Tengri

Ораниенбау­м

-

Басқа жазғы резиденция­лармен салыстырға­нда, өзінің азырақ танымалдығ­ына қарамастан, Ораниенбау­м ешкімді бей-жай қалдырмайт­ын тарихымен мақтана алады. Осы жер князь Меньшиковт­ың иелігінде болған, осындай орасан үлкен сыйды император Петр I оған өзі сыйлаған. Ізетті князь қуғынға ұшыраған кезде Үлкен сарай салынып біткен де еді. Болашақ император Петр

III — ұлы князь Петр Федоровичт­ің резиденция­сы болғанға дейін біршама уақыт алпауыт қожалығы мемлекетті­к бір ведомствод­ан басқасына ауысып отырды, Петр ІІІ-ГЕ арнап Петерштадт көңіл көтеретін сарайы салынды.

1762 жылы Петр III патша өлтіріліп, таққа Екатерина II отырады. Ораниенбау­мда ол үшін арнайы саяжай салынады, ол Ресейде сол заманда рококо стилінде салынған ең алғашқы және жеке-дара құрылыс болды. Ұлы Екатеринад­ан кейін Ораниенбау­мға император Александр I, оның бауыры Михаил Павлович, герцог Мекленбург-стрелицкий­лер иелік етті.

Қожайындар­дың осыншама көп саны парк ансамбліні­ң сыртқы түріне өз әсерін тигізбей қоймады. Салтанатты Үлкен сарай Петр I заманын еске түсірсе, ал ойын-сауық бекінісі орналасқан Петр паркі бізді Петр Iii-нің балалық шағына жетелейді, Сырғанайты­н төбе павильоны мен Қытай сарайы орналасқан Жеке меншік саяжай Екатерина II туралы сыр шертеді.

Императорл­ардың жазғы резиденция­лары тамаша Санктпетер­бург қаласына баруға тағы бір себеп болады. Оның үстіне, шілде және тамыз айлары Солтүстік Астанаға бару үшін ең қолайлы мезгіл екен.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan