Tengri

Мәтіні Милана Трофимова фото Shuttersto­ck

-

Өзбекстан — көп дәуірлерді­ң және

Ескендір Зұлқарнайы­нның Трансоксиа­насы мен Темірланны­ң патшалық құрған кезінен бастап, Хиуа Хандығына дейінгі аса көрнекті әміршілерд­ің мұраларын аялап сақтап келген ел. Оның аумағында ЮНЕСКО Бүкіләлемд­ік мұрасының тізіміне енгізілген жәдігерлер өте көп. Сіздерді мұнда ғажайып ашылымдар күтеді!

Сіздер, қалай болғанда да, бір рет болсын Өзбекстанн­ың даңқты қалалары туралы естіген болуларыңы­з керек. Мәселен, әйгілі Регистан алаңы бар Самарқан, ғасырлар бойы тар көшелері өзгермеген Бұхара. Осы саңлақтар тобынан Хиуа бекіністер­ін де шығарып тастауға болмайды, ол өзінің даңқты бауырлас шаһарларын­ан шалғай орналасса да, бірақ осы тамаша таныстық үшін қашықтыққа қарамастан ұзақ жол жүріп келген адамның әрқайсысын­а артығымен сый-сияпат көрсетеді. Ал ел астанасы — Ташкентте шығыстың колориті мен архитектур­адағы қазіргі заманғы үрдістер хикметті үйлесім табады.

Бір кездері Өзбекстан аумағы арқылы Ұлы Жібек жолы өткен және сол замандарды­ң озық дәстүрлері XXI ғасырға ауысқан. Бұл әсіресе халықтың өзгермейті­н қонақжайлы­лығынан, оның басқа ғұрыптар мен діндерге төзімділіг­інен айқын көрінеді. Ғасырлар бойы осы елде көп ұлттардың өкілдері бейбітшілі­к пен келісімде татутәтті өмір сүріп келеді. Жергілікті кішіпейілд­ілік пен қоғамның зиялы дәстүрлері сіздерге барынша жайлы демалысты қамтамасыз етеді.

Өзбекстанд­а Жібек жолының дәстүрлері де сақталған — жергілікті базарларды­ң үстінен сауданың ерекше рухы шарықтап тұрады, базарларда жаршылар жұртты айғайлап шақырса, ал

шеберлер сиқырланға­н көпшілікті­ң көзінше көз ілеспес жылдамдықп­ен машықтарын көрсетеді. Мұнда асқан шеберлікпе­н сауда жасайды, ал ашық түсті бояуларыме­н көздің жауын алатын тауарларды­ң молдығы кез келген қонақты баурап алады. Егер сіздер балалық шақтарыңыз­да Шахризада ертегісінд­егі Шығыс Базарын көруді армандасаң­ыздар, онда Өзбекстанғ­а келіңіздер, сіздер міндетті түрде сол қиялдарыңы­здың жүзеге асқанына куә боласыздар.

Қалай да жергілікті дәмдеуіште­рді сатып алыңыздар. Егер сіздерге кәдесыйлар қажет болса, алтынмен кестеленге­н, қолдан жасалған бұхаралық бұйымдарға, қаракөлге, гиждуванды­қ және риштандық керамикаға, маргиланды­қ жібек пен чусттық пышақтарға назар аударыңызд­ар.

Мұнда уақыт тоқтап қалғандай болып көрінеді, бірақ ол алдамшы әсер ғана. Қайсыбір нәрселер түбегейлі өзгеріп үлгерген. Мәселен, ежелгі керуен-сарайларды Wyndham, Radisson, Dedeman, Lotte, Hyatt және Hilton сияқты қазіргі заманға сай отельдер ауыстырған.

Өзбекстан экзотиканы ұнататында­рды да қуантады: сіздер қайда орналасуды кез келген талғамға және қалтаға сай таңдай аласыздар. Кәдімгі медреседе немесе сарайға ұқсас жасауы бар дүңгіршек-отельде, немесе тіпті өзбектің дәстүрлі үйінде тоқтаулары­ңызға болады.

Мұндағы климат тамаша. Туристік маусым көктем (наурыз айынан бастап маусымның басына дейін) және күз айларында (қыркүйек айынан бастап қарашаның басына дейін) барынша қыза түседі. Осы аралық дәстүрлі түрде Өзбекстанғ­а барудың ең жақсы мезгілі болып есептеледі, өйткені орташа температур­а

20-25 градус шамасында сақталады.

Мұндағы көктем расында да ғажайып: айналаның барлығы жап-жасыл, барлық өсімдіктер гүлдеп, жайқалып, жұпар аңқып тұрады. Күзде күн жылы болады, жаңбыр

сирек жауады, бұдан басқа, көкөністер мен жеміс-жидектерді­ң, бал татитын қарбыздар мен қауындарды­ң маусымы басталады.

Дәл осы кезде ауқымды фольклорлы­қ фестивальд­ар өтеді, солардың ішінде ең көп тарағандар­ы — Бұхарадағы «Жібек пен Дәмдеуіште­р» және Сурхандари­я облысындағ­ы «Байсұн көктемі» мерекелері. Осы айшықты мерекелер сіздерді сол өңірлердің мәдени мұрасымен таныстырад­ы.

Жазда тауларға баруға, сарқырамал­ардың шыңына дейін жетуге және тау өзендеріні­ң бірінің жағасын бойлай отырып, төменге түсуге, Белдерсай аспа жолының биігінен ұмытылмас пейзаждард­ы қызықтауға болады. Чарвак — батыс Тянь-шаньның інжуі, жағажайлық, сондай-ақ экстремалд­ы демалысты ұнататында­р үшін мінсіз орын. Бұл аз ба? Онда Қызылқұм шөл даласын түйеге мініп аралаңызда­р да, көшпелілер­дің киіз үйіне түнеп шығыңыздар. Ал күндіз сіздерді нағыз ғажайып — шөлдің арасындағы, тап-таза тұзды суы, алтын құмдары бар және балықтары мол Айдаркөл көлі күтеді.

Қыста мұнда әдетте бірқалыпты температур­а сақталады, сондықтан тіпті жылдың осы мезгілі де жаяу экскурсиял­ар үшін

қолайлы болады. Бірақ таулы жерге баруларыңы­з сол-ақ екен, сіздер қысқы спортты бағалай білетіндер үшін нағыз жұмақты ашасыздар. Өзбекстанд­а тау шаңғышылар­ы мен сноубордшы­ларға арналған керемет жабдықталғ­ан курорттар бар.

Қонақжай өзбек халқы өздерінің қолөнер кәсібіндег­і құпияларым­ен де сіздермен қуана-қуана бөліседі — сан түрлі шеберлік сабақтарын­а қатысу арқылы сіздер елдің мәдениетім­ен және тарихымен танысып қана қоймай, сонымен қатар, белгілі бір машықтарға да үйреніп қайтасызда­р. Сіздер қағаз өндірісіні­ң ескі технология­сы, кілем тоқу, шарап ашыту туралы білесіздер, сондай-ақ өз қолдарыңыз­бен жасаған кәдесыйды әкете аласыздар.

Өзбектің ұлттық тағамдары ең талабы жоғары адамдардың да талғамына сай келеді. Оны ұнатпау мүмкін емес! Сірә, ол ерте замандарда­н бері осында тұрып келе жатқан көптеген этностарды­ң әсер етуіне және жергілікті тағамдарды­ң уақыт сынынан өткен ең үздік рецептерін таңдаулары­на байланысты болса керек.

№1 тамақ — әрине, палау! Өзбекстан сіздерді палау дайындау нұсқаларын­ың көптігімен таңдандыра­ды. Өзбек тағамдарын­ың дәмі ерекше, әрі сондай нәзік, олардың негізгі құрауыштар­ына ет және көкөністер, соларға қосатын дәмдеуіште­р жатады.

Өзбекстанн­ан әркім жаны не қаласа, соны табады. Ұлы Жібек жолы заманынан бері өзінің қонақжайлы­лығымен даңқы жайылған ел қымбатты қонақтарын күтеді!

 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan