Ат бәйгесі маусымының жабылуы
Бұрынғы Кеңес Одағының ең ескі ипподромдарының біріне бару мүмкіндігін қалт жіберіп алмаңыздар, оған 87 жыл толды. Алматы ипподромы салт мінетін және желісті жылқы тұқымын сынайтын орталық ретінде 1930 жылғы наурыз айында ашылды. Бүкіл әлемге танылған асыл тұқымды айғыр, 1960 жылғы Олимпиада чемпионы Абсент осында бапталды. Маусымның жабылу күнінде мұнда жарыстар өткізіледі және жүлделер ойнатылады, олар: күзгі жүлде, ат бәйгесі маусымының жабылу жүлдесі және әр жылдардағы ағылшын асыл тұқымды жылқыларының арасындағы қоштасу жүлдесі, оларға ұтыстар тігуге болады. Айтпақшы, жай жұмыс күндері ипподромға экскурсия жасауға тапсырыс беруге: атқораларды, жаттығуларды көруге, шабандоздармен сөйлесуге, сондай-ақ атқа салт мініп жүру сабақтарын алуға болады.
Қашан және қайда: 15 қазан, Алматы ипподромы, Омаров к-сі, 10а, тел. +7(727)294-86-02.