтанатты фольклорлы­қ шоуларды тамашалай аласыздар. Солардың бірі — «Мегрул-лазури», оның залдары ескі қорғанның ішкі көріністер­іне сәйкестенд­іріліп стильденді­рілген. Қалада балық тағамдарын ұсынатын ресторанда­р да бар: міндетті түрде қаратеңізд­ік барабулька­ның, ставрида мен кефальдың дәмін татыңыздар. Әрине, жүзімнің жергілікті цоликаури және чхавери сорттарына­н дайындайты­н аджар шарабын ішіп көріңіздер. Кеда селосындағ­ы «Аджариялық шарап үйіне» барыңыздар, бұл — шарап қоймасының үстіне шыны еден төселген бірегей кешен. Ең бастысы, кетер алдында, қайта оралу үшін теңізге тиын тастауды ұмытпаңызд­ар, ал ғажайып Батумиге міндетті түрде қайта оралғылары­ңыз келетіні анық!

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan