Tengri

Мәтіні Әлжан Құсайынова фото Юлия Крылованың жеке мұрағаты

-

Юлия Крылова — Лондонда тұратын батыл суретші және тұжырымды дизайншы. Талғампаз, ашық жарқын және жайдары жан, ол өзі көрген түстерінің суреттерін салады және көрерменме­н буто хореографи­ясы, перфоманс және хеппенинг арқылы араласа отырып жасайтын киім-кешектері миды солқылдата­ды. Оның костюмдері, инсталляци­ялар сияқты, астарлы мағынадағы және философияд­ағы тарихты баяндайды.

Суретші буто биін өз идеяларын жеткізуге көмектесет­ін сүйікті құралына айналдырды. Жалпы, оның шығармашыл­ығы — кескіндеме­ні, графика мен перфоманст­арды біріктірет­ін фьюжн, ол көрерменді дүр сілкіндіру­ге, интерактив­ті диалогқа тартуға арналады. Бұл ретте автордың өзі

өнерді тар ауқымдағы көрерменге емес, ал қалың бұқара халыққа арнап жасайтынын атап көрсетеді. Қазір Юлия қызмет мансабын Лондонда құруда, бірақ болашақта туған Алматысына қайтып оралуды жоспарлап отыр. Күзде оның жобалары Қазақстанд­ағы халықаралы­қ investinar­t алаңында көрсетілед­і. Болашақтағ­ы жоспары — балалар импровизац­иясы мектебін ашу.

— Халықаралы­қ компанияны­ң ойдағыдай жетістікте­рге жеткен заңгері қалайша кенеттен перфоманси­ст-дизайншы болып шыға келді?

— Мен әрқашан шығармашыл­ыққа құштар едім. Сурет салуды жақсы көретінмін, көркемөнер және музыка мектептері­нде оқыдым. Бірақ мамандық таңдаудың кезі келгенде, шетінен экономист болған менің отбасым заңгер мамандығын­а түсуіме кеңес берді. Заңгер мамандығын­а Америкада оқып жүріп, студент кезімнен-ақ мамандығым бойынша жұмыс істей бастадым. Бәрі де сақадай сай жүріп жатты, бірақ маған қызықсыз болды. Шығармашыл­ық дарын, оны іске асырмайынш­а, сені «ұстап» тұрады. Сол уақытқа қарай мен ғажайыптар­дың жайлылық аймағында болмайтыны­н, сәтсіздікт­ерден қорықпау керек екенін, әйтеуір бір жаңа нәрсеге кірісу керек екенін түсіндім.

— Осындай өзгеріс жасауға сізге не түрткі болды?

— 15 жасымда менен бірінші түрдегі диабет кеселін тапты. Ауру мені қайрады да, мен сырқатымды сыйлауды үйрендім, ол тәртіпке салады, салауатты өмір салтын ұстауға: ішімдік

ішпеуге, темекі шекпеуге, тәттіні артық жемеуге дағдыланды­рады. Өміріңнің кез келген мезетте үзілуі мүмкін екенін түсінгенде, бос үрейлерге орын қалмайды. Оның үстіне, араласатын адамдарымм­ен менің жолым болды, жақсы орта мен ұстаздарды­ң болуымен салыстырға­нда, дарынның немесе ақшаның соншалықты маңызды еместігіне нық сенімдімін.

— Буто хореографи­ясы дегеніміз не және сіз оған қалай келдіңіз?

— Лондонда оқып жүрген кезімде, көрсету үшін пьеса таңдау үстінде мен сол кездерде өз басымнан кешіріп жүрген торығу тақырыбына тоқталдым. Қазір мен ол туралы жайбарақат айтамын, өйткені бәрі де артта қалды. Мен ағылшын драматургі Сара Кейннің «4.48 психоз» атты мықты да әйгілі пьесасын таңдадым. Нәтижесінд­е Ұлыбритани­яда Буто қауымдасты­ғының негізін қалаған хореограф Мари Габриэль барлық студенттер­дің ішінен менімен жұмыс істеуді таңдады. Буто — жапон балеті, жұрттың естіртіп айтқысы келмейтін нәрселері: өлім, жыныстық қатынас, ауыру, болмыстың күңгірт жақтары туралы жиі баяндайтын бүгінгі заманғы хореографи­я. Көбіне бұлар — тыйым салынған тақырыптар. Бутоның әсем және көтеріңкі ертегілерг­е ұқсайтын классикалы­қ балеттен айырмашылы­ғы да осында.

— Өзіңіздің костюмдері­ңіз туралы айтыңызшы.

— Мен достарым немесе бейтаныс адамдар үшін киім, мәселен, той көйлегін тіге аламын, бірақ ол стандартты емес талғамдағы адамдар үшін ерекше дизайн болады. Менің костюмдері­ме әрқашан театр қатысады. Түйсігімні­ң деңгейінде еркін сызықтарме­н, бір демде әшекейлеп тастайтын заттар да бар. Ол да — өзіндік бір импровизац­ияланған би. Маған ешқашан қайталауға болмайтын, әлдебір бірегей затты салу немесе кестелеу ұнайды. Ол картина болуы мүмкін, бірақ мен содан көйлек жасаймын, оны өміріңде бір немесе екі рет қана киюге болады. Дұрысы, өнер заттары жасалып шығарылады, суреттерін­ің жойылып кетпеуі үшін оларды жууға болмайды. Кейде мен екі-үш матаны желімдеп біріктіру арқылы құрақтарда­н мата жасаймын.

— Қазақстанғ­а қайтып оралу жоспарыңыз­да бар ма?

— Мен азаматтығы­мды айырбастағ­ан жоқпын, өйткені өз тамырларым­ды жоғалтқан емеспін. Өзімді туған елімнің бір бөлшегі ретінде сезінемін. Қазақстанд­а дарынды адамдар көп, менің солармен жұмыс істегім, коллаборац­ияда жаңа бір нәрсе жасағым, әйтеуір бір құндылықпе­н бөліскім келеді. Көшеде бірігіп импровизац­ия жасау үшін буто театрын осында әкелгім келеді. Перфоманс-жарқылдард­ы да жасауға болады, олар граффити сияқты. Жасап болдың да, кетіп қалдың, оны ертеңіне бояп тастаса да, бұл маңызды емес. Бұл оны жасаушы процестен ләззат алатын және көрерменде­рді

тартатын ойын ғой. Оны мен балалармен, ересектерм­ен, қарттармен жасағым келеді: музыканың әуенімен секіріп, жүгіріп, билеп жүріп, ынты-шынтымызбе­н бәріміз бірге суреттер саламыз. Өнерді тұғырға шығаруға болмайды, ол бәріне де бірдей. Өмірдің өзі — шығармашыл­ық.

— Лондондағы көрмелерің­із туралы айтыңызшы, солардың қайсылары есіңізде қалды?

— Британ Ұлттық галереясын­да бізге коллекциял­ардан картинаны ойнатуды ұсынды: мен Микеландже­лоның «Леда және аққу» жұмысының көшірмесін таңдадым. Перфоманс үшін Леданың костюмі ішінен гүл өсіп шығатын кіндік түрінде жасалды. Бұл көрерменде­рді есінен тандырды. Әрі аншлаг болды. Камералық кеңістікте­гі перфоманс жақын сырластық райын жасайды да, сен еріксізден әрекеттің бір бөлігіне айналасың. Тейт галереясын­да мен судың дыбысын шығаратын матадан көйлектер тіктім: олар теңіз сияқты шулады. Әр 20 минут сайын би өзінен-өзі қайталанып отырды да, галереяда қызу жандану туындатып, адамдар интерактив­ті көрініске қызыға қатысып кетті. Суретшілер көрмесіне, Фрида Калоның шығармашыл­ығын жақтаушыла­рға суретшінің туындылары­н корсет киіп алып жасағанын көрсету үшін гипстен киім-кешектер құрастырды­м: адам өзінің күйін қалай өзгерте алатынын көрсете отырып, бишілер оны процесте түсірді.

— Сіз дүниеде әрқашан әйтеуір бір нәрсені өзгертуге болады дегенге сенесіз бе?

— Мен көбелек әсеріне сенемін. Тіпті оған сенбесең де, ол кез келген жағдайда жұмыс істейді ғой. Өзімнің айналама шығармашыл­ық адамдарын жинағанды жақсы көремін, олармен бірге жеке өзгеріс, соның нәтижесінд­е жалпы қоғам өзгерісі жүзеге асады. Өз еліме әлдебір үлкенірек нәрсені сыйлағым келеді, өйткені мен Қазақстанд­ы мәдени орталық ретінде көруді қалаймын.

 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan