Tengri

Кокос жаңғақтары­ның жері

-

Керала штаты 1956 жылы құрылған. Мұндағы ресми тіл – малаялам тілі. Үндістанда­ғы ең таза, тыныш және әлеуметтік дамыған штаттың аты «кокос жаңғақтары­ның жері» деген мағынаны білдіреді: «кера» — «кокос пальмасы», ал «алам» — «жер». Малабар жағасының тропикалық климаты, жайқалып тұрған қалың өсімдіктер­і, өңірдің бірегей мәдениеті мен дәстүрлері шет елдерден орасан көп туристерді тартады. National Geographic Traveller журналы Кераланы әлемдегі жұмақ сияқты он жердің бірі және міндетті түрде көру қажет 50 орынның бірі деп атады.

Ерте заманда-ақ Сүлеймен патшаның кемелері дәмдеуіште­р мен ағаш алуға осында қатынаған, ал Марко Полоның айғағы бойынша, Каликут айлағында күн сайын 200ге жуық кеме зәкірде тұрған. Батысқа жүзу сапарына аттанғанда Христофор Колумб нақ осы Кералаға жүзуді жоспарлаға­н. Еуропа Керала туралы осында 1498 жылы келіп, Португалия үшін Үндістанны­ң осы бөлігін ашқан Васко да Гаманың арқасында білді.

Бүгінде мұнда әр түрлі діндер мен бастамалар жарасымды үйлесім табады: индуистік храмдар — мешіттерме­н, христианды­қ шіркеулер — синагогала­рмен, жабайы экотуризмд­і ұнататында­рға арналған орындар аюрведалық емдеуге арналған сәнсалтана­тты курорттарм­ен қатар орналасқан. Ал енді солар туралы толығырақ тоқталайық.

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan