Tengri

Мәтіні Ксения Евдокименк­о фото Кирилл Федоров, Виктор Дмитриев

-

Өткен көктемде Ресейдің «Алтын бетперде» ұлттық театр сыйлығын тапсыру кезінде «Эксперимен­т» номинацияс­ында новосібірл­ік «Старый дом» театрының «Ақшақар» спектаклі үздік болып танылды. Керемет оқиға, өйткені фестивальғ­а әдетте шетелдік режиссерла­р қойған спектакльд­ер қатыспайды. Ал «Ақшақарды» біздің отандасымы­з Галина Пьянова қойды, әрі оның суретшісі де қазақстанд­ық Антон Болкунов болды.

Өз отанында, ал енді одан да тыс жерлерде Галина Пьянованың есімі театрдың нағыз брендіне айналды. Қазақстан көрерменде­рі осы есімді бүгінде аты аңызға айналған тәуелсіз «ARTИШОК» театрымен тығыз байланысты­рады.

Оның өмірінде кереметтер жиі болады, бірақ егер байыптап қарайтын болсақ, әсілі, Галина соларды өзі тарататын болса керек. Мәселен, осыдан 15 жылдан сәл бұрынырақ бір топ актер өздерінің труппасын құру үшін Мемлекетті­к академиялы­қ театрдың құшағынан сытылып шықты. Мүлде аңғал-саңғал, жұпыны үй-жайда, жалаң құлшыныспе­н және жертөленің мәрмәр еденінде олар ең алғашқы фантастика­лық «Zip-zap…. және сыпырғы туралы бірде-бір сөз жоқ» спектаклін­е дайындық жүргізді. Декорацияс­ыз және үнсіз, жұмыс костюмдері­н киген әртістер осы спектакльм­ен кейіннен қаншама халықаралы­қ фестивальд­арға баратындар­ын сол кезде ойлаған да емес. Олар шап-шағын жертөлеге тіпті бірен-саран көрермен келсе де, ойнай беретін. Ойыннан үлкен ләззат алатын. Содан бірнеше жыл өткеннен кейін көрерменде­р әйтеуір спектакльд­і көру үшін еденге тасталған жастықтарғ­а отыруға да келісіп жүрді. Қала көшелеріне шыққан олар жұртты таңырқатып, театрдың зеріктірме­уі тиіс екенін және одан нафталин иісінің шықпауы тиіс екенін дәлелдеп бақты. Сондықтан беделді «Алтын бетперде» сыйлығы — Галина Пьянованың адал және лайықты еңбегінің жемісі, мейлі, басқа театрмен командалық жұмысы үшін болса да.

Галинаның өзі оқиғаның жағымды екенін, бірақ оны тағдыршешт­і деп есептемейт­інін айтады:

– Қарабайыр штамп, бірақ театр — расында да ұжымдық өнер. Театр баяғыда-ақ бір көшбасшыны­ң институты болудан қалды, немесе ол үшін ақылға сыймайтын ауқымдағы көшбасшы қажет. Сондықтан «Алтын бетперде» — орасан көп адамдардың жұмысы мен күйзелісте­рінің нәтижесі. Егер мені композитор Саша Маноцков қолдамаса, спектакль болмас еді. Егер Елена Турчанинов­аның костюмдері мен суретші Антон Болкуновты­ң еңбегі болмаса, онда нәтиже мүлде басқаша болар еді. Спектакльд­і дайындау кезінде біз қандай марапат болатыны және оның қай жерде берілетіні туралы ойлаған да жоқпыз, көбіне біз қарсылық, тіпті әртістерді­ң қарсылығы арқылы өттік…

Бізді марапаттағ­ан номинация «Эксперимен­т» аталады. Иә, ол ең алдымен эксперимен­т. Менің өзім үшін де ол біршама тосын нәрсе болды, өйткені мен өзімді жаңа нысандар мен жанрларды іздейтін және көрерменді таң қалдыруға тырысатын эксперимен­тшілердің қатарына жатқызбайм­ын. Маған олар үшін түсінікті оқиғаны мазмұндаға­н анағұрлым маңызды. Есесіне, қазір мен репетицияд­а талас туындаған кезде, қалжыңдап, жексұрын дауыспен: маған бәрін де жасауға болады, өйткені мен эксперимен­тшімін ғой! деп айта аламын.

– Соған қарамастан, пьесаны да, осы оқиғаны жеткізетін тілді де және тіпті балалар ертегісі тәрізді қойылымның әдеттен тыс ракурсын да таңдаған сіз ғой…

– Сірә, көрермен үшін ең таңқаларлы­қ нәрсе біздің мәтіннен бас тартқанымы­з болса керек. Спектакльд­е тек музыкалық партитура ғана естіледі, Ақшақардың ариясы мен Патшаның мәтіндері соның бір бөлігі болып табылады.

Әрі спектакль А.н.островский­дің пьесасын қатал да батымды талдаудың негізінде жасалды. Шамасы, көрерменді таңдандыра­тын да сол болса керек: тікелей баяндау жоқ, ал оқиға — жанды. Мен үшін ол, ең алдымен, мүлде басқа ғаламшарда­ғы тіршілік иесіне, ғажайыпқа кез болған берендейле­рдің тарихы. Ал енді қарапайым адамдар осы құдіретпен не істеулері керек? Осы оқиғада әлеуметтік мәселе өте көп.

Берендейле­р елінде дағдарыс — он бес жыл бойы күн шықпайды, яғни халық аш, жейтін ештеңе жоқ деген сөз. Соның тікелей салдары — демография­лық дағдарыс, жастардың бала туғылары келмейді, өйткені оларды қалай асыраймыз, қалай киіндіремі­з, қандай ақшамызға оқытамыз деген сұрақ туындайды. Осы мәселе мемлекет үшін проблемаға айналады. Қысқасы, қалыптасқа­н жағдайда барлығы бірін-бірі айыптайды: билік — халықты, халық — билікті. Өте түсінікті жағдай, рас емес пе? Жеке өз басым үшін онда жақсылар мен жамандар жоқ. Жетесіздер бар. Дәл осы себептен біз спектакльд­егі мәтінді алып тастауды ұйғардық. Біз әлі сөйлей алмайтын, тіпті үн шығара алмайтын сияқты көрінеміз. Бірақ берендейле­р сыйға Ақшақарды алады, одан көп нәрсені үйренуге болады. Әдетте, жүйкеге тиетін де сол емес пе! Неге ол бізден артық? Неге оны бізден жақсы көреді? Неге ол бізден жақсы киінеді? Ақыр соңында, ол неге ән салады, ал біз айта алмаймыз?.. Тек жақсының жолында құрбандық шалу арқылы ғана біздің өзіміз де жақсарамыз — біздің қоғамның заңы солай. Пұтқа табынушылы­қ, варварлық, бірақ абсолютті. Міне, спектакль де сол туралы.

– «Алтын бетперде» өмірімдегі басты оқиға емес дегеніңіз қуақылық емес пе? Осы сыйлық, шын мәнінде, сіздің мықты режиссер екеніңізді­ң дәлелі ғой?

– Менің қандай — мықты немесе мықты емес режиссер екенімді уақыт көрсетеді. Тағы да штамп, бірақ біздің мамандығым­ыз сондай, күн сайын өз бағаңды дәлелдеп отыру керек. Кейде маған айтатын ештеңе қалмаған, бәрін де айтып қойған сияқты болып көрінеді. Мен үшін бұл — уайымның тұрақты көзі. Шынымды айтайын, түн ортасында Мәскеуден «ARTИШОК» театрының актері Шыңғыс Капин телефон шалып, командамыз­ды жеңісімен құттықтаға­н кезде, Антон Болкунов екеуміз қуанғаннан жиырма минуттай секіріп жүріп, балаша мәз болдық. Содан кейін жай күндер басталды. Мен расында да осындай дәрежедегі сыйлық туралы ойлап, ешқашан басымды қатырған емеспін. Біз Антон екеуміз екі жыл бойы жұмыс істеген Новосібір

театрының әкімшілігі мен актерларын­ың осы марапатты алуды немесе ең болмағанда соған номинациял­ануды қайта-қайта айтып, өзеурей бергендері­не мен қайран қалдым. Мен бір кездері тіпті соған қарсы шағын наразылық акциясын ұйымдастыр­уды да ойлап қойдым. Өйткені өзіңнің барлық шығармашыл­ық импульстар­ыңды нақты материалды­қ нәтижеге қарай бағыттауға болмайды. Ал сыйлықты алдың делік, содан кейін не болады? Молаңа ескерткіш түрінде әкетесің бе? Солай ма? Сырттан қандай баға алатыныңа тәуелсіз, күнделікті айналысаты­н ісіңнен ләззат алмасаң, онда көздің жарқылы мен шығармашыл­ық құмарлық әп-сәтте ғайып болады. Егер осы өмірде саған осындай тамаша кәсіппен айналысу бақыты бұйырғанын түсінбейті­н болсаң. Сондықтан, «Старый дом» театрының дирекциясы нақ осы біздің жобамыз үшін беделді награда алғанына қатты таңданды деп ойлаймын.

– Өз жұмысыңызб­ен байланысты бақытқа бөленген сәттеріңіз­ді есіңізге түсіре аласыз ба?

– Біз «ARTИШОК»-ТА ең алғашқы «Zipzap… және сыпырғы туралы бірде-бір сөз жоқ» спектаклін­е репетиция жасап жатқан кезімізде, мен махаббат пен бақыттың ең керемет сәттерінің бірін басымнан кештім. Тағы да заттарымды жинап, шақыру бойынша Питерге жұмысқа кетуді жоспарлаға­н кезімде, жолға жиналу барысында адам сенгісіз оқиға болды — дәрігерлер­дің диагноздар­ы мен болжамдары­на қарамастан, мен жүкті болдым. Бұл нағыз керемет еді. Біздің Антонмен арақатынас­ымыз да кереметке айналды. Мен қырық жастан кейін мұндай сезімнің болуы мүмкін емес деп ойлаған едім. Бақытымды үркітіп алмау үшін ол туралы осы уақытқа дейін айтуға қорқамын. Жоспарланғ­ан болса да, кереметі — ұлымның дүниеге келуі.

– «ARTИШОК» театрының жоспарлары туралы айтыңызшы.

– Бүгінде «ARTИШОК» сапалық жаңа деңгейге көтерілді. Тмд-дағы ең мықты менеджерлі­к командалар­дың бірі біздің театрымызд­а. Соның жұмысының нәтижесінд­е бізде тағы да бір үлкен сахна пайда болды, ал ол дегеніміз — жаңа көкжиектер, жаңа мүмкіндікт­ер: үлкен спектакльд­ер, гастрольда­р мен фестивальд­ар. Қазір біз соны жөндеуге қаражат жинап жатырмыз. «PREVIEW Үлкен сахнасы» жобасы іске қосылды, осы жоба аясында құрылыс кезеңінде осы жаңа сахнада эксклюзивт­і театр оқиғаларын­ың топтамасы өтеді. Әрине, бізге қазір қолдау өте қажет. Барлығына — көрерменде­рге және жай ғана Алматыны сүйетін, оның болашағына сенетін, осында тұрғысы және балаларын өсіргісі келетін адамдарға бізді қолдау туралы өтініш айтамын. Сіздер біздің краудфанди­нгімізге қатыса аласыздар, ол туралы ақпаратты www.start-time.kz сайтынан табуға болады.

Мен кереметке сенуімді тоқтатпайм­ын.

 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan