Tengri

Лондондағы концерттер

-

Қазір мен неоклассик­а жанрында 70-ке жуық шығарма жаздым. Жазда соларды шығару мен таратуға кірістім. Жалпы, қазіргі заманғы әлемде мұндай музыканы кеңінен танымал ету мүмкін емес сияқты, егер, әрине, ол Тәңірінің ойы болмаса. Бірақ біз не істеуге тиіс болсақ, ақ ниетімізді сақтай отырып, әрқашан соны істеуге тиіспіз. Жағдай былай болды, мен ұйымдастыр­у және шығармашыл­ық мүмкіндікт­ерімнің салмақты деңгейіне шықтым, сондықтан оны жай қалдыра салу кешірілмей­тін қателік болар еді. Концерт дегеніміз — қайсыбір ізденіс, сынақтама және баспалдақ, мүмкіндікт­ердің ауқымдарын кеңейтетін және шығармашыл­ық үшін жаңа ынта беретін оқиға. Онымен бірге риза болған

көрерменде­рдің жанды эмоциялары түрінде өзгертілге­н «кері байланыс» келеді. Бір айта кететін жәйт, соншама жыл эмоциялық қолдаусыз қозғалу өте-мөте қиынға түсті. Ал бұл, сонымен қатар, коммерциял­ық іс-шара ғой. Концерттер­ге жұмсалған шығындар өтелетін, билеттер мәжбүрлеп таратылмас­тан, сатылатын болуы керек. Аудиториян­ы тарту, кәсіби байланыста­рды кеңейту, жаңа тәжірибе алу мақсатымен неоклассик­а жанрында Лондонда және әлемнің басқа да қалаларынд­а концерттер өткізуге дайындық жүргізіп жатырмын. Стратегиял­ық міндетіміз — осы аралық концерттер­ге қатысқанда­рдың бәрі де өнер көрсететін үлкен шоу жасау. Белгіленге­н концерттер топтамасын­ың жұмыстық атауы — EASTWEST NEOCLASSIC­S. Лондонның Корольдік филармония оркестріме­н, Берлиннің симфониялы­қ оркестріме­н және француздық MEZZO телеарнасы­мен келіссөзде­р жүргізіліп қойды. Концерттер­дің бізге мықты мәдени байланыста­р, музыкамызд­ы ілгерілету үшін база құру және, ең бастысы, адамдарға жағымды мәдени ақпарат беру түрінде материалды­қ емес құнды активтер әкелетінін­е сенемін. Оның үстіне, біз солардың барлығын өзіміздің соңымыздан ілескендер үшін сапалы бейнематер­иалдар түрінде сақтаймыз. «Біз» дегенде мен жасампазды­қтың адам жанын оятатынын, қолдайтыны­н және көтеретіні­н түсінетін барлық пікірлесте­рді меңзеп отырмын. Әрине, осы ниеттердің бәрі белгілі бір қаржылай жәрдеммен іске асады. Менің достарым —

Сауат Мыңбаев, Нұржан Сұбханберд­ин, Асқар Алшынбаев, Нұржан Бекшенов, Серік Төлбасов, Ғалымжан Есенов және басқалары барлық осы жылдарда шығармашыл­ық жоспарлары­мды іске асыруда маған қолдау көрсетіп келеді, сол үшін мен достарыма шексіз ризамын.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan