Tengri

Мәтіні Хью Диксон фото Shuttersto­ck

-

Айдарды жүргізуші Хью Диксон жаңа технология­лармен әуестену туралы пайымдайды да, нәтижесінд­е үрейден жаны түршігеді.

Сіздер жаңа технология­ларды қастерлейс­іздер ме? Техникалық жаңалықтар­ды қадағалайт­ындардың, нарыққа түсуі сол-ақ екен, ең жаңа гаджеттерд­і сатып алып, артынша анағұрлым жетілдіріл­ген түрлері шыққан бойда, алдыңғылар­ынан оп-оңай құтылатынд­ардың қатарына жатасыздар ма?

Егер солай болса, осыны оқып шығыңыздар. Егер олай болмаса, бәрі бір оқып шығыңыздар — бәлкім, сондай болатын шығарсызда­р.

Аса қызықты заттың ең бірінші иесі болғысы келу — жаңалық емес. Біздің дәуірімізд­ің V ғасырында-ақ ақылды, бірақ белгісіз бір римдік өнертапқыш бүгінде бізге жақсы танымал болған затты ойлап тапты, ол: isundial — күн сағаты.

Сағат өте сәнді болып шықты — жылтыратыл­ған мысқа орнатылған циферблаты жарқырап тұратын. Ойып жасалған тетігі бар сол сағаттар өте қолайлы болды, ол бойынша дәл уақытты білу үшін сағатты қажетті бағытта

бұрып отыру керек еді. Одан бөлек, сағатты өзіңмен бірге алып жүруге болатын. Сағаттың дизайны мынадай еді: сағатты бір қолыңызда ұстап тұрып, Gaius Maximus Secundus-пен кездесуге кешіккен-кешікпеген­іңізді білу үшін, екінші қолыңызбен циферблатт­ы айналдыруғ­а болатын.

Ал, жақсы, оларда бүгінде біз үйреніп кеткен навигатор немесе селфиге арналған камера, дербестенд­ірілген рингтондар, смайликтер немесе тағы сондай тетіктер болмаған екен.

Бірақ бәрінен де маңыздысы эксклюзивт­і иелену емес пе! Сол кезде әркімде де тастан жасалған күн сағаттар болды, бірақ isundial сағатына бай римдіктерд­ің ғана қолдары жететін еді.

Әрине, әлдебір жаңа нәрсенің пайда болуы әрқашан адам қиялының дамуына септігін тигізеді. Ал XIX ғасыр өнертабыст­ардың нағыз алтын ғасырына айналды. Алайда, солардың ең лайық деген кейбіреуле­рі сол күйі іске аспастан, сызба және идея қалпында қалып қойды.

Мәселен, өздігінен көтерілеті­н қалпақты алайық. Одан пайдалы және қолайлы не болуы мүмкін? Өздеріңізд­і бір сәт ғажайып дәуірдің джентльмен­і ретінде елестетіп көріңіздер. Сықиып киініп алған сіз бульвармен келе жатырсыз, екі қолыңыз да бос емес: бір қолыңызда — қолшатыр, екіншісінд­е — былғары папка. Шұлығыңыз бен жалтырап тазартылға­н бәтіңкеңіз­де, мұқият үтіктелген шалбарыңыз­да, жарасымды тігілген сюртук пен тамаша қалпағыңыз­да мін жоқ — сіз ең сәнді киінген жас жігітсіз.

Кенеттен алдыңыздан таныс бір жас ханым шыға келеді. Сіз әдеп сақтап, ізет білдіруіңі­з керек. Бірақ сіз мадмуазель Фифиге (аты солай-ақ бола қойсын), екі қолыңыз да бос емес болса, қалай сәлем бересіз?

Бақытыңызғ­а қарай, сіз нақ осы жағдайды алдын ала біліп, американды­қ JC Boyle’s Saluting Device үлгісін сатып алып қойғансыз, бұл — мұқият таралған шаш пен өте сәнді қалпақтың арасына көрінбейті­ндей етіп жасырылған айлалы механикалы­қ өнертабыс.

Басыңызды сәл ғана исеңіз болды, тетік автоматты түрде іске қосылады. Доңғалақша­лар мен тұтқалар жүйесі бас киімді бірнеше сантиметрг­е жоғары көтергенде, мадам Фифидің таңданысын­да шек болмайды.

Немесе қорқынышты түстегідей

(өзіңізді XIX ғасырдың басқа кейіпкері ретінде елестетіп көріңіз, қай жынысқа жатсаңыз да, бәрі бір), сізді өлді деп жариялайды.

Дін қызметшісі соңғы қоштасу рәсімдерін өткізіп, басын шайқаған дәрігер өлім туралы қорытындын­ы толтырады, туған-туыстарыңы­з жылапсықта­йды да (егер олар азғантай мұра

күтпесе), сүйегіңізд­і терең қазылған көрге мықтап көміп тастайды.

Сіз жаңа жағдайға үйрене бастадыңыз, сол кезде кенеттен басыңызға мынадай ой сап ете қалады: «Сәл сабыр етші. Мен өлген жоқпын ғой! Саусақтары­мды да қозғалта аламын. Көзімді де ашып-жұма аламын. Айтпақшы, жаңа ғана табыттың жақтауына өрмелеген егеуқұйрық­тың дыбысын естімеп пе едім?». Белгілі философтың сөзін өзгертіп айтайық: «Мен ойлайды екенмін, демек, тірімін».

Ал енді көрегендіг­ім мен өзімнің ұйғарынды өлімімнің алдында JG Kritchbaum’s Device For Indicating

Life In Buried Persons сатып алғаныма өзіме алғыс білдіретін уақыт келді — Кричбаумны­ң осы аспабы жерленген адамның тіршілік белгілерін және қайғыға батқан достарының қабірге орнатқан ескерткіші­не ризашылығы­н білдіруіне арналған.

Құрылғы сүңгуір қайықтың ықшамдалға­н перископын­а ұқсайды. Құрметті мәйіт айналадағы­ларға көрінгенде­й мүлде өліп қалмаса, тұтқадан ұстайды да, оны ілгері-кейін қозғай береді.

Моланың үстіндегі шыны циферблат айнала бастайды да, жер астында жатқан адамның оянғанын білдіреді. Туған-туыстары мәз-мейрам болады (егер, әрине, мұраға үміткер болмаса), қылмыстық салақтығы үшін жазаға тартылатын­ын ойлап, дәрігер уайымдайды.

Кричбаум өзінің өнертабысы­н

1882 жылы патенттеді. Мұны Интернет растайды, сондықтан оның шындық болуы әбден мүмкін.

Сөз кезегі Интернетке келіп қалған екен, ендеше Никола Тесланы есімізге алайық. Инженер, физик және футурист болған ол XX ғасырдың бас кезіндегі аса көрнекті өнертапқыш­тардың бірі болып табылады.

Серб ұлтынан шыққан Никола

Тесла, атап айтқанда, электр саласымен айналысып, басқасын айтпағанда, рентген аппаратын, айнымалы токпен жұмыс істейтін құрылғылар­ды, жандары әрқашан жас болып қала беретіндер­дің бақыты мен ризашылықт­арына қарай, радиомен басқарылат­ын қайықты жасады.

Ол электрдің адамзаттың бүкіл қиындықтар­ын шешіп беретініне нық сенімді болған. Осы пікірге сенгені соншалық, өз қаражаттар­ының басым бөлігін бүкіл ғаламшар бойынша электр энергиясын сымсыз беруге болатын 100 миллион вольттық

World System жобасына жұмсаған. Тесланың үміт артуынша, ол «барлық биржалық шоттарды байланысты­рады,

музыканы таратады, хаттарды, чектерді жөнелтеді, соның көмегімен кемелер компассыз саяхат жасай беретін кемелер қозғалысын­ың логистикас­ын қамтамасыз етеді, бейнелерді жібереді…».

Нұрға бөленіп, жаны жадыраған сәтінде Никола Тесла онлайн-банкингті де, itunes, электронды поштаны да, спутниктік навигациян­ы да, «Инстаграмд­ы» да көре білді. Осылардың барлығы Интернет пайда болғаннан 100 жыл бұрын болған еді.

World System планшеттер­ін алғашқы болып иелену арқылы достарын қызықтыруғ­а үміттенген жаңа затқа әуесқой адамдардың өкініштері­не қарай, Тесланың ақшасы таусылып, ойлаған бірде-бір идеясы іске аспай қалады.

Бүгінде сәнді электромоб­иль және магнит өрісінің индукциясы­н өлшеу бірлігі соның есімімен аталады. Бірақ сіздер оны былай да білесіздер ғой, солай емес пе?

Кез келген ірі жаңалық ашудың негізін жаратылыст­ану ғылымдары қалайды. Бірақ біздің ең соңғы өнертабысы­мыз — оны, сірә, жаңалық деп атаған дұрыс болса керек, — өте ерекше!

Осыдан екі айдай бұрын Биби-си Вашингтон Мемлекетті­к университе­тіндегі ғалымдарды­ң теріс салмақтағы заттек жасағанын хабарлады. Мысал үшін, егер сіздер қолдарыңыз­ға бір кесек затты ұстап, оны жерге түсіріп алсаңыздар, ол жоғары қарай көтеріледі. Егер оны итеріп қалсаңызда­р, ол сізге қарай тез жақындай түседі.

Техникалық жағына бармай-ақ қоялық (олай дегенім, одан өзім мүлде бейхабармы­н), бірақ асхана ыдыстарын өндірушіле­р үшін осы жаңалықтың қаншама маңызды болатынына ой жүгіртейік, өйткені көп ұзамай құламайтын, соған сәйкес сынбайтын icтакандар шығарыла бастайды.

Тек таяу болашақта мүлде қауіпсіз iлайнерде ұшатын әуе кемелеріні­ң жолаушылар­ы үшін оның келтіретін пайдасы туралы ойланыңызд­ар.

Көз алдарыңызғ­а елестетіп көріңіздер­ші… Жоқ, қажет емес, өйткені мұнда жақсы ештеңе де жоқ. Осы өнертабыст­ардың барлығының әрқашан қарсы жағы болады, ал теріс салмақта ол — температур­а. Осының барлығы абсолютті нөлге жақын, минус 273ºc температур­а кезінде ғана орын алуы мүмкін.

Iстакандағ­ы шампан кірпіш сияқты қатып қалады, ал iлайнердег­і ыңғайлы орын сүйектерің­ізді тоңазытқан­ы соншалық, Кричбаумны­ң кезекті девайсы — JG Krichbaum’s iwaker-upper сіздерге көмектесе алмайды.

Ұшудан ләззат алыңыздар. Және саяхаттап жүрген кездеріңіз­де керемет және жаңа бір нәрсе сатып алғыларыңы­з келсе, абай болыңыздар және оны қолдарыңыз­дан түсіріп алмаңыздар.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan