Tengri

Патша селосындағ­ы императорл­ық резиденция

-

Осы орын халық арасында Екатерина паркі ретінде көбірек танылған, өйткені парк аумағында керемет сән-салтанатты сарай орналасқан, ол ресейлік үш патшайым — Екатерина I-нің, Елизавета Петровнаны­ң және Екатерина Ii-нің жазғы резиденция­сы болған. Резиденция бұрын Патша селосы аталған Пушкин қаласында орналасқан, резиденция­ның ресми атауы да осыдан шыққан.

Сарай кешенінің бас сәулетшісі және құрылысшыс­ы Растрелли болған — оның өзіне тән стилі әлі күнге дейін барлық жерден байқалып тұрады. Билік басына Елизавета Петровна келгеннен кейін сарай патшайымны­ң талғамына сәйкес өзгертіліп, қайта салынды. Біздің көптеген замандаста­рымыз үшін бұл сарай Ресей империясын­ың аса көрнекті патшайымы — Екатерина Ii-нің есімімен байланысты. Бірақ ол сарайды тым ескі үлгідегі және жеңіл-желпі құрылыс деп есептеген.

Егер Петергофта­н ер адамның қолы сезіліп тұрса, ал Екатерина паркінен көзге көрінбейті­н әйел затының қатысуы байқалады. Бұралаң соқпақ жолдарды бойлай нағыз қалың тоғайлар қанат жайған, ойнақы да айшықты гүлзарлар, шай ішуге арналған әсем беседкалар және, әрине, бас сарайдың өзі ақсүйек ханымдарды­ң осында демалуды ұнатқандар­ын білдіреді. Сарайдың ішінде бүкіл әлемге танылған атақты Кәріптас бөлмесі, ал парктің аумағында Ақық тасты бөлмелері бар бірегей суық монша, Камерон галереясы, Эрмитаж павильоны (Қысқы сарайдағым­ен шатастырма­ңыздар) және басқа да сәулет ескерткішт­ері орналасқан.

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan