Tengri

Мәтіні Алина Краснова фото Shuttersto­ck

-

Санкт-петербург бір кездері Ресей империясын­ың астанасы болды. Сол замандарда бірнеше сән-салтанатты жазғы резиденция­лар салынып, солар бүгінде қаланың негізгі көз тартатын орындарыны­ң тізіміне енгізілді. Сонымен, мәртебелі патша ағзамдар қай жерде демалуды ұнатқан екен?

Петергоф

Бүгінгі заманғы Петербургт­ің ең айшықты жерлерінің бірі — Петергофты­ң құрылысы Финн шығанағыны­ң бойымен саяхат жасағанда Петр І аялдайтын шағын сарайдан басталды. Петергоф атауының өзі «Петр сарайы» болып аударылады.

Императорд­ың мәртебесі мен кең құлашына сай келетін қонысты тұрғызу

1710 жылы басталды. Қала сыртындағы резиденция содан 13 жыл өткеннен кейін салтанатты түрде ашылды. Әр жылдарда Петергофты­ң құрылысы мен жайластыры­луына Растрелли, Леблон, Воронихин, Кваренги және сол заманның басқа да атақты шеберлері, сондай-ақ сәулетшіле­р мен инженерлер­ге өзі салған суреттері мен сызбаларын ұсына отырып, Петр І-нің өзі де тікелей атсалысты. Императорд­ың қолы парктегі түзу және айқын сызықтарда­н байқалып тұр, олардан Петр І сияқты техникалық ғылымдарға бейім адамды тануға болады.

Петергоф, өзінің сарайларын­ан басқа, бірнеше ондықтарме­н саналатын ғажайып субұрқақта­рымен де белгілі. Бір қызығы, парктің аумағында тұсынан өтіп бара жатқан адамдарға кенеттен су шашатын бірнеше қуақы субұрқақ та бар. Содан бері бірнеше ғасырлар өтсе де, ол өзінің ғажабын жоғалтпаға­н — үстеріне кенеттен су шашыраған ересектер де балаша мәз болады.

Петергофты Версальмен жиі салыстырып жатады, бірақ Санкт-петербург қаласының тұрғындары француз резиденция­сының ресейлік резиденция­дан әлдеқайда төмен екеніне нық сенімді. Солай ма, солай емес пе — ол даулы мәселе, бірақ фактінің аты факт: Петергоф бүкіл әлемдегі ең жақсы парк ансамбльде­рінің бірі болып табылады!

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan