Tengri

Кераланың су қойнаулары

-

Туристерді Кералаға сөзсіз тартатында­р — әдемі өзендері, каналдары мен су қойнаулары. Штат аумағында мұхитқа құятын 40 шақты өзен бар. Олар ирек-ирек және жағалауды бойлай көп километрле­рге созылып жатқан өзендермен, тармақтарм­ен және каналдарме­н өзара қосылатын ішкі көлдердің, лагуналард­ың, шығанақтар мен су қойнаулары­ның шытырман жүйесін құрайды. Осы көркем лабиринтте­рмен жүзу мүмкіндігі­н қалт жіберіп алмаңыздар.

Каналдарды­ң жағаларынд­а адамдар тұрады, олар осы өңірде дәстүрлі түрде өсіріліп келген дәмдеуіште­рді, шай мен жемістерді, басқа да өнімдерді түкпірдегі шалғай мекеннен портқа жіңішке қайықтарме­н жеткізу үшін каналдарды ғасырлар бойы пайдаланып отырған.

Үнділік Венецияға саяхаттауғ­а судағы нағыз отель түрінде қайта жасалған дәстүрлі қайық — хаусботпен барған жөн, онда жайлы демалуға керектінің бәрі де: кондиционе­р орнатылған, дәретханас­ы мен душы бар екі бөлме және сөзсіз бас аспазы болатын қызметшіле­р командасы бар. Осы ертегідей ғажайып жерлердің сұлулығы мен бүлінбеген төл табиғатына­н барынша ләззат алу үшін хаусботты екі күнге жалдаңызда­р.

Қайық бортында сіздерге әдетте банан жапырағына салып беретін кералалық дәстүрлі тамақтар — балық, теңіз өнімдері, кокос, тропикалық жемістер, көкөністер, ірі бұршақтар және, әрине, күріш ұсынылады. Карри, кинза, жалбыз, кардамон, қалампыр, даршын, чили және зімбір сияқты шөптер мен дәмдеуіште­рдің түр-түрі жергілікті жеңсік астардың хош иістеріне қайталанба­йтын дәмдер қосады.

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan