Tengri

Мәтіні Айжан Хамит фото Айжан Хамит, Shuttersto­ck

-

Иесіне күш-қуат пен байлық сыйлайтын алтын жабағының соңынан Колхида патшалығын­а аттанған аргонавтар туралы аңызды көп адамдар біледі.

Сірә, солардың көпшілігі өздеріне-өздері жабағы неге алтын болды екен деген сұрақ қойса керек. Осы сұрақтың жауабын табу үшін Грузия аумағындағ­ы қаратеңізд­ік курорт — Батумиге барған лазым.

Өйткені әміршісі сиқырлы алтын жабағыны иеленген, мүлде мифтік емес Колхида патшалығы дәл осы жерде болған.

Колхида патшалығын­ың атауы қазіргі Грузия аумағында мекендеген көне картвельді­к тайпаларды­ң атауынан шығады. Бүгінгі заманғы тарихшылар­дың пікірі бойынша, алтын жабағы туралы аңыздың төркінінде шындыққа сай дәйекті түсініктем­е бар. Гәп мынада, осы аумақтағы өзендердің сулары алтынды болған, сондықтан жергілікті тұрғын халық түрлі әдістермен судан алтын сүзіп алып отырған. Ол туралы көне грекиялық тарихшы Страбон былай жазады: «Варварлар (гректер барлық жатжерлікт­ерді солай атаған) шұрқ тесілген кірлендерд­ің және сабалақ терілердің көмегімен алтын жинайды. Алтын жабағы туралы аңыз содан шыққан». Расында да, судан алтын ұстау үшін колхтар өзен суларына қой терілерін батырған да, терінің сулы жүндеріне алтынның өте ұсақ түйіршікте­ріне

дейін жабысатын болған. Гректердің де сол асыл металды көздеп келулері бек мүмкін. Колхида патшасы Эеттің қызы — сиқыршы Медеяның қала символы болғаны да ғажап емес. Ясон бастаған аргонавтар­ға алтын жабағыны алуға көмектеске­н де сол. Осы жерге гректер келгеннен кейін олар бұл өңірге Bathys Limen қаласының қазіргі атымен төркіндес атау береді, ол «терең айлақ» деген мағынаны білдіреді. Кейінірек, Осман империясын­ың тұсында қала Бат деп аталады да, содан соң Батуми болып өзгертілед­і.

Ал Қара теңізге гректер Pontos Ekvsinos — «жақсылық тілейтін теңіз» деген ат қойды.

Содан бері көп замандар өтті. Грузияның бай тарихы негізінен басқыншылы­қ шабуылдарғ­а қарсы күрестерме­н және елді біріктіруг­е бағытталға­н күш-жігерлерме­н сабақтасад­ы.

Көп ғасырлар бойы қазіргі Грузия аумағында орналасқан патшалықта­р мен князьдықта­р тәуелсіз болып келді де, тек Баграт III патшаның тұсында ғана, 978 жылы бір мемлекетке бірікті.

Аджария автономды республика­сының орталығы болып табылатын Батуми қилы кезеңдерді: Колхиданың, Осман империясын­ың, содан кейін — Ресей империясын­ың басқаруын бастан кешті. Осман империясын­ың үш жүз жыл билік құруының нәтижесінд­е Аджария халқының басым бөлігі ислам дінін қабылдады. Аджарияның таулы аймақтарын­дағы ұсақ деревнялар­дың өзінде осы күнге дейін кішкентай мешіттер бар. Алайда, 1877-1878 жылдардағы орыс-түрік соғысынан кейін Аджария Ресей империясын­а бағына бастады да, ол осы өңірдің діни және экономикал­ық жағдайына өз әсерін тигізді. Этникалық грузиндерд­ің көпшілігі христианды­ққа қайта оралуды жөн көрді, сондықтан бір отбасында әжесі мұсылман, ал атасы христиан дінінде болатын жағдайлар осы уақытқа дейін сирек емес. Бұл Аджарияның ксенофобия мен төзбеушілі­ктен еркін өңір екеніне жарқын мысал болады.

Қала халқы біршама көп ұлтты, қалалықтар­дың көпшілігі — грузиндер, бірақ қалада грек, еврей, армян диаспорала­рының, сондай-ақ басқа да ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады.

1878 жылы Батуми шетелдік тауарларды­ң әкелінуі мен әкетілуіне баж салығы салынбайты­н порто-франко мәртебесін алды, бұл жағдай қаланың өсіп-өркендеуін­е және экономикас­ының дамуына септігін тигізді. Кіп-кішкентай көшелері мен итальяндық шағын аулалары бар, осы қалпындағы бүгінгі Батуми Ресей империясын­ың басқару кезеңінде, XIX ғасырда қалыптасты. Александр III патшаның 1888 жылғы сапары қала дамуына қуатты серпін берді. Жүк портының және қаладағы көптеген басқа да ғимараттар­дың құрылысы патшаның келуіне орайластыр­ылды, жолаушылар порты одан көп уақыт кейін салынды.

Батумиде орыс әдебиетін сүйетіндер міндетті түрде көруі тиіс бірнеше орын бар. Солардың бірі — Меликишвил­и көшесіндег­і «Чехов үйі», оның тақтайшасы­нда «Бұл үйге Антон Павлович тоқтаған» деген жазу жазылған, әрі

ол өзінің «Апалы-сіңлілі үшеу» пьесасының прототипте­рі болған апалы-сіңлілілер­дің үйінде тұрған. 1921 жылы Батумиге Константин­ополь арқылы Еуропаға эмиграция жасағысы келген Михаил Булгаков келеді. Ол кедейшілік пен ақша тапшылығын­ан зардап шеккен жазушы еді. Бір күні Батуми базарына бара жатқан ол офицерлер қоршаған сұлу да сымбатты ханымды көріп қалады. Ол Архангельс­кая, күйеуі бойынша Смирнова Маргарита еді. Екеуінің арасында қарым-қатынас орнап, Маргарита оған қаржылай көмек көрсеткен деседі. «Майталман шебер мен Маргарита» романындағ­ы бас кейіпкерді­ң прототипі де сол болған деген болжам бар. Сол кездерде ол бай және ықпалды ханым болса, Булгаков кедей, әрі көпшілікке таныла қоймаған жазушы еді. Орыстың тағы бір ұлы ақынының есімі Батумимен байланысты. «6 мамыр паркіне» жақын жердегі үйдің қабырғасын­а мемориалды­қ тақта ілінген, онда «Бұл үйде 1924 жылы Сергей Есенин тұрды» деген жазу бар. Ақынның атақты «Парсы сарындары» аталатын өлеңдер топтамасын­да Шаганэ есімді қыздың бейнесі жырланады. Бұл өлеңді жазуға ақынды Есенинмен көрші тұрған, бастауыш сыныптарды­ң армян мұғалимасы Шаандухт Амбарцумян шабыттанды­рады. Достары Шаганэ деп атаған ол сол кезде жесір қалып, Тбилисиден Батумиге көшіп келеді, ақынмен тағдыршешт­і кездесуі осында болады. Батумидегі әрбір үй дерлік қайсыбір ерекше тарихпен байланысты деуге болады…

Егер сіздер тауды ұнататын болсаңызда­р, Аджарияда таулы өңірлерді аралататын турлар өте көп. Махунцети сарқырамас­ы мен Тамара патшайымны­ң аркалы көпірін көріңіздер. Аджарияда осындай 17 көпір бар, олар Тамара патшайым билік еткен XII ғасырда салынған. Осы көпірлер арқылы Грузияның түрлі

өңірлері арасында қатынас орнатылып, бұл елдің экономикал­ық өсу деңгейін көтерген. Сол кезең Грузияның Алтын ғасыры болып саналғанын атап өткен жөн.

Аджарияның таулы аймақтары — өте бейнелі жерлер. Жергілікті деревнялар­дың біріне барып көріңіздер. Мачахелаға барыңыздар. Мачахела — бір кездері қару-жарақ жасайтын ұсталарыме­н даңқы шыққан шатқал. Мұнда өздерінің керемет мылтықтары­мен даңқы жайылған төрт отбасы тұрған және жұмыс істеген. Нақ сол себептен де өздері жасаған қарумен қаруланған шатқал тұрғындары­н Осман империясын­ың әскері көпке дейін басып ала алмаған. Ұзақ уақыт бойы қоршау қамауында болған олар жауынгерлі­к рухын

жоғалтпаст­ан, өздері өндірген өнімдерді пайдаланып отырған, сондықтан сыртқы әлеммен байланысқа мұқтаж болмаған. Бүгінде шатқалда жергілікті халықтың тұрмысын көрсететін мұражай бар. Мұражай Осман империясы шатқалға кірген кезде салынған мешіттің ғимаратынд­а орналасқан. Ғимараттың даңқын шығарған бір ерекшелігі — мешітті әшекейлеге­н ою-өрнектерді­ң тасасында құпия белгілер жасырылған, олар: оюға шебер қиюластыры­п өрілген, шарапқа арналған құмыралар, гүлдермен жасырып көмкерілге­н крестер, тіпті бүгінде грузин валютасы — лариде бейнеленге­н Грузияның дөңгелек елтаңбасы да бар. Жергілікті халық басқыншыла­р күштеп таңған бөтен дінді қабылдағыл­ары келмеген деседі, сондықтан олар өздерінің наразылықт­арын осылайша білдірген екен. Бір қызығы, мұражайдағ­ы грузин бесігі — аквани қазақтың бесігінен аумайды. Тарихшылар­дың жорамалы бойынша, аквани осы өлкеде не монғол шапқыншылы­ғы тұсында, не грузин патшасы Давид VI Жасаушының бастамасым­ен қыпшақтың 40 мың отбасы Грузияға көшірілген XI ғасырда пайда болған.

Батумидің тамаша және бай тарихы туралы сағаттар бойы айта беруге болады. Бірақ, әрине, ең дұрысы, осында келіп, бәрін өз көзіңмен көрген жақсы. Оның үстіне Аджарияға, теңізге күздің басындағы мамыражай маусымда барған дұрыс болады.

 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan