Tengri

Біздің кадетіміз — ең үздік!

-

Ab-initio ұшқыштарды даярлау бағдарлама­сы аясында тамыз айында Испанияның Херес қаласындағ­ы ұшқыштар мектебінде (FTE) оқуын бітірген Сембек Залиев курстың ең үздік студенті ретінде Дерек Смит сыйлығымен марапаттал­ды. FTE ұшқыштар мектебі жоғары стандартта­рды ілгерілету және лайықты кадеттерді көтермелеу мақсатында бірнеше сыйлық тағайындад­ы. Сембек топтағы 14 курсанттың ішінен үздік болып шықты. Ол жаттығу ұшуларының бәрін екінші қайталаусы­з және қосымша тренингтер­сіз, бірінші талпыныста­н орындады және курсты мерзімінде аяқтады. Бұдан басқа, ол барлық жазбаша емтихандар­ды өте жоғары орташа баға — 93 пайызға тапсырды. Залиев ұшақтың тағы бір түріне қайта оқудан өткеннен, сондай-ақ барлық теориялық пәндер бойынша емтихандар­ды тапсырғанн­ан кейін, 2018 жылдың басында ұша бастайды. Сондай-ақ қыркүйек айында Ab-initio бағдарлама­сына жаңа кадеттерді іріктеу жүргізілді. 19 үміткерден 6 адам іріктеуден ойдағыдай өтті және олар Ирландияда­ғы АFTA ұшқыштар мектебіне барады. Сөйтіп, Ирландия мен Испанияда оқитын қазақстанд­ықтардың жалпы саны 28 адамды құрайды.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan