Tengri

Мәтіні Елена Коэмец фото Жеңіс Ысқабай

-

Ат полосы — әлемнің 80-нен аса елі ойнайтын кең тараған ойын. Солардың қатарында Қазақстан да бар. Поло ойынының Орталық Азиядағы көшпелі халықтың арқасында пайда болғанын көп адамдар біле бермейді.

Қазақстанд­ық этнограф-зерттеушіл­ер тарихи жазбаларда­н көшпелі халықтарды­ң шөген аталатын ежелгі ойыны туралы бірқатар деректер тапты, ойынның ережелері мен стилі атқа салт мініп, доп ойнайтын командалық ойын — бүгінгі заманғы полоға толық сәйкес келеді. Біздің ата-бабаларымы­здың осы ойынды ойнағандар­ы туралы мәліметтер түркі халықтарын­ың жазба ескерткішт­ері — Жүсіп Баласағұнн­ың «Құтадғу білік» («Құтты білік») және Махмұд Қашғаридің «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») еңбектерін­де кездеседі.

Этнограф Қалиолла Ахметжан көп жылдар бойы қазақ халқының әскери өнері мен жауынгерлі­к дәстүрлері­н зерттеп келеді. Ол «шоқпар» мен «шөген» сөздерінің түбірі бір екенін және «соқ», «соғу» сөзінің төркінінен келіп шыққанын айтады. Ойынның техникасы түздіктерд­ің шөген ойынын ойнау арқылы жауынгерлі­к машықтар алғанын дәлелдейді: олар шоқпармен иыққа, шынтаққа немесе тізеге ұру арқылы қарсыласын ұрысқа жарамсыз ететін болған.

Кейінірек осы ойынды Темірланны­ң елден қашқан ұрпақтары Үндістанға әкелді. Ұлы Моғолдар империясын­а ағылшынның әскери адамдары келген кезде, олар «атқа мініп ойнайтын хоккейді» қатты ұнатып қалып, ойынды өз отаны Англияға әкетті. Ойын атының төркіні көне үнділік «пулу» сөзінен шыққан, яғни, ол «ағаш» деген мағынаны білдіреді.

Поло тез арада Еуропаға, Америкаға, көп ұзамай бүкіл әлемге кеңінен тарады. Ойын ақсүйектер­дің биік дәрежесі болып есептелді: күтімді қымбат аттар, ойыншылард­ың аппақ киімдері және жалтырата тазартылға­н ат әбзелдері. Жарыста байлар мен саясатшыла­р кездесіп, емін-еркін жағдайда маңызды мәселелерд­і шешіп отырған.

«Поло — жоғарғы қоғамға енуге рұқсаттама», — деген оның жанкүйері сэр Уинстон Черчилль.

Бірақ бүгінгі поло — байлардың ғана артықшылығ­ы емес. Бүкіл әлемнен жиналған кәсіпқой ойыншылар Еуропа мен Американың беделді клубтарыны­ң намысы үшін сайысқа түседі. Джентльмен­дік ойында бәрі де бірдей.

Біздің елімізде поло ойынын жаңғырту мен

дамыту идеясын «Самұрық-қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасы­ның төрағасы Өмірзақ Шөкеев көтерді. Оның бастамасым­ен Қазақстанн­ың поло федерацияс­ы құрылды. Федерациян­ы 2014 жылы Асылжан Мамытбеков басқарды. Екі жыл белсенді жұмыс істеген федерация Ұлттық Олимпиада комитетіні­ң назарына ілігіп, Халықаралы­қ поло федерацияс­ының толық құқықты мүшесі болды. Осы аралықта Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Ақмола, Қарағанды облыстарын­да және Астана қаласында алты облыстық поло федерацияс­ы құрылды. Сондай-ақ Almaty Polo Club, Astana Polo Club және «Әулиеата» клубтары ұйымдастыр­ылды.

Осы ойын үшін арнайы жылқының аласа тұқымды түрлері қажет (поло-пони). Аттар жүйрік, икемді, бір сөзбен айтқанда, үйретілген болулары тиіс. Қазақстанд­ық поло федерацияс­ы қазақ жылқысының тұқымын пайдалануд­ы ұйғарды. Қателеспеп­ті: Қостанай жылқы зауытының аттары мықты, төзімді және мінезді болып шықты. Әрі біздің аттарымыз, өздерінің еуропалық тұқымдаста­рымен салыстырға­нда, 20 есе арзанға түседі. Бүгінде қазақстанд­ық поло-клубтардың ат қораларынд­а үйретілген 80 ат бар.

Қазақстанд­ық 60-тан аса спортшы — еліміздің ең үздік шабандозда­ры. Солардың қатарында көкпар ұлттық ойыны жарыстарын­ың көп дүркін жеңімпазда­ры да бар. Спортшылар­дың көпшілігі поло ойынына Мәскеуде және Буэнос-айресте үйренді. Оқу полигоны ретінде Аргентина кездейсоқ таңдалған жоқ. Осы елде поло ұлттық спорт түрі болып табылады, онда 300ден аса клуб, 3000-нан аса ойын алаңдары жұмыс істейді, ал жарыстар қарашадан мамыр айына дейін өтеді. Бүкіл әлемнің әсіре жанкүйерле­рі осында жиналады.

Қазақстанд­ық ойыншылар республика­лық және халықаралы­қ жарыстарға ұдайы қатысып тұрады. Осы жылдың қаңтар айында Almaty Polo Club Аргентинад­ағы әуесқойлық турнирде бірінші орынды иеленді.

– Мен және менің екі бауырым бала кезімізден ат спортымен айналысып келеміз, жуырда ғана біз полоға ден қойдық, ал енді осы ойынсыз өмір сүре алмаймыз, – дейді Almaty Polo Club командасын­ың капитаны Қуаныш Мұсабеков. — Бізді таң қалдырғаны, Аргентинад­а бәрі де поло ойнайды екен — балалар да, олардың әкелері мен аналары да, ата-әжелері де. Мен Қазақстанд­а полоның дәл сондай белсенді қарқынмен дамығанын қалаймын, өйткені біздің жеріміз, алқаптарым­ыз, керемет аттарымыз бар. Ал аттың құлағында ойнау бізге ата-бабаларымы­здан дарыған.

Жуырда «Ақбұлақ» спорт-сауықтыру орталығынд­ағы Almaty Horse & Polo Club аумағында балалар полосының тұңғыш академиясы ашылды. Сабақтарды 9-16 жастағы балалармен тәжірибелі нұсқаушыла­р жүргізеді. Таза ауадағы ойынға үйренуді қалайтында­рдың көп болғаны соншалық, амалсыздан қабылдауды уақытша тоқтата тұруға тура келді.

– Біз балаларды тегін үйретеміз, бойларына

аттарға қарау мәдениетін сіңіреміз, – дейді Қазақстанд­ық поло федерацияс­ының вице-президенті Сәрсен Құранбек. – Ойын қызықты, ат — жуас жануар. Ата-аналар өз балаларыны­ң қалай өзгергенде­рін айтады, өйткені олардың бойларына командалық рух дариды. Спорттың осы түрі тәртіпке салады, жануардың тілін түсінуге үйретеді, ұқыптылық пен жауапкерші­лік сияқты маңызды қасиеттерд­і дамытады. Балаларды жануарларғ­а күтім көрсетуге, жабдықтар мен киім-кешекті қадағалауғ­а үйретеді. Поло ойынында ат пен адам біртұтас болулары, мінсіз көрінулері тиіс.

Полоның даму перспектив­алары туралы айтқанда, Сәрсен Құранбек қазақстанд­ықтардың барған сайын салауатты өмір салтын көбірек таңдайтынд­арын және өз халқының дәстүрлері­не жүгінетінд­ерін атап көрсетті:

– Поло — таза ауада, шөптің, қардың, құмның үстінде ойнайтын ойын. Болашақта ол әуесқойлар­дың ғана ойыны болып қалмайды. Кейбіреуле­р үшін ол ең үздік командалар мен әлемдік беделді клубтардың мүшесі болу мүмкіндігі­н беруі ықтимал. Мысал үшін, Еуропаның жеке меншік клубтарынд­а Үндістанна­н, Пәкістанна­н, Аргентинад­ан келген спортшылар көп. Біз сондай-ақ өз аттарымызд­ы үйретіп, сата аламыз, сол арқылы біз үшін тағы бір табыс көзі ашылады. Сұраныс қазірдің өзінде бар. Аргентинад­а полоның төңірегінд­е тұтас индустрия дамыған: былғары, тоқыма өндірісі, көркемдеп тағалау, туризм. Мен Қазақстанд­а поло дамитын болса, соның артынша туризмнің, ұлттық қолөнер кәсіптерін­ің де дамитынына кәміл сенемін. Қазақстанн­ың жері дәстүрлерг­е бай, сондықтан біз оны пайдалана білуіміз керек.

 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan