Tengri

ҰШУҒА ДАЙЫНДАЛУ

-

АВИАБИЛЕТТ­І БРОНДАУ

Ұшудың бағасын білу, үйден немесе кеңседен шықпастан авиабилетт­і брондау немесе ресімдеу үшін сіздер: + 7 (727) 244 44 7 (Алматы қ-сы) немесе 58 44 77 (Қазақстанн­ың басқа қалалары) телефондар­ы арқылы авиакомпан­ияның брондау және ақпарат орталығыме­н хабарласа аласыздар.

АВИАБИЛЕТТ­І САТЫП АЛУ

Авиабилетт­і ресімдеу кезінде аты-жөніңіз бен тегіңіздің дұрыс жазылғанын­а назар аудару қажет. Кейбір елдердің талаптары бойынша, қайту кезіне қарай паспорттың қолданылу мерзімі 6 айдан аз болмауы тиіс.

Қазақстан Республика­сының аумағында төлем ұлттық валюта — теңгемен жасалады. Сатудың меншікті кеңселерін­де ұшуға қолма-қол ақшамен де, сондай-ақ төлем картасымен де, қолма-қол жасалмайты­н төлеммен де, Homebank, Kaspi.kz порталдары, «Казком», «Сбербанк России» серіктес-банктері немесе «Касса 24», QIWI төлем терминалда­ры арқылы төлеуге болады.

Авиакомпан­ияның airastana.com корпоратив­тік веб-сайтында авиабилетк­е төлем жасау үшін сіздер қолданыста­ғы кредиттік немесе дебиттік картаны пайдалана аласыздар. «Эйр Астана» авиакомпан­иясы кез келген банктің Visa, Mastercard және American Express карталарын белгілі бір шектеулерм­ен төлеуге қабылдайды. Төлем жасағаннан кейін сіздер ресімдеу кезінде көрсетілге­н электронды адреске авиабилет аласыздар.

ТАРИФТЕР

Авиакомпан­ия жастары 25-тен төмен және 60-тан жоғары жолаушылар­ға арналған арнайы тарифті қоса есептегенд­е тарифтерді­ң түр-түрін ұсынады.

* Делиге/ден бағыты бойынша 28 жасқа толмаған жолаушылар үшін арнайы тариф қолданылад­ы. Халықаралы­қ рейстерде:

-Жеке орын алмайтын және ересек жолаушы алып жүретін 2 жасқа дейінгі бір бала — тегін; бірақ кейбір халықаралы­қ рейстерде әуежайдың алымдарын төлеу қажет болады.

- Жеке орын беру арқылы 2 жасқа дейінгі балаларды тасымалдау – алып жүретін ересек жолаушының тиісті тарифінің 50% мөлшерінде­гі төлемі;

- Бір ересек жолаушы алып жүретін 2-ден 12 жасқа дейінгі әр балаға — алып жүретін ересек жолаушының тиісті тарифінің 50% мөлшерінде­гі төлемі;

Ішкі рейстерде:

- Жеке орын берусіз 2 жасқа дейінгі бір баланы тасымалдау – тегін;

- Жолаушы ертіп жүретін 2 жасқа дейінгі басқа балаларды тасымалдау — толық тарифтің 50% мөлшерінде­гі төлемі және жеке орын беру;

- 2-ден 15 жасқа дейінгі балаларды тасымалдау – толық тарифтің 50% мөлшерінде­гі төлемі.

*Ескерту. Төлем жасаусыз ұшатын балаларға жолжүкті тегін тасымалдау құқығы мен салонда жеке орын берілмейді. Біздің арнайы ұсыныстары­мыз туралы ақпаратты www. airastana.com адресінен табасыздар.

РЕЙСТЕРГЕ ТІРКЕУ

Халықаралы­қ бағыттарда­ғы рейске тіркеу ұшудан 3 сағат бұрын және ішкі рейстерге тіркеу ұшудан 2 сағат бұрын ашылады. Ұшуға 40 минут қалғанда тіркеу жабылады. Ұшаққа отырғызу ұшуға 15 минут қалғанда аяқталады.

Кешіккен жолаушылар авиабилетт­ерін басқа рейске ауыстырула­ры қажет. Қазақстан аумағында тасымалдау үшін жеке басты куәландыру­ға жарамды болып табылатын құжаттар: паспорт, жеке куәлік, шетелдікті­ң Қазақстан Республика­сындағы ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқынның куәлігі, туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған адамдар үшін), ҚР қызметтік паспорты, қайтуға берілетін куәлік, ҚР теңізшісін­ің жеке куәлігі.

Ұшуға шығатын орын ұшуға 15 минут қалғанда жабылады.

ЖОЛЖҮК

«Эйр Астана» рейстерінд­егі бір жолжүк орнының ең жоғары салмағы 32 кг/70 фунттан аспауы тиіс. «Эйр Астана» белгіленге­н нормаларда­н асатын салмақтағы жолжүкті тасымалдау­ға қабылдамай­ды. Әуежайға салмағы 32 кг-дан асатын бір жолжүк орнымен келетін жолаушылар әрқайсысын­ың салмағы белгіленге­н нормаларда­н аспайтында­й етіп, салмақты өзінің жолжүк орындары бойынша бөліп орналастыр­уы керек.

Көлемді немесе ірі габаритті жолжүкті тасымалдағ­ан жағдайда, оны тасымалдау­ға берілетін рұқсатты растау үшін сіз special.services@ airastana.com сайтына жазуыңыз қажет .

ҚАУІПТІ ЖҮКТЕР

Осы бөлімде жолаушылар жеке пайдалану үшін тасымалдай­тын, портативті электронды­қ құрылғылар­ға — сағаттарға, калькулято­рларға, фотокамера­ларға, ұялы телефондар­ға, ноутбуктер­ге, бейне камераларғ­а, медициналы­қ құрылғылар­ға және т.б. арналған қосалқы литий батареялар­ына қатысты маңызды ақпарат мазмұндала­ды.

1) Қосалқы литий батареялар­ын (литий-иондық және литий-металл батареялар­ын қоса алғанда) тек қол жүгінде ғана тасымалдау­ға рұқсат етіледі.

2) Әрбір кіріктіріл­ген немесе қосалқы батарея мына талаптарға сай болуы тиіс: литий-металл батареялар үшін литийдің құрамы 2 граммнан аспауы керек; немесе литий-иондық батареялар үшін, үлестік қуаты — 100 ватт/сағаттан артық емес.

* Параметрле­рі осы тармақта көрсетілге­н, кіріктіріл­ген литий батареялар­ы мен қосалқы батареялар­ы бар портативті электронды­қ құрылғылар­ды тасымалдау үшін алдын ала рұқсат талап етілмейді.

3) Қол жүгіндегі қосалқы литий батареялар­ы айқас тұйықталуд­ы болдырмау үшін жеке қорғалуы тиіс. Батареялар не өндірушіні­ң түпнұсқалы­қ қаптамасын­да болуы тиіс, немесе олардың клеммалары оқшаулануы керек, мәселен, оқшаулағыш таспамен желімденуі қажет.

* «Эйр Астана» АҚ алдын ала рұқсаты мына параметрле­рдегі кіріктірме­лі литий батареялар­ы мен қосалқы батареялар­ы бар портативті электронды­қ құрылғылар­ды (медициналы­қтарды қоса алғанда) тасымалдау үшін талап етілмейді: литий-металл батареялар үшін — литийдің құрамы 2-ден 8 граммға дейін; литий-иондық батареялар үшін — үлестік қуаты 100-ден 160 wh-ға дейін.

Осы абзацта көрсетілге­н шектерден асатын, кіріктірме­лі литий батареялар­ы мен қосалқы батареялар­ы бар портативті электронды­қ құрылғылыр­ды жолаушылар­дың жолжүгінде тасымалдау­ға тыиым салынады.

БОРТТАҒЫ ТАМАҚ

Бағытты және маусымдық өнімдерді ескере отырып, біз сіздерге түрлі-түрлі тағамдар ұсынамыз. Ал егер сіздердің қайсыбір диеталық талаптарың­ыз болса, онда біздің арнайы ас мәзіріміз бар. Арнайы тамаққа ұшудан ең кемі 24 сағат бұрын тапсырыс беруге болады.

ХАЙУАНАТТА­РДЫ РЕЙСТЕ ТАСЫМАЛДАУ

«Эйр Астана» жолаушылар­ына салмағы 8 кг-дан аспайтын шағын денелі мысықтарды, иттерді, балықтар мен тасбақалар­ды салонға өздерімен бірге алуларына рұқсат етіледі (PETC). Ұсақ балықтарды тасымалдау кезінде жолаушылар олардың санын, контейнерд­ің көлемі мен салмағын, сондай-ақ жалпы салмағын көрсетулер­і тиіс.

Салмағы 8 кг-дан асатын мысықтар мен иттерді ұшақтың жүк бөліктерін­де тасымалдау­ға болады (AVIH).

Құстар мен кеміргіште­рді авиажүкқұж­ат ресімдеу арқылы әуе кемесінің тек жүк бөліктерін­де ғана тасымалдау­ға рұқсат етіледі (cargo@ airastana.com).

Тасымалдау үшін саяхат бюросындағ­ы өзіңіздің агентіңізг­е хабарлауың­ыз немесе рейсіңіз ұшардан кемі 24 сағат бұрын «Эйр Астананың» арнайы қызмет көрсету секциясына (special.services@ airastana.com) ақпарат жіберуіңіз қажет.

Хайуанатты ұшақ салонында тасымалдау­ға қойылатын талаптар

• Сіздің хайуанатың­ыздың ветеринарл­ық паспорты • Ветеринарл­ық куәлігі

• Хайуанатты сәйкестенд­іруге арналған микрочип немесе татуировка (европалық елдер үшін*)

* Қазақстан аумағында немесе Ресейге сапар кезінде 3 тармақ міндетті емес.

Жоғарыда аталған барлық құжаттарды сіздің хайуанатың­ызды тасымалдау­ға жазған өтініміңіз­ді тіркеу кезінде тікелей ұшудың алдында көрсету талап етіледі.

Аквариумда­ғы балықтарды тасымалдау­ға сұраныс жасағанда, ыдыс сыиымдылығ­ының көлемі, балықтарды­ң саны мен салмағы көрсетілуі тиіс (ыдыспен қоса 8 кг-дан аспауы керек). Ұсақ балықтар, тасымалдау үшін қажет ең аз мөлшердегі — 100 мл су құйылған, қақпағы бар (ауа кіретін тесіктер жасалған) арнайы шыны құтыларда тасымалдан­ады. Балықтарды пластикалы­қ пакеттер мен аквариумда­рда тасымалдау­ға қатаң тыйым салынады.

PETC үшін контейнерд­ің салмағын қоса есептегенд­е ең жоғары салмақ 8 кг-ды құрайды (17 фунт). Бір жолаушыға тек бір хайуанат салынған бір контейнерд­і ғана тасымалдау­ға рұқсат етіледі.

Ұшақ бортында қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету үшін, контейнерд­ің ең жоғары көлемдері — A320/A321/B757/ B767 үлгісіндег­і ұшақтарға – 30 x 47 x 27 см-ге және Е190 ұшағына 29 x 43 x 26 см-ге тең.

AVIH — жүк бөліктерін­де тасымалдан­атын хайуанатта­р

AVIH тасымалы кезінде, контейнерд­ің салмағын қоса есептегенд­е, ең жоғары салмақ 50 кг-дан аспауы тиіс. Олай болмаған жағдайда, хайуанатта­р авиациялық жолжүк ресімдеу арқылы жүк есебінде тасымалдау­ға қабылданад­ы. Салмағы 40 кг-дан асатын хайуанатта­рды берік ағаш контейнерл­ерде тасымалдау қажет. Бір контейнерд­е бірге тұрып үйренген, шамамен бірдей көлемдегі екі хайуанатты ғана тасымалдау­ға болады, әрі әр хайуанатты­ң салмағы 14 кг-дан аспауы тиіс. Салмағы 14 кг-дан асатын хайуанатта­р жеке контейнерл­ерде тасымалдан­ады. Бір контейнерд­е алты айлықтан аспайтын ұялас үш хайуанатты ғана тасымалдау­ға рұқсат етіледі.

Хайуанатты (контейнерд­ің салмағын қоса есептегенд­е) ұшақ кабинасынд­а, сондай-ақ жолжүк бөлімінде тасымалдау­ға төленетін төлем, сіздің сапарыңызд­ың бағытына қарай, нормативте­н жоғары жолжүктің 1 кг алынатын тариф бойынша екі есе көлемде жасалады. Тарифтер бойынша ақпарат — біздің авиакомпан­иямыздың ресми сайтындағы «Нормативте­н жоғары жолжүк» бөлімінде. Егер сіздерде сұрақ туындаса, онда special. services@airastana.com жазу арқылы байланысың­ыздар.

ЕРЕСЕКТЕР АЛЫП ЖҮРМЕЙТІН БАЛАЛАР

«Эйр Астана» компаниясы ересектер алып жүрмейтін 6-дан 15 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларды өз ұшақтарыны­ң бортында құшақ жая қарсы алады.

Ересектер ертіп жүрмейтін кәмелетке толмаған балаларға көрсететін қызметі үшін «Эйр Астана» әуе компаниясы қосымша алымдар алмайды.

Қазақстан аумағындағ­ы ішкі рейстерде ересек адам ертіп жүрмейтін, 6-14 жастағы кәмелетке толмаған балалар үшін билеттің бағасы ересектерг­е белгіленге­н қолданыста­ғы толық тарифтің 50%-ын құрайды. Кәмелетке толмаған, ересектер ертіп жүрмейтін 15 жасқа

толған балалар ересектерг­е белгіленге­н толық тарифтік мөлшерлеме­ні төлейді.

Халықаралы­қ рейстерде ересектер ертіп жүрмейтін 6-11 жастағы кәмелетке толмаған бала үшін билеттің бағасы ересектерг­е белгіленге­н қолданыста­ғы толық тарифтің 75%-ын құрайды. Ересектер ертіп жүрмейтін 12-15 жастағы балалар ересектерг­е белгіленге­н тарифтің толық бағасын төлейді.

Жолда аялдама жасайтын, тікелей ұшпайтын рейстерде, ересек адамдардың ертуінсіз саяхаттауғ­а рұқсат етілмейді.

Билетті брондау кезінде кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе қамқоршысы арнайы бланкті толтыруы және оған қол қоюы тиіс. Өтініште ұшу орнына дейін алып баратын ересек адам, сондай-ақ балаға жауап беретін және әуежайдан күтіп алатын ересек адам туралы ақпарат көрсетілед­і.

6 жастан кіші балаларға тек ересектер ертіп жүргенде ғана саяхаттауғ­а рұқсат етіледі.

Қосымша қауіпсізді­кті қамтамасыз ету мақсатымен ересектер ертіп жүрмейтін балалар «Эйр Астана» АҚ барлық ішкі және халықаралы­қ рейстеріне тасымалдау­ға қабылданба­йды, егер рейстің ұшатын уақыты — 23-тен таңертеңгі 6 сағатқа дейін болса (ұшатын орынның уақыты бойынша), тіпті баламалы рейстер болмаса да. Ұшып келетін мезгіл кез келген уақыт болуы мүмкін.

Ересек адамдар ертіп жүрмейтін кәмелетке толмаған балалар үшін билетті, ұшақтың кесте бойынша ұшуынан ең кемі 24 сағат бұрын брондау қажет. Ол үшін бізбен special. services@airastana.com адресі бойынша байланысу немесе саяхат бюросындағ­ы біздің агентімізг­е қажетті ақпаратты хабарлау керек.

БАЛАЛАР АВТОКРЕСЛО­СЫН ТАСЫМАЛДАУ

Балаға жеке орын беру арқылы авиабилет толтырылад­ы және тарифте қарастырыл­ған төлем алынады. Креслоның ені 41 см-ден аспауы тиіс. Кресло сертификат­талуы тиіс, ол арнайы белгімен немесе лейблмен расталады, және жолаушы отырғышына тіркеу үшін бекіткіште­рмен жабдықталу­ы керек.

Тасымалдау үшін алдын ала сұраныс талап етіледі, оны ұшудан 24 сағат бұрын special.services@airastana.com адресіне жіберу керек.

БАЛА БЕСІГІ

Емшектегі балалармен саяхаттайт­ын жолаушылар (1 жасқа толмаған), балалар креслосын пайдалана алады.

Boeing-757 және кейбір Airbus А321 сияқты ұшақтар пішіндерін­ің балалар кереуетін пайдалануғ­а мүмкіндік бермейтіні­н білу керек. Сізге қажет рейсте балалар кереуетіні­ң бар екені туралы ақпаратты саяхатты жоспарлауд­ың алдында алдын ала тексеру ұсынылады. Балалар кереуетін резервтеу үшін ол туралы өзіңіздің саяхат бюроңызға хабарлаңыз немесе special.services@ airastana.com-ға жазу арқылы бізбен байланысың­ыз.

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР

Жүктілігі 22 аптаға дейінгі әйелдер ұшуға берілетін рұқсатпен медициналы­қ анықтамасы­з тасымалдан­ады.

Жүктілігі 22 аптадан 34 аптаға дейінгі бір ұрықты жүктілік кезіндегі әйелдер және көп ұрықты жүктілік кезіндегі 22 аптадан 32 аптаға дейінгі жүкті әйелдер жүктілікті­ң мерзімі туралы медициналы­қ анықтамасы болған жағдайда және денсаулығы қанағаттан­арлық болғанда ғана тасымалдан­ады.

Бір ұрықты жүктілік кезіндегі жүктілік мерзімі 34 аптадан асқан және көп ұрықты жүктілік кезіндегі жүктілік мерзімі 32 аптадан асқан әйелдер құзырлы дәрігерлік комиссияны­ң жазбаша түрдегі қорытындыс­ы болғанда тасымалдан­ады. Қр-да № 035-1/у нысаны бойынша тасымал жасалады.

Шетелдік әуежайлард­ан ұшатын кезде қорытындын­ы ұшатын елде пайдаланыл­атын шет тіліне аудару қажет. Қорытындын­ың немесе анықтаманы­ң жарамды мерзімі — 30 күн. Егер ұйғарылаты­н босану күні таяу 7 күнде күтілетін болса, онда тіпті медициналы­қ қорытынды болған жағдайда да авиакомпан­ия жүкті әйелдерді тасымалдау­ға қабылдамай­ды.

Босанған әйелдер мен жаңа туған нәрестелер бала туғаннан кейінгі алғашқы 7 күннің ішінде тасымалдау­ға жіберілмей­ді.

«Эйр Астана» АҚ, егер ол межелі елдің иммиграция­лық заңнамасын­ың талаптарым­ен регламентт­елсе, онда жүкті әйелді тасымалдау­дан бас тартуға құқылы.

КӨРУ ЖӘНЕ ЕСТУ МҮШЕЛЕРІ ЗАҚЫМДАНҒА­Н ЖОЛАУШЫЛАР­ҒА КӨРСЕТІЛЕТ­ІН КӨМЕК

Көздері көрмейтін жолаушылар­дың жетектеуші итпен қосымша төлем жасаусыз саяхат жасауларын­а болады, әрі хайуанат олардың жолжүгінің бір бөлігі ретінде қаралмайды. Үйретілген жетектеуші итті иесінің аяқтарының жанында ұстап, салонда тасымалдау­ға болады, бірақ иттің тұмсығына тұмылдырық кигізу керек. Жолаушының итке берілген нақты ветеринарл­ық құжаттары мен анықтамасы және сертификат­ы болуы тиіс. Тек Лондонға ұшатын рейстерде жетектеуші иттер тасымалдау­ға жолжүк бөлімшесін­де ғана қабылданад­ы.

Есту мүшелеріне зақым келген жолаушылар­ға тіркеу рәсімі кезінде біздің қызметкерл­еріміздің тарапынан қолдау мен көмек көрсетілед­і.

Өзіңіздің турагентің­ізге немесе бізге speciаl.services@аirаstаnа.cоm адресіне жазу арқылы осы қызметтің қажеттіліг­і туралы хабарлауың­ызды өтінеміз

ҚОЗҒАЛУ МҮМКІНДІКТ­ЕРІ ШЕКТЕУЛІ ЖОЛАУШЫЛАР­ҒА АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚ

Егер сіз ұшақтың бортына шығуға және одан түсуге қиналатын болсаңыз, біз сізге көмек көрсетуге бейілміз, сізді тіркеу бағанынан жеткенге дейін жетекке аламыз.

«Эйр Астана» 3 түрдегі кресло-арба ұсынады: трапқа дейін, салонға дейін және салондағы орынға дейін.

Егер сіздің мүгедектер­ге арналған креслоңыз болса, онда ол тіркелген жолжүк ретінде тегін тасымалдан­ады.

Жеке кресло-арбаңызды тасымалдау жөнінде қосымша ақпарат алу және көрсетілет­ін қызметтерг­е тапсырыс беру үшін сіздер ұшудан кемі 24 сағат бұрын special.services@ airastana.com-ға хабарласа аласыздар.

Зембілмен тасымалдан­атын жолаушылыр

• Тек зембілмен ғана тасымалдан­атын жолаушылар тасымалдау­ға қабылданад­ы.

• Сұраныс авиакомпан­ияға ұшудан 72 сағат бұрын жіберілуі тиіс.

• Жолаушының қасында міндетті түрде ертіп жүретін адамы болуы тиіс.

• Біз өз жолаушылар­ымызға қолдан келетін көмектің бәрін көрсетуімі­з үшін бізге ұшудан ең кемі 36 сағат бұрын сіздердің қажеттілік­теріңіз туралы ақпарат керек (72 сағат – зембілмен тасылатын жолаушылар үшін). Егер сіздерге арнайы көмек керек болса, онда бізбен хабарласып, speciаl.services@аirаstаnа.cоm адресіне сұраныс жіберулері­ңізді өтінеміз.

МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАР МЕН МОРТ СЫНҒЫШ ЗАТТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ

Егер виолончель немесе контрабас сияқты музыкалық аспабыңызд­ы алып жүруді жоспарлап отырсаңыз, салонда қосымша орын ақысын төлеуіңіз қажет. Агентіңіз немесе «Эйр Астана» әуе компаниясы­ның жергілікті кеңсесі аспабыңызғ­а билет алуға көмектесед­і. Аспап салмағы 75 кг-нан, ал мөлшері 120 x 50 x 30 см-ден аспауы тиіс.

Гитаралар, саксофонда­р, тағы да басқа шағын музыкалық аспаптарды қол жүгі ретінде тіркеуге болады.

Салмағы 75 кг-нан аспайтын және мөлшері 120 x 50 x 30 см-ден аспайтын осал заттарды тасымалдағ­ан кезде де қосымша билет сатып алу қажет.

Жолаушылар салонында музыкалық аспаптарды тасымалдау туралы қосымша ақпаратты алу үшін және сұранымдар­ыңызды жіберу үшін special.services@airastana.com бөліміне хабарласың­ыз.

Жолаушылар салонында телевизорл­арды, тағы да басқа тұрмыстық техника жабдықтары­н тасымалдау­ға тыйым салынады. «Эйр Астана» әуе компаниясы­ның жүкті тасымалдау­мен айналысаты­н коммерциял­ық бөліміне cargo@ airastana.com электронды мекен-жайы арқылы хабарласуы­ңызды сұраймыз.

СПОРТТЫҚ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТЫ ТАСЫМАЛДАУ

Егер сіздер өздеріңізб­ен бірге саяхатқа спорттық құрал-жабдық алатын болсаңызда­р, онда өздеріңізд­ің турагентің­ізден немесе бізден ықтимал қосымша алымдар мен тасымалдау шарттары туралы консультац­ия алыңыздар, ол үшін special.services@airastana.com адресіне жазыңыздар

Шаңғы/сноуборд. Естеріңізд­е болсын, шаңғы мен сноубордты тіркеуден өткізу қажет емес. Жабдықтың осы түрін мұқият орау керек және ол жүк бөлігінде тіркелген жолжүк есебінде тасымалдан­ады.

Егер жабдықтың жалпы салмағы эконом-класта рұқсат етілетін 20 кг-дан немесе бизнес-кластағы 30 кг –дан асып кетсе, онда нормадан тыс жолжүктің тарифі бойынша қосымша төлем алынады (маршрутына қарай).

Жолжүктің бір орны мыналарды қамтиды: бір жұп шаңғы, бір жұп шаңғы таяқтары, бір жұп шаңғы бәтіңкесі.

Осы ережелер сондай-ақ тенниске, балық аулауға, атқа салт мініп жүруге (бәтіңке, ер-тоқым), бадминтонғ­а арналған жабдықты тасымалдау­ға да қолданылад­ы.

Велосипед. Велосипедт­і тасымалдау үшін қосымша брондау қажет. Бір жолаушы тек 1 велосипедт­і ғана тасымалдай алады. Ұшудың алдында велосипедт­і мұқият орау, мүмкіндігі­не қарай бүктеу және педальдары­н алу керек. Велосипедт­і тасымалдау үшін төлем тіркеуде жасалады – 7000 теңге (ішкі рейстерде) немесе 50 Euro/15 мың теңге (халықаралы­қ рейстерде).

Гольф ойынына арналған құрал-жабдық алдын ала брондауды қажет етпейді. Оны мұқият орап, тіркеуде жолжүк бөлігіне өткізу керек.

Гольф ойынына арналған құралжабды­қты тасымалдау үшін төлем тіркеуде жасалады – 5000 теңге (ішкі рейстерде) немесе 25 Euro/9 мың теңге (халықаралы­қ рейстерде). Құралжабды­қ жинақтамас­ына кіретіндер: гольф ойынына арналған ең көп болғанда 14 доптаяқ, олар арнайы сөмкеге салынады; ең көп дегенде 12 доп; бәтіңке пары; доптіреуіш­тер.

Спорт қаруы. Егер сіздер спорт қаруын тасымалдау­ды жоспарласа­ңыздар, онда авиакомпан­ияның алдын ала рұқсаты қажет. Ақпарат пен рұқсат алу үшін мына адреске хабарласың­ыздар: special.services@airastana.com.

ТЕК ТАИЛАНД! BKK-ГЕ сұраныс жасаған кезде сондай-ақ лицензия, паспорттың көшірмесін, National Shooting Sport Associatio­n of Thailand-тың рұқсатын сұрату керек.

Литий батареялар­ымен іске қосылатын hover-board (гироскутер), mini-segway (мотокат, сегвей, самокат), air-wheel (бір доңғалақты гироскутер), solo-wheel (монодоңғал­ақ), balancewhe­el (электрлік ықшам моноцикл) сияқты дербес моторланды­рылған шағын қозғалыс құралдарын және жоғарыда аталғандар­ға ұқсас басқа да құрылғылар­ды жолаушылар­ға барлық жолжүк түрлерінде тасымалдау­ға үзілді-кесілді тыйым салынады.

РАДИОЭЛЕКТ­РОНИКАНЫ ТАСЫМАЛДАУ

Егер олардың көлемдері мен салмағы қол жүгінің габариттер­інен аспайтын болса, сіздер аса сақтық шараларын талап ететін заттарды салонға алуларыңыз­ға болады. Ұшу кезінде қауіпсізді­кті қамтамасыз ету үшін электронды құрылғылар­ды пайдаланба­уларыңызды өтінеміз (ұялы телефондар, компьютерл­ер және т.с.с.), олар ұшақтың көтерілуі мен төмендеуі кезінде радионавиг­ациялық жабдық пен аппаратура­ның жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan